Мазмұнға өту

Жаңа

Ақжүрек Таңатаров әлемдік алтынға таласады

16 қыркүйектің күні Будапеште (Венгрия) күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды alaman.kz. Қазақстан еркін күрес құрамасының бас бапкері Руслан Өмірәлиев әлемдік сынға қатысатын балуандардың есімін жариялады. Ал грек-рим күресінен Лондон ойындарының қола жүлдегері Данил Гаджиев құрамаға енбей қалды. Еркін күрес: 55 кг — Расул Қалиев, 60 кг — Даулет Ниязбеков, 66 кг — Даурен Жұмағазиев, 74 кг — Ақжүрек Таңатаров, 84 кг — Аслан Кахидзе, 96 кг — Таймураз Тигиев, 120 кг — Дәулет Шабанбай. Грек-рим күресі: 55 кг — Нұрсұлтан Қалмырзаев, 60 кг — Алмат Кебіспаев, 66 кг — Ербол Қоңыратов, 74 кг — Асхат Ділмұхамедов, 84 кг — Нұрсұлтан Тұрсынов, 96 кг — Ерұлан Ысқақов, 120 кг — Нұрмахан Тінәлиев. Әйелдер күресі: 48 кг — Зульфия Яхъярова, 51 кг — Татьяна Аманжол, 55 кг — Айжан Исма…

0
0
548

Озил «Арсеналға» ауысты

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Месут Озил лондондық «Арсенал» сапына ауысты. Бұл туралы «канонирлердің» ресми сайты хабарлап отыр. Неміс футболшысының трансферлік құны 45 миллион еуроғабағаланған көрінеді. Месут Арсен Венгер командасымен 5 жылдық келісім-шартқа қол қойған. Футболшының жылдық табысы 8,6 миллион еуроны құрап отыр. Ал «корольдік клуб» сапында жартылай қорғаушының жылдық табысы 5 миллион еуроны құрайтын. Месут Озил «Арсенал» командасының трансферлік тарихындағы ең қымбат футболшылардың көшін бастады. Осыған дейін команданың бұл дәрежедегі қымбат ойыншыларының қатарында Хосе Антонио Рейес (17,6 миллион фунт), Санти Касорла (16,7 миллион фунт), Сильвен Вильтор (15,4 миллион фунт) және Андрей Аршавин (14,5 миллион фунт) болатын. Өз кезегінде Месут Озил: - Менің «Реал» с…

0
0
300

«Президент Кубогы» мәресіне жетті


Иран командасы

Алматыда ерлер арасында волейболдан өткен «Президент Кубогы» өз мәресіне жетті. Бас жүлде Иран (U-23) жастарына бұйырса, Қазақстан құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Ақтық сынға жолдама алған Иран (U-23) жастары Ресей (U-23)жастарын финалдық тартыста 3:0 (28:26, 25:22, 25:15) есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал үшінші орынды сарапқа салған Қазақстан құрамасы Бахрейннен 3:0 (25:23, 29:27, 25:23) есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар V орынға таласқан Олег Кузнецов баптайтын Қазақстан-2  командасы түріктерден 1:3 (25:23, 28:30, 19:25, 16:25) есебімен жеңіліп, VI орынды иеленді. Жарысқа қатысқан Катар құрамасы VII орынды, БАӘ VIІІ орынмен доданы қорытындылады.

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
277

Чемпиондар Лигасының добы таныстырылды

УЕФА добтары

Adidas компаниясы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының 2013/2014-маусымына арналған арнаулы доптарды таныстырды, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

Чемпиондар Лигасы (Finale 13) мен Еуропа Лигасының доптары турнир логотипімен сәнделген және топтық кезеңнен бастап қолданыла бастамақ.

0
0
971

Бэйл: «Менің арманым орындалды»

Гарет Бэйл «Сантьяго Бернабеуде» салтанатты түрде танысу кешін өткізді. Алаңға жиналған жанкүйерлер жартылай қорғаушының «Реал» сапын толықтырғанына бек қуанышты.

«Тоттенхэм» командасынан ауысып келген Гарет Бэйл өткен маусымда ағылшын премьер-лигасының үздік футболшысы атанған болатын. Жартылай қорғаушының «корольдік клубта» медициналық тексеруденөткенін осыған дейін хабарлаған едік. Енді валийлік футболшының таныстыру кеші де сәтті аяқталды. Өз кезегінде Гарет Бэйл:

Мен бақыттымын, менің арманым орындалды! Мен «корольдік клубқа» оныншы рет Чемпиондар Лигасын жеңуіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Спорттық мансабымның үлкен дәуірі енді басталғандай. Аз-кем испан тілінде айтар болсам: Осылай жылы қарсы алғандарыңызға рақмет! Алға Мадрид! Үлкен рақмет!

0
0
400

«Сәләф және Сәләфилік ұғымдары арасындағы айырмашылықтар» атты мақаласы

«Ислам және өркениет» діни-танымдық газеті. ҚР Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші ғылыми қызметкері С. Көкенайдің «Сәләф және Сәләфилік ұғымдары арасындағы айырмашылықтар» атты мақаласы Тарихта терең іздері болмаса да, қазіргі таңда көптеген ағымдар және идеалистер өздеріне көпшіліктің назарын аудартуда. Олар, модернистер, реформистер, құраншылар, құран мағынасын оқушылар десек, исламды саф негізінде ұстауды алға тартқан сәләфилер бұлардың алдынғы қатарында. Діни сауатсыздық және дұрыс пен бұрыс мидай араласқан қазіргі жағдайда бұл ағымдар, ниеттері дұрыс мұсылмандардың адасуына, теріс жолға түсуіне себепкер болуда. Сәләфилік XIII-ғасырдан бастау алған ағымдардың бірі. Бұл ағымның көзқарастары, жетекшілері, оларға тағылған сында…

0
0
820

«Бизнес тірегі» жобасын іске асыру барысы туралы

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/biznes-tiregi-zhobasyn-iske-asyru-barysy-turaly

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысын тұрақты негізде жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 8 айында кәсіпкерлерден «Бизнес тірегі» порталына мемлекеттік бақылаушы органдардың тарапынан болған бұзушылықтар туралы 358 ақпараттық хабарлама келіп түскен.

0
0
404

Естеліктер

Мейрамхан Жәпек журналист, Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші Тұрар, Нығмет және Мәскеу мұрағаттары 1.Бастау Қазан айының аяғына қарай үш айға ғылыми іссапарға аттандым. Осынау ғылыми іссапардың бір айға жуық уақыты Мәскеу қаласында Мемлекеттік мұрағаттарда өтуі менің әу бастағы ғылыми жұмысымды ары қарай жалғастыруға мүмкіндік берді. Сонымен, бұл жолы қазақ баспасөзінің тарихына қатысты қаншама құнды дүниелерді бауырына басып жатқан Ресей мемлекетіне, оның жүрегі Мәскеуге сапар шектім. Әлихан, Тұрар, Нығмет, Сұлтанбек, Жаһанша, Нәзірлердің қызмет атқарған, олардың соқтықпалы соқпақты өмір жолдарына, тар жол, тайғақ кешулерінің куәсі болған маңғаз қалаға жетуге асықтым. Жол бойындағы станциялардан өткен сайын діттеген арманыма бір табан жақындап келе жатқандай сенім салмағы арта бер…

4
0
2079

Ұлттық қорғаныс университетіндегі Білім күні

Еліміздегі әскери білім ордаларында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар болып өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов әскери білімнің қара шаңырағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Бас штаб бастығы тыңдаушылар алдында «Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны» тақырыбында дәріс оқыды. Генерал-полковник С. Жасұзақов өз дәрісінде Қарулы Күштерді қолданудың негізгі бағыттары, ҚР ҚК дамуының негізгі бағыттары және жауынгерлік тапсырмаларды шешудегі командирлердің дербес шешім қабылдауы сияқты мәселелерге тоқталып өтті. – Әскери мамандар – армияның болашағы, – деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабының бастығы. – Елбасы – Қарулы Күштерд…

0
0
273