Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құпия айтайық...

Достар! Біз конкурс ұйымдастырғалы біраз уақыт болды. Әзірге біздің порталға жүктелген видеолар саны бесеу. Оны мына жерден көре аласыздар.

Енді біз сіздерге бір қулық айтпақпыз :)

Конкурсымыз әлі жалғасын тауып жатыр, қыркүйекке дейін жалғасатын.

Конкурсымыз 3 тақырыптан тұратын: "Қазақстанның белгілі тұлғалары", "Қазақстанның аймақтары", "Қазақстан тарихы". Ұсынылған бес видеоның бәрі де тек "Қазақстан тарихы" тақырыбында екен. Бұл жерде сіздерге керемет мүмкіндік туып тұр. "Қазақстанның белгілі тұлғалары" және "Қазақстан аймақтары" тақырыбында тез арада видео түсіріп, біздің конкурсқа ұсына қойсаңыз, жеңісті болып кетуіңіз ықтимал. Өйткені, сізде бәсекелес адам аз болады.

Естеріңізге сала кетсек, "Астана - арманымның қаласы" атты шілде айында өткен конкурсымызда жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болған.

Біз сіздерді күтеміз!

0
0
284

Осы тақырып бойынша

Құпия айтайық... - Yvision.kz