Мазмұнға өту

Жаңа

Жауынгерлік достастық – 2013

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған «Жауынгерлік достастық – 2013» тактикалық жаттығуларының шешуші кезеңі өтеді. ТМД елдері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен тактикалық жаттығуларына ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінен заманауй ұшақтар мен қанатты ракеталарды жоюға мүмкіндігі бар әртүрлі модификациядағы зенитті-ракеталық кешендер тартылған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жауынгерлік есептоптары әуедегі нысаналарды және қанатты ракетеларға ұқсас реактивті снарядтарды зениттік-ракеталық кешендер арқылы жоюды, сондай-ақ әуедегі қарсыласты алдын-ала тауып істен шығара білуді жүзеге асырады. Жалпы жаттығу барысында полигонда өте…

0
0
433

Табиғат салған суреттер

Мамыр айының ортасына таман «Жасыл орман» («Зеленый бор») шипажайында он күн демалып қайттым. Көктемнің соңғы айы салқындау, жауынды болды. Ара-арасында жылт етіп күннің көзі көріне қалса, өңірді аралаймын, өзен-көл, орманды кезіп кететін кездерім көп. Сол қыдырудан көргенім, тау-тас, орман-ағаш қарап тұрсаң өзінше бір әлем, тіпті ағаш тамырларының өзі сурет, егер қыбын тауып, ретін келтірсең. Әр тамыр өзінше бір бейне. Ағаштан да сурет табуға болады екен. Тек фотоаппаратыңды дұрыс пайдалана білсең. Менің фотоаппаратым – қалтафоным. Кедір келіңкіремеген «бейнелерді» жан-жағынан айналдырып жүріп белгісіз бір аңның, басқа бір жәндіктің бейнесіне келтіріп ала қоямын. Сіздер де көріңіздер, бір заттың пішініне енбей қалған суреттер болса, кешірім өтінемін. Суретшілік шеберлігімнің жетіспегені…

0
0
8483

Все танцуют локтями под «Қызыл өрік»

Turkistan.kz (c) Весной этого года в твиттере часто писали: "Кто такой Кайрат Нуртас?". Именно тогда он снял кино, открыл свой журнал и дал большой сольный концерт. Последние три дня все отечественные СМИ пестрят заголовками "Кайрат Нуртас!", в социальных сетях только ленивый не упомянул его имени: обвинил, похвалил, обозвал, заработал лайков. @Forbes_kz Кайрат Нуртас стал номинантом II Евразийской музыкальной премии (ЕМА) http://t.co/fewq4TVhyr pic.twitter.com/U8ot1MeGAa — Вадим Борейко (@vadim_boreiko) September 2, 2013 "каждый должен заниматься своим делом: власти должны разобраться с виновниками инцидента, а Кайрат Нуртас должен петь". — Андрей Олесько (@hu67et) September 2, 2013 Мои лондонские друзья,с которыми я год не общалась объявились сегодня с вопросом,была ли я на концерте Кай…

Әскери міндеттілер оқуға кірісіп кетті

Ақтау гарнизонындағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне кіші мамандар даярлайтын «Оймаша» оқу орталығының базасында әскери міндеттілерді әзірлеудің кезекті сабақтары басталып кетті.

Жиынға Ақтөбе облысының аудандарынан 27-30 жас аралығындағы бұған дейін әртүрлі себептермен әскери қызметін өтей алмай қалған 50 әскери міндетті тартылып отыр.
Әскери ант қабылдағаннан кейін жиынға келген азаматтар бір ай бойы әскери істің қыр-сырымен танысып, әскери техника мен қару-жарақтың материалдық бөлігін оқып үйреніп, оны ұрыста пайдалана білуге дағдыланады, дене тәрбиесімен айналысады. Осыдан кейін барып оқыған сабақтары бойынша сынақ тапсыратын болады.
Жиын аяқталған соң әскери міндеттілерге сертификаттар тапсырылып, қатардағы жауынгер және  сержант атақтары беріледі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
297

Болашақ офицерлер ант қабылдады

Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында биыл оқуға түскен 300-ден астам курсант Қазақстан халқына мен Елбасына адалдықтарын білдіріп, әскери ант қабылдап серт берді.

Бұл күні жас толқынды әскери ант қабылдауымен құттықтау үшін Алматы қаласы әкімшілігі мен әскери және азаматтық жоғары оқу орындарынан өкілдер, сондай-ақ соғыс және  Қарулы Күштер ардагерлері, курсанттардың туған туыстары келді.

Бүгінгі салтанатқа қатысып ант қабылдаған болашақ офицерелер енді төрт жылдан кейін Қазақстанның ұтқыр да ұтымды жоғары технологиялы, кәсіби армиясының өсіп өркендеп дамуына өз үлестерін қосатын болады.  

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
507

ФУТБОЛ: Гарет Бэйл Мадридтің «Реалына» ауысты

Гарет Бэйл

Уэльс құрамасы мен лондондық «Тоттенхэм Хотспур» командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл ресми түрде Мадридтің «Реалына» ауысты.

Маусым айынан бері жалғасып келе жатқан келіссөздер екі клубтың уағдаластығымен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Бэйл өткен маусымда Англия чемпионатының үздік ойыншысы деп танылған болатын. Осыдан соң топ-клубтар арасында оған деген қызығушылық артқан еді. Алайда «Тоттенхэм» 100 млн. еуро төлеген жағдайда ғана футболшыны командадан жіберетінін мәлім етіп, талайды үркітіп алған көрінеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
341

Рио додасын күміспен аяқтадық

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Максим әлем чемпионатының екінші айналымында болашақ қола жүлдегер, чех балуаны Лукаш Крпалектен айла асыра алмады. Бүгін Бразилияның Рио де Жанейро қаласында дзюдодан әлем чемпионатынан үктеқойылады. Кеше Рио татамиінен несібесін алып кету үшін аса ауыр салмақтағықыздарменжігіттер татамиге шығады. Өкінішкеқарай, біз үмітеткен әлем чемпионы Максим Раков Лондон Олимпиадасынан басталған сәтсіздіксериясын қайтадан жалғастырды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндесынға түскен Максим әлем чемпионатының екінші айналымында болашақ қолажүлдегер, чех балуаны Лукаш Крпалек тенайла асыраалмады. Өзкезегінде Лукаш Асхат Житкеевпен Раков тыңқарымды қарсыласыса налатын голландиялық Хенк Кролға есежіберіп, қола жүлдегер атанды. Бұлсалмақ таәзірбайжандық…

0
0
434

ФУТБОЛ: Кака «Миланға» оралды

Кака

Мадридтің «Реалы» мен «Милан» клубтары бразилиялық жартылай қорғаушы, 2007 жылғы әлемнің үздік футболшысы Каканың трансфері жөнінде уағдаластыққа келді, деп хабарлайды Еуроспорт.

Итальяндық ақпарат көздері бұл туралы жарысып жазуда. Бейресми ақпарат бойынша, «Реал» басшылығы Каканы «Миланға» тегін беруге келіскен екен.

Бразилиялық, өз кезегінде, «россонеримен» екіжылдық келісімшартқа қол қойып, маусымына бес миллион еуро алып отырады.

Кака «Милан» сапында 2003-2009 жылдары өнер көрсеткен.

 

АСТАНА.   ҚазАқпарат

0
0
484

Жозе Моуриньо жөнінде мультфильм жарыққа шығады.

Жозе Моуриньо

Әлемге танымал бапкер, лондондық «Челсидің» жаттықтырушысы Жозе Моуриньо туралы анимациялық фильм шықпақ.Туынды авторлары мультфильмнің трейлерін халық назарына ұсынды. Анимацияның атауы «Mourinho and the Special Ones»  деп аталады. Мультфильм 2014 жылы жарыққа шығады, деп хабарлайды «Аламан».

 

АСТАНА  ҚазАқпарат

0
0
321

ФУТБОЛ: Гарет Бэйл Мадридтің «Реалына» ауысты

Гарет Бэйл

Уэльс құрамасы мен лондондық «Тоттенхэм Хотспур» командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл ресми түрде Мадридтің «Реалына» ауысты.

Маусым айынан бері жалғасып келе жатқан келіссөздер екі клубтың уағдаластығымен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Бэйл өткен маусымда Англия чемпионатының үздік ойыншысы деп танылған болатын. Осыдан соң топ-клубтар арасында оған деген қызығушылық артқан еді. Алайда «Тоттенхэм» 100 млн. еуро төлеген жағдайда ғана футболшыны командадан жіберетінін мәлім етіп, талайды үркітіп алған көрінеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
209