Мазмұнға өту

Жаңа

Сегізінші күн

Бәріңе сәлем!Бүгінгі күн өте керемет өтті.Бүгін біз жылап та,қуанып та үлгердік.Себебі,бүгін біз шахтерлар қаласы болып табылатын-көмірлі Қарағандыға жол тартқан болатынбыз.Біздің бұл қаладағы ең бірінші аялдамамыз-КарЛаг мұражайы болды.КарЛаг - жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде ұйымдастырылған ГУЛАГ (Қазақ КСР Халық комиссариатына (НКВД) қарасты лагерьлерінің Бас басқармасы) деп жинақтап алынған атымен жүздеген лагерьлердің бірі болған.Бұл лагерде қазақ халқының көптеген аса дарынды және парасатты ұлдары «контрреволюциялық қастандық жасаушы», «террористік әрекеттерді ұйымдастырушы», «Жапонияның тыңшысы», т.б. ойдан шығарылған өтірік айыптаулардың құрбаны болды. Оларды бүкіл елдің алдында «халық жауы» деп қаралап, балаларын ата-анасынан,әйелдерін күйеулерінен айырған. Осындай сұмдық жайтт…

0
0
805

«Құтқарушы»

Әр сенбі және жексенбі күндері, сағат 12:50-де екі бөлімі қатар көрсетілетін телехикая - «Құтқарушы». Ол кешікпейді. Ол келеді. Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.

0
0
215

Қазақстан мен Беларусь қарулы күштері: біртұтас құқық қолдану түсіністігіне қол жеткізілді

Бүгін Астанада, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының базасында, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы басшылығының Беларусь Республикасы сарапшыларымен кездесуі болды. Беларусь делегациясын Беларусь Республикасының Әскери прокуроры әділет генерал-майоры Александр Драница бастап келді. Қазақстан әскери ведомствосының басшылығы атынан меймандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев қарсы алды. Кәсіби қызмет мәселелерінде тәжірибе алмасу кездесудің басты мақсаты болды. Құқық тәртібін жүзеге асыру саласындағы құқықтық механизмдерді қамтамасыз етудегі өзара тиімді ортақ нүктелер табуға айрықша назар аударылды. Беларусь Қарулы Күштерімен қызметтік іс-әрекеттерді ұй…

0
0
415

Универсиадада самбошы Ділдаш Күрішбаева Қазақстан құрамасына қола сыйлады

Қазанда өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық сомбошы қыз Ділдаш күрішбаева 68 келі салмақта қолаға қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

«Үшінші орынға талас кезінде Д.Күрішбаева Беларусь споршысы Ольга Намазованы 3:0 есебімен ұтты. Бұл қола жарыстың аяқталуына бір күн қалғандағы  Қазақстанның алғашқы медалі болды», — деп көрсетілген хабарламада.

0
0
406

Теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың долларды құрайды

22-28 шілде аралығында Астанада өтетін теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың долларды құрайды, деп хабарлайды Vesti.kz. «Жеңімпаз атағы үшін ерлер де, әйелдер де жарысады. Кубок иесіне шамамен 18 мың доллар беріледі. Қазақстан теннис федерациясының ақпараты бойынша, ұлттық рейтингтің бірінші нөмірі Михаил Кукушкин жарысқа қатысатынын растады», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, астаналық жарысқа халықаралық классификациядағы қазақстандық жетекші теннисші – АТР 141-ші нөмірі Андрей Голубев қатысады. Әйелдер арасында Ксения Первак сынаққа түсуге ниет білдірді. Еске сала кетсек, Михаил Кукушкин 2011 жылы осы жарыстың жеңімпазы атанған болатын. Ал Андрей Голубев 2008 және 2009 жылдары Астанада ең мықты теннисші екенін екі рет дәлелдеді. Ойынға жанкүйер боламын деушілер…

0
0
349

Astana Arlans мықты боксшыларды еліміздің түкпір-түкпірінен іздейтін болады

Қазақстандық Astana Arlans клубы еліміздің түкпір-түкпірінен өз командасына шақырғысы келетін дарынды боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі. «Құрамды жиынтықтау бойынша жұмыс басталды. Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымында салмақ дәрежелерінің саны (бестен онға дейін) ұлғаяды. Барлық командаларға өз құрамдарын ұлғайтуға тура келеді. Шетелдік спортшылардан басқа клуб құрамында қазақстандықтардың саны ұлғаймақ», — делінген ақпаратта. Astana Arlans бас директоры Болат Мәнкеновтың айтуынша, олар облыстық бокс федерацияларына өз командаларына қажетті боксшылардың тізімін таратты. Кейбіреулері келісімдерін беруде. Тағы бір тізім республикалық федерацияға берілді. Онда әлем чемпионатына қатыспайтын Қазақстан құрамасының мүшелері көрсетілген. Сондай-ақ, өткен маус…

0
0
409

Қазақстандық Бағдат Жарылғасов Универсиаданың күміс жүлдегері атанды


Самбошы Бағдат Жарылғасов 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Sports.kz.

«Финалдық жекпе-жекте Жарылғасов Ресей өкілі Илья Хлыбовтан 0:1 есебімен жеңілді. Еске сала кетсек, бұғанға дейін осы сайыс бойынша Қазақстанға қола медальды Ділдәш Күрішбаева (68 кг) әкелген болатын», — делінген ақпаратта.

0
0
449