Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық дзюдошылар Италияда ардагерлер арасында алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді

Қазақстандық дзюдошылар

ӨСКЕМЕН.  ҚазАқпарат — Италияның Турин қаласында тамыздың 2-12 аралығында өткен ардагерлер арасындағы алғашқы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл додада қазақстандықтар жарыс қожайындары - итальяндықтардан, Бразилия және Ресей командаларынан басым түсті.

Қазақстан құрамасының қоржынында жекелей сында 3 алтын мен 1 қола медальдар бар.

Шығыс Қазақстан кеден департаментінен хабарлағандай, дзюдодан Қазақстан құрамасының сапында олардың қызметкерлері — Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев пен Болатбек Жаманбаев қатысқан.

Ардагерлер арасындағы WorldVfstersGames ойындары алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыс спорттың 24 түрі бойынша өтті. Оған әлемнің жер-жерінен барлығы 28 мың спортшы қатысты.

0
0
432

«The Sun Trip» веложарысына қатысушылар Астанада бас қосады

Елордада «The Sun Trip: Астана ЭКСПО-2017 бағытында» теңдессіз веложарысына қатысушылармен жаппай веложорық өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Веложарыс 15 маусымда Савойя (Франция) қаласында басталған болатын, оған 33 спортшы қатысты. 17 тамызда мәреге жеткен барлық спортшылар күн батареясынан қуат алатын электр моторлы велосипедтерімен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін қаламызда тағы да бас қосады. Еске салайық, 15-18 тамызда Астанада Спорт күніне арналған бірқатар ауқымды жаппай іс-шаралар өткізіледі. Президенттік миль аясында жүгіруден жарыс ұйымдастырылады. 13-16 жастағы балалар мен жасөспірімдер 800 м, ерлер мен әйелдер, зейнеткерлер 2400 м қашықтықта бақтарын сынайды. Астананың спорт…

0
0
430

«Ақтөбе» – «Динамо» (Киев) ойындарына билет сататын кассалардың саны үш есеге көбейеді

касса

22 тамызда Ақтөбеде Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Ақтөбе» мен «Динамо» (Киев) ФК командалары арасында футболдан Еуропа Лигасының плей-офф матчі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Билет сатылымы 20 тамызда сағат 9.00-де №1-5, №10-14 секторлары алдындағы кіреберіс алаңда және Орталық стадионның 5 кассасында сатылады», — деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімінің сайты Орталық стадион директоры Қажымұқан Демеуовке сілтеме жасап.

Осылайша, жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін, ойынға билеттер 15 кассада сатылатын болады, бұрын тек 5 кассада сатылатын.

Билет құны үлкендерге 1000, балаларға – 500 теңге.

Стадион басшылығы «Ақтөбе» командасының исландиялық «Брейдабликпен» кездесуі алдында билет үшін туындаған қиындықтарға байланысты осындай қадамға барып отыр.

 

«www.bnews.kz».

0
0
267

Қарағандыда таеквондодан Қазақстан Республикасының кубогі өтеді

таэквондо
АСТАНА. ҚазАқпарат — 17-18 тамыз күндері Қарағандыда ерлер мен әйелдер арасында таеквондо WTF-тан Қазақстан Республикасының кубогі өтеді.Оған еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 1996 жылдан бұрын туылған спортшылар қатысады. Сайыс ерлер арасында 54, 58, 63, 68, 74, 80, 87, +87 кг, ал әйелдер арасында 46, 49, 53, 57, 62, 67, 73, +73 кг салмақ дәрежесінде өткізіледі.  

Қазақстан Республикасының кубогі бір жылда бір рет келетін өте маңызды жарыс болып табылады. Сайысқа ұлттық құраманың жаттықтырушылары төрелік етіп, ең мықты спортшыларды таңдап алады.

Айта кету керек, сайыс 17 тамыз күні сағат 10:00-де «Жастар» спорттық-сауықтыру кешенінде басталады. Ашылу салтанаты 15:00-ге белгіленген.

0
0
285

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі футболшы Зинедин Зидан келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Семей қаласында өтетін Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі футболшы Зинедин Зидан келуі мүмкін. Қазір Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасы қазір футболдың әлемдік жұлдызымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Семей қаласында 21-22-қыркүйек күндері өтетіні белгілі. Ауқымды мерейтойлық шараға мәскеулік «Спартак», алматылық «Қайрат», қазандық «Рубин», Тбилиси мен Киевтің «Динамо» командалары келеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық футболдың 100 жылдығына арналып мерейтойлық 350 медаль шығарылыпты. Күмістен құйылған естелік медальдар құрметті қонақтар мен футболдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға беріледі. Автор: Жасұлан…

0
0
355

«Батыс — 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеевтің жетекшілігімен өткізілген «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі аяқталды. Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша Құрлық әскерлері Әуе қорғанысы күштерімен, Әскери-теңіз күштерімен және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы және Қазақстан Республикасының су бөлігі сызығындағы жағдайды қалпына келтірді. Оқу-жаттығуда Құрлық әскерлерінің бөлімше командирлері мен басқару органдары қарсы шабуылды жүргізу барысында әскерлерді басқару және шартты қарсылас түсірген десанттың көзін жою іс-шаралары бойынша жақсы тәжірибе жинақтай алды. Қарулы Күштер түрлерінің, сондай-ақ өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың к…

0
0
302

«Ақтөбе»-«Динамо»(Киев) матчын көрсетеміз!

Трансляция: KazSport, "Қазақстан" арналарында Уақыты: 22 тамыз 2013, сағат 19:00 Тіпті футболға бейтараптардың өздерін елеңдеткен "Ақтөбе"-"Динамо"(Киев) ойыны да жақындап қалды. Бұл матч бізге бір қуаныш, бір өкінішпен келіп отыр. Қуаныштысы - "Динамо"(Киев) сияқты командамен тереземіз теңесіп, топтан сытылып шығуға бұрын-соңды болмағандай жақындауымыз. Өкіншітісі - тап осы матчың қарсаңында бір көзіріміз осы деп жүрген футболшымыз Еміл Кенжесариевті 11 тамызда соққыға жығып кетті. Тіпті ес-түссіз жатыр. Жанкүйер жұртшылықты жапырып кеткен жәйт осы. Ал "Ақтөбе" тренері Владимир Никтенко болса, Кенжесариевтің орнына қоятын ешкімі жоқ екенін мәлімдеді. Қырсық деген осы шығар. Бірақ футболдың аты футбол,небір ғажайыптар күтуге болатын ойын. Сол ғажайыпты бірге тамашалап, тілектес бола білей…

3
0
346

«Дін және жастар»

«Abai.kz» ақпараттық порталы. ҚР Дін істері агенттігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Талдау бөлімінің ғылыми қызметкері Ж. Асхатұлының «Дін және жастар» атты мақаласы Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлт…

1
0
16842

Құпия айтайық...

Достар! Біз конкурс ұйымдастырғалы біраз уақыт болды. Әзірге біздің порталға жүктелген видеолар саны бесеу. Оны мына жерден көре аласыздар. Енді біз сіздерге бір қулық айтпақпыз :) Конкурсымыз әлі жалғасын тауып жатыр, қыркүйекке дейін жалғасатын. Конкурсымыз 3 тақырыптан тұратын: "Қазақстанның белгілі тұлғалары", "Қазақстанның аймақтары", "Қазақстан тарихы". Ұсынылған бес видеоның бәрі де тек "Қазақстан тарихы" тақырыбында екен. Бұл жерде сіздерге керемет мүмкіндік туып тұр. "Қазақстанның белгілі тұлғалары" және "Қазақстан аймақтары" тақырыбында тез арада видео түсіріп, біздің конкурсқа ұсына қойсаңыз, жеңісті болып кетуіңіз ықтимал. Өйткені, сізде бәсекелес адам аз болады. Естеріңізге сала кетсек, "Астана - арманымның қаласы" атты шілде айында өткен конкурсымызда жеңімпаздар бағалы сыйл…

0
0
303

Аққағаз Досжанова — қазақтың тұңғыш дәрігер қызы

Тұрар Ырысқұлұлы РСФСР құрамындағы түркі тілдес халықтардың ұлттық республикалары мен облыстарының құрылуына белсене ат салысқан қайраткер. Бұл тарихи маңызы бар істің басы қасында жүрді. Жаңадан құрылған ұлт республикаларының аумағын, шекарасын анықтау, астаналарын белгілеу, ол республикаларды басқаратын жергілікті ұлт кадрларын іріктеу мәселесіне де араласып отырғаны шындық. Осы ретте Тұрарға тікелей қатысы бар Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Мұрағатынан табылған тың дерек туралы айта кеткенді жөн деп таптым. 1922 жылы 14-желтоқсанда қабылданған қаулыда қазақ қыздарының арасында тұңғыш дәрігер дипломын алған Аққағаз Досжанова туралы айтылады. Негізінен Аққағаз Досжанова Алашорда партиясының белсенді мүшесі болғандығын дәлелдейтін құжаттарды кейбір ғалымдарымыздың еңбектерінен кезд…

5
1
5291