Мазмұнға өту
nazerke98

nazerke98

Сайтта 2013 ж. 15 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылу

1

Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясында болған екі күн (3-бөлім)

Конференция уақыты біткеннен соң, біз Джимми Уэйлс орналасқан қонақ үйге жол тарттық. Patricia есімді аргентинец бізге, қонақ үйге жетуімізге көмектесті. Қонақ үйге келіп, Джимми Уэйлстің келуін күттік, ол да бізді көп күттүрмей келді. Жалпы, өзім оны көруге асықтым. Бұрын оны тек ғаламтор бетіндегі суреттерін көретінмін. Оны осында көреміз деген біздің ойымызға да кірмеген. Міне, конференция арқасында Уикипедия негізін қалаушы Джимми Уэйлсті де көрдік. Ол бізді жылы шыраймен қарсы алды. Кездесу кезінде көптен бері толғандырып келе жатқан сұрақтарымызды қойдық. Ол бізді тыңдап, сұрақтарымызға жедел әрі толық жауап берді. Қойған сұрақтарымыз: «Балаларға арналған уикипедия ашуға бола ма?», «Уикипедияда ең бірінші мақала қай мақала болғаны есіңізде ме?» және т.б. Джимми Уэйлске қойған сұрақт…

0
0
601

Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясында болған екі күн (2-бөлім)

Бүгін тамыздың 10-ы. Гонконгтағы екінші күн. Қонақ үйден таңғы асты ішіп, тамақтанып болған соң, конференцияға баруға әзірлене бастадық. Бірнеше минуттардан кейін Гонконг Политехникалық Университетіне де келдік. Сессиялар басталмастан бұрын университеттің әсем жерлерін суретке түсірдік. Содан соң түрлі сессияларға кірдік. Оның бірі: Charles Mok-тың "One Internet Two Systems-Internet in China and Hong Kong ". Сессия Jockey Club аудиториясында өтті. Бұл сессияның арқасында Қытай және Гонконгта интернет желісі бірдей болғанымен, олардың жүйелері, яғни системалары әртүрлі екенін түсіндім. (ары қарай сессия кезінде түсірілген суреттер) Осы слайдқа қарап отырып, әлемде ғаламтор желісін қолданушылар саны 2,7 мильярд болса, Ал Қытайда 591 миллион адам екенін түсінуге болады.Яғни, Қытай бүкіл дүни…

1
0
511

Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясында болған екі күн (1-бөлім)

Алматы аэрапорты... Басқа қалалардан келген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларымен кездестік. "Wikibilim" қоғамдық қорының президенті Нұрбек Матжанимен көрісіп, онымен және барлық НЗМ-нің оқушыларымен бірге суретке түстік.(Суретке түсер алдында оған біз сұрақ қойған болатынбыз) Нұрбек Матжани бізге сәттілік пен ақ жол тіледі. Алматы аэрапортында Гонконгқа барар жолда қазақ кино жұлдыздарының бірі Аружан Джазылбекованы көру бұйырды.Онымен танысып, суретке түсіп те үлгердік. Бір қызығы ол да Гонконгқа бара жатыр екен. Ұшаққа міндік. Барлығының ойында Гонконгқа тезірек жету. Бұл менің шетелге бірінші сапарым болғандықтан, әрине, қобалжу болды. Ұшақта отқанда алуан түрлі ойлар келеді екен. Гонконгтың ауасы, жері, халқы қандай екен деп ойлайсың. Бірнеше сағаттан соң, ұшақ терезесінен…

1
0
1408