Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Батыс — 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеевтің жетекшілігімен өткізілген «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды.


   

Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша Құрлық әскерлері Әуе қорғанысы күштерімен, Әскери-теңіз күштерімен және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы және Қазақстан Республикасының су бөлігі сызығындағы жағдайды қалпына келтірді.

   

Оқу-жаттығуда Құрлық әскерлерінің бөлімше командирлері мен басқару органдары қарсы шабуылды жүргізу барысында әскерлерді басқару және шартты қарсылас түсірген десанттың көзін жою іс-шаралары бойынша жақсы тәжірибе жинақтай алды. Қарулы Күштер түрлерінің, сондай-ақ өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың келісілген іс-қимылдары жаттығуды өткізудің шешуші сәті болды.

   

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының берген бағасы бойынша бөлімшелер алдарына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындай алатындарын тәжірибе түрінде көрсете алды.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
295

Осы тақырып бойынша

«Батыс — 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды - Yvision.kz