Қызылордалықтар ауыр атлет Александр Зайчиковты әуежайда қошеметпен қарсы алды
Қызылордалықтар Қазанда өткен универсиадаға қатысқан ауыр атлет Александр Зайчиковты әуежайда қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы Bnews.kz Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Ақерке Жоламанова.
«Александр Зайчиков біздің университеттің «Денешынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студентті. Ол Қазанда өткен 7-ші Халықаралық унивесиадада 94 келіге дейін ауыр салмақта жалпы есепте 375 келі салмақ көтеріп (168+207 — Авт.) күміс медаль иеленді. Әуежайда Александр Зайчиковты оқу орнының ректоры Қылышбай Бисенов бастаған университет делегациясы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, спортшылар мен студенттер салтанатты түрде қошеметтеп қарсы алды. Олар Спортшыны жетістігімен құттықтады», — дейді баспасөз хатшысы.
Спортшының жаттықтырушысы Вилорий Пак оның қазан айында ауыр атлетикадан әлем біріншілігіне қатысатынын айтып өткен. Варшавада өтетін ауыр сынаққа дайындықты спортшы универсиададан тыныққаннан кейін бастайды.

