«Ақтөбе» – «Динамо» (Киев) ойындарына билет сататын кассалардың саны үш есеге көбейеді
22 тамызда Ақтөбеде Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Ақтөбе» мен «Динамо» (Киев) ФК командалары арасында футболдан Еуропа Лигасының плей-офф матчі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Билет сатылымы 20 тамызда сағат 9.00-де №1-5, №10-14 секторлары алдындағы кіреберіс алаңда және Орталық стадионның 5 кассасында сатылады», — деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімінің сайты Орталық стадион директоры Қажымұқан Демеуовке сілтеме жасап.
Осылайша, жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін, ойынға билеттер 15 кассада сатылатын болады, бұрын тек 5 кассада сатылатын.
Билет құны үлкендерге 1000, балаларға – 500 теңге.
Стадион басшылығы «Ақтөбе» командасының исландиялық «Брейдабликпен» кездесуі алдында билет үшін туындаған қиындықтарға байланысты осындай қадамға барып отыр.
«www.bnews.kz».

