Қазақстан құрамасы XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарына қатысады

АСТАНА. 18 шiлде 2013, 08:49. BNews.kz Фото: akipress.org
«Бұл жарыста Қазақстан атынан ең нәтижелі атлет Серік Нұрғалиевтің басшылық етуімен 5 спортшы өнер көрсететін болады», — делінген хабарламада.
Команда капитаны әлемнің он дүркін чемпионы әрі рекордсмені, құқық қорғаушы органдар арасында Еуропа чемпионы, күштік құрылымдар арасындағы біріншіліктердің 27 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль иегері болып табылады.
Белфастте өтетін XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер олимпиадасында әлемнің 70-тен астам елінен шақыртылған 25 мыңға жуық көрермен қатысады деп жоспарлануда. Оған қоса 56 спорт түрі бойынша сынға түсетін құқық қорғау органдарының 10 мыңға жуық қызметкері тағы бар.
Үш күштік спорт түрінен (бенчпресс, пушпуллифтинг, армрестлинг) сайысқа түсетін Серік Нұрғалиевтен бөлек, ойындарда ОҚО-дан құқық қорғау органдары арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы Асқар Жандаров (дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес), Астанадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері Талғат Қожабаев (дзюдо, грек-рим күресі), Алматыдан Абдусанат Шарафов (бокс, карате), ШҚО-дан ҚР спорт шебері Асхат Елеубаев (дзюдо) сынды спортшылар бақ сынаспақ.
