Мазмұнға өту

Жаңа

Сағыныш...

Тағы түсіме кірдің.. Өмірде тылсым күштің барына, аруақтардың қолдайтынына сенем. Өйткені сен барсың ол жақта. Жоғарыдан бақылап, қарап, желеб-жебеп жүргеніңе де сенем. Сен кеткелі 5 жылдан артық уақыт өтті. Бәрі кеше ғана болған сияқты. Өзіңмен өткізген бақытты балалық шағымды жиі аңсайтын болдым. Көкіректе түйір болып қатқан бір өксік, өкініш әлі де бар. 5 жылдың ішінде біраз бой түзеп ер жеттім, қазір көрсең қызыңа риза болар едің. Кейде қиналған шағымда, ешкімнен қамқор таппағанда өзіңді қатттттыы сағынып кетем,әже! Әке-шешем бір төбе, бірақ сенің орның бөлек еді, әлі де солай. Түйсігімнен жібек жіптерін өрген апаекем. Орның толмай жүр, енді қайттім. Қуанышымды, жетістіктерімді өзіңмен бөліскім келеді. Қол жетімді заманда бір жүзіңді көру арманға айналды. Аллаға шүкір, жағдайым жаман емес. Тек, сен ғана жетіспейсің, әже! Өзіңді қатты, қатты сағындым, білесің бе?! Ауылға барғанда міндетті түрде бейітіңе барып, қалыңды білем. Тек күт мені, әже! Менің асыл әжем...

1
0
1535

Бір кем дүние....

Адамдарды күйкі тірлік әуреге тым қатты салып жіберді ғой деймін осы. Селкілдеп, тырмысып, тартысып үнемі асығады да жүреді. Ал уақыт деген зымырайды кеп... Ой елегінен өткізсем кеше ғана мектеп табалдырығын аттап жатыр едім, содан соң соңғы қоңырау, универ, оқу, жұмыс, жұмыс, жұмыс болайын деп тұр шамасы. Дүние жинаудан шаршамаппыз, бір жыртығыңды жамайын десең екіншісі мен мұндалайды.Жастардың да жағдайы мәз емес, ақша мен трайбализм жаулаған бір кем дүние әйтеуір.  Күйбең тірліктің қамымен жүріп жұрт өмірінің қалай өткенін де сезбей қалады... Өмірдің жақсаруына не істеу керек? Осылай күн кешудің себебі не, әсіресе қазақтардың. Бұған кім кінәлі? Қайың ба... әлде мемлекет пе? Таңдау өздеріңізде.

1
0
1110

«Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» жаттығуларының шешуші кезеңі өтіп жатыр

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесі шеңберінде «Жауынгерлік достастық-2013» тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өткізіліп жатыр.

 

Оқу-жаттығу барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамалары, бөлімдер мен бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ жауынгерлік есептоптардың еліміздің әуе шебін қорғаудағы дағдысын жетілдіру мәселелері пысықталатын болады. Сонымен қатар, ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күштері мен құралдарының бірлескен жауынгерлік кезекшілікті жүргізудегі өзара іс-қимылдарын көрсетеді. Бұл ретте қойылған тапсырмалардың сәтті орындалуы үшін жеке құрамның жоғары моралді-психологиялық, жауынгерлік және кәсіби сапасын арттыруға барынша мән беріледі.

   

Нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған тактикалық оқу-жаттығуға Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жетпістен астам жауынгерлік есептобы тартылған.

   

Шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға келтірілген әуе шабуылына қарсы жағдайларды туғызу үшін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері оқу орталығының жауынгерлік есептоптары күрделі нысаналық жағдай қалыптастырған.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
422

ДомбыраParty-дің 1 жылдығы

Астана қаласындағы #ДомбыраParty басталған кез.

Алмас Алтай жұлдыз))

#ДомбыраParty - жастың да, кәрінің де көңілінен шығатын жоба.

Шәмші Қалдаяқовтың бүгін туған күні. Соған орай Шәмші әндерінен поппури айтылуда.

#ДомбыраParty-дің тұрақты жүргізушісі - Маралбек.

Кез келген жан #ДомбыраParty жұлдызы бола алады :)

#ДомбыраParty талай жастың тығылып жатқан өнерін шығарады :)

#ДомбыраParty-дің астыскер ақыны - Мерей.

Бүгінгі #ДомбыраParty бұрынғы Патидан өзгерек.

ДомбыраPartyдің видеоларын біздің порталдан көре аласыздар.

http://kaztube.kz/kz/video?category_id=45

 
0
0
550

Конференция күнделігі

Конференцияның 1-нші күні

Біз Гонк Конгқа 9 тамыз күні таңғы сағат 8:15 те қондық. Жалдамалы автобуспен Гонк Конгтағы "Holiday Inn" қонақ үйіне келдік, орналастық. Гонк Конгты бірінші рет өз көзіммен көргенде оны қала екен деп айтуға тілім бармады. Бұл жақтағы үйлердің қабаттары шамамен 40-50, ең кіші үйлердің қаббатары 10-15. Өзі кішкентай қала болғанымен өте дамыған.

Сонымен Викимания 2013 конференциясына келдік. Біз конференцияға келгенімізде адамдар түскі астарын ішіп жатты. Барлығымыз ішке кіріп конференцияның жоспар қағазын алдық. Сосын бізге Вмкимания жазуы бар футболка және бейдж берді.

Ары қарай біз де түскі асымызды ішіп алып, сағат 16:00 де сессияға кірдік. Сессияны менеджер Crisco жүргізді. Ол өз сессиясынды мынадай тақырып қозғады: Неге біз википедияда жазылған адамдар туралы жаза береміз, неге біз бұрыңғы, ескерген адамдарды жаңартып, көркейтіп жазбаймыз"-деген мәселе қозғады. Мәселеміз қызықты және жүйелі түрде болды. Осы тақырыптың айналасында Криско манағы аты өшуге жақын ғұламаларды, даналарды жазуға кеңес берді.

Осымен конференцияның 1-нші күні көзді ашып-жұмғанша өтті де кетті.

Конференцияның 2 күні

Таңғы жетіде тәтті ұйқымызды қимай шақ дегенде көзді аштық. Жуынып, шәйініп конференцияға ат басын бұрдық. Сессияға кіргенімізде Википедияға мақаланы қалай жіберу керектігін, қалай еңгізу керектігін туралы қозғады және еңгізген кездеде оның құқығың, ережесін сақтау керектігн айтты. Тағы бір сессияда "Қазақстан делегациясын" ерекше құрметпен айтып, орнымыздан тұрып ерекше ілтипатқа ие болдық.

Сол сессияда Гонк Конгтағы интернеттің қолданылуына тоқтады. Негізінен интернетті дүние жүзі бойынша 2,7 миллиард адам қолданса, соның 571 миллионы қытайлықтар екен. Бұл жақта бір интернет, бірақ екі система. Қытайда Гуглды қолдануға тыйым салған болса, Гонк Конгта гуглды еркін пайдалануға болады. Тағы бір сессияда мынандай құқық негізін айтып кетті. Википедияға мақала жазып және сурет қоюға бел бусақ, онда суретке түскен адамнан міндетті түрде рұқсат сұрау қажет. Біз ол жақта шет елдік қонақтармен танысып, оларға сувенирлер табыстап тіпті олармен суретке түсіп те үлгердік.

Сосын қытайлықтар Қазақстан делегациясы туралы шағын деректі фильм түсірді, фильмде біздің жерлесіміз Алашымыздың адай күйін тартып барлығын тамсандырды және басқа қыз- балалардан сұхбат алды.

Конференция біткен соң біз бірден Джимми Уэлспен кездесуге кеттік. Онымен кездесу сол Гонк Конг қаласындағы бес жұлдызды қонақ үйде болды. Біз онымен сұхбаттасып, еркін сұрақ қойып жауап алал алдық.

Осымен Қазақстанның жалындаған жас жеткіншектері де Гонк Конгтағы викимания 2013 конференциясының бағалы уақыттарын тиімді пайдалана алды.

Конференция біткесін бізде аздаған уақыт қалды. Қазақстан делегациясы болып кемемен екі сағат тур және бір сағат шопинг жасадық. Осыны болғасын қонақ үйге қайтып оралып, шамалы демалып алған соң, заттарымызды жинастырып алып туған елге жол тарттық.

 

 
0
0
421

Шал фильмін біздің порталдан көре аласыздар

Елімізде "Жыл фильмі" атағына ие болған Ермек Тұрсыновтың "Шал" картинасын енді біздің порталдан тамашалуға болады!

Атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясының желісі бойынша түсірілген бұл фильмде адам баласының қайраттылығы мен өжеттілігі, жігері мен табандылығы көрсетіледі. Фильмнің негізгі идеясы үлкен ойға салады,әсерлі көріністері риясыз көрерменді өзіне баурап алады.

 

 
0
0
601

Өте ұнады

Вчера по казахскому радио один журналист связывалась в прямом эфире с другой своей коллегой в Таразе. Та в свою очередь в прямом эфире освещала какое-то событие, и все бы хорошо и все бы как обычно, если бы не ее фраза, которая привлекла мое внимание – журналистка выразила свое мнение, предварив его словами «маған өте ұнады...»
Журналист выразил свое мнение, ему что-то понравилось в человеке о котором она говорила. Мы редко слышим мнения, все чаще ссылки или резюме. Так редко, что слух выделяет их в потоке эфирного вещания. Я подумал, если мы, как общество, будем мотивировать граждан чаще выражать свое мнение, мы получим (хочется надеется) механизм самоизлечения. Только представьте казахстанцы стали иметь и выражать свое мнение в своей профессии. Люди станут более сфокусированы на делах, на событиях, на поступках своих и чужих. Мы станем более профессиональными и уверенными. Мы станем более ответственными. Кроме этого, мнение людей будет делать их особенными в глазах других, мы станем больше интересоваться и приглядываться к другим, появится больше уважения, появится сближение между людьми, больше доверия, меньше цинизма и ожесточенности.
0
0
612

Қазақстандық дзюдошылар Италияда ардагерлер арасында алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді

Қазақстандық дзюдошылар

ӨСКЕМЕН.  ҚазАқпарат — Италияның Турин қаласында тамыздың 2-12 аралығында өткен ардагерлер арасындағы алғашқы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл додада қазақстандықтар жарыс қожайындары - итальяндықтардан, Бразилия және Ресей командаларынан басым түсті.

Қазақстан құрамасының қоржынында жекелей сында 3 алтын мен 1 қола медальдар бар.

Шығыс Қазақстан кеден департаментінен хабарлағандай, дзюдодан Қазақстан құрамасының сапында олардың қызметкерлері — Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев пен Болатбек Жаманбаев қатысқан.

Ардагерлер арасындағы WorldVfstersGames ойындары алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыс спорттың 24 түрі бойынша өтті. Оған әлемнің жер-жерінен барлығы 28 мың спортшы қатысты.

0
0
455