Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыс» — «ҚР Президенті кубогының» иегері

Барыс клубы

АСТАНА. ҚазАқпарат — Хоккейден «ҚР Президенті кубогының» финалында елордалық «Барыс» Ханты-Мансийскінің «Юграсын» 4:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қонақтар сапынан Булянский, Шефер және Хвостов көзге түссе, алаң иелерінен Уппер, Гаврилин және Старченко екі мәрте қақпашыны сан соқтырды. Сөйтіп «Барыс» «ҚР Президенті кубогының» иегері атанды.
Естеріңізге сала кетейік, үшінші орын үшін болған матчта Хабаровскінің «Амур» командасы Подольскінің «Витязін» қапы қалдырған болатын.

«Барыс» - «Югра» 4:3 (1:1, 1:2, 2:0)

Шайбалар:
0:1 - 10:08 Булянский.
1:1 - 19:16 Уппер (Руденко, Гребенщиков).
1:2 - 28:45 Шефер.
2:2 - 29:45 Старченко (Пушкарёв).
2:3 - 33:04 Хвостов.
3:3 - 41:30 Старченко (Руденко, Блохин).
4:3 - 49:25 Гаврилин.

Қақпашылар: Ахонен - Кузнецов.

0
0
345

Лондон Олимпиадасының жүлдегері боз кілемге қайта оралды

Осыдан жарты жыл бұрын өзімен сөйлескенімізде, «алты айдан кейін күресті қайта жалғастырамын» деген еді, енді міне Польшаға балуандарымызды бастап қана бармай, өзі де боз кілемге шықты. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гүзел Манюрова боз кілемге қайта оралды. Польшаның Спала қаласында өткен Poland open халықаралық додасына қатысқан Гүзел 72 келі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, күміспен күптелді. Айта кетейік, ақтық айқаста Манюрова канадалық Эрика Вьебеден жеңіліп қалды. Өз кезегінде Эрика финалға дейін ресейлік Наталья Воробьеваны тізе бүктірген. Естеріңізде болса, Лондон Олимпиадасында Манюрова осы ресейліктен жеңіліп қалған болатын. Дегенмен, Гүзел бапкерлікті де тастамайды. Бұған дейін боз кілемге өткен жылы Канададаөткен әлем чемпионатында шығып, күміспен күптелген ол сод…

0
0
362

Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы жаттығу өткізеді

Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындары және қала қонақтарымен қоса тікелей эфирде таңғы жаттығу өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматыда Спорт күніне орайластырылған қала әкімінің қатысуымен өтетін веложарыс 2013 жылдың 17 тамызына белгіленген. Ол таңертең 8.30-да Тәттімбет көшесінің қиылысындағы әл-Фараби даңғылынан бастау алып, Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасады. Мәре сызығында жобаның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталатын болады, деп көрсетілген хабарламада. Шара концерттік бағдарламаға ұласады. Сондай-ақ, сағат 10-да ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов тікелей эф…

0
0
310

Солтүстік Ирландияда алтыннан алқа таққан полицейлер елге оралды

Астанада Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өткен полицейлер мен өрт сөндірушілердің XV дүниежүзілік ойындарында алтын және күміс медальдар жеңіп алған полиция қызметкерлері Серік Нұрғалиев пен Талғат Қожабаевты әріптестері, спортшылар мен туғандары үлкен қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Екі жыл сайын құқық қорғау қызметкерлері арасында өткізілетін дүниежүзілік ойындар биыл Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында тамыздың бірі мен оны аралығында 20 мыңнан астам спортшының басын қосқан. Олар 56 спорт түрінен күш сынасты. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 13 медаль – 5 алтын, 3 күміс және 5 қола жеңіп алды. 2 алтын алқаны ҚР ІІМ Орталық аппаратының қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бірнеше дүркін әлем чемпионы, құқық қорғау органдары арасында…

0
0
485

Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғаныстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына…

0
0
14204

Нұржұман Ықтымбаев, Алдаш Шалбаев, Назгүл Қарабалина «Дүние жарық» драмасында («Қазақфильм», 2006 ж.). Режиссері: Жанабек Жетіруов

Соқыр қарт теміржолға жақын тұрады. Теміржолды бақылау - баласының мойнына жүктелген. Бір күні қарт теміржолдағы өзгерісті сезеді. Техниканың көрсеткіші мүлдем басқаша. Баласы қайсысына сенерін білмей, дал болады. Өйткені жүздеген адамның өмірі осы шешімге  тікелей қатысты.

0
0
759

«Оз елінің сиқыршысы». Отбасылық фильм (АҚШ, 1939 ж.)

Алыс сапарға аттанғыңыз келсе, теледидар алдына жайғасып отырыңыз. Біз сіздің кез келген арман-тілегіңізді орындайтын қатігез әрі мейірімді перілер мекендейтін Оз қаласына апарамыз.

0
0
504

«Ағайынды Гриммдердің ертегілері». Отбасылық фильм (Германия, 2009 ж.)

Қиял мен шындықтың, жалған мен ақиқаттың арасы. Аңыз-әфсаналардың патшасы - «Ағайынды Гриммдердің ертегілері» отбасылық фильмін дүйсенбі-жексенбі аралығында тамашалаңыздар.

0
0
710

«Әлі есімде...»

Латиф Хамидидің тырнақалды туындысы қайсы? Ал ең үлкен шығармасы ше? Бағдарламада Композитор, ҚазКСР-нің Халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Латиф Хамидидің әндері туралы айтылмақ.

0
0
443