Қарағандыда таеквондодан Қазақстан Республикасының кубогі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат — 17-18 тамыз күндері Қарағандыда ерлер мен әйелдер арасында таеквондо WTF-тан Қазақстан Республикасының кубогі өтеді.Оған еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 1996 жылдан бұрын туылған спортшылар қатысады. Сайыс ерлер арасында 54, 58, 63, 68, 74, 80, 87, +87 кг, ал әйелдер арасында 46, 49, 53, 57, 62, 67, 73, +73 кг салмақ дәрежесінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының кубогі бір жылда бір рет келетін өте маңызды жарыс болып табылады. Сайысқа ұлттық құраманың жаттықтырушылары төрелік етіп, ең мықты спортшыларды таңдап алады.
Айта кету керек, сайыс 17 тамыз күні сағат 10:00-де «Жастар» спорттық-сауықтыру кешенінде басталады. Ашылу салтанаты 15:00-ге белгіленген.
Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы

