Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Н.Назарбаев пен В.Путин Сочиде кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирді тамашалады


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин

АСТАНА. ҚазАқпарат — Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Сочиде өткен кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирдің барысын тамашалады.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарысты «Самбо-70» білім орталығы мен League S-70 ұйымдастырды. Биыл турнирге  Ресей, Қазақстан, Украина, Латвия, Болгария, Австрия, Венесуэла, АҚШ және Оңтүстік Африка Республикасының спортшылары қатысты.

Командалық жарыста Ресей әлем құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті. Жолдастық кездесулерде Қазақстан мен Ресей командаларында екі жеңістен бар, бір жеңісті украиналық самбошы қанжығасына байлады.

 
0
0
400

Осы тақырып бойынша

Н.Назарбаев пен В.Путин Сочиде кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирді тамашалады - Yvision.kz