Тікелей эфир

Азамат Сатыбалды: «Жалғыздықты жақсы көремін»

СҰХБАТТЫҢ ЖАЛҒАСЫ (БАСЫ)

— Қойылымдар жайлы сөйлессек. Мысалы, Роза Мұқанның «Мәңгілік бала бейне» қойылымы 17 жыл бойы сахнадан түспей келеді. Сол сияқты жаңа қойылымдар қазірде неге шықпайды?

— Әрине, Роза Мұқанның «Мәңгілік бала бейнесі» өз кезеңінде сұранып тұрған қойылым болды. Семей полигоны, сол кездегі қиыншылықтар, қыздың тағдыры көрерменді алаңдатты. Өте жақсы қойылым. Мен қазір сонда ойнаймын. Студент кезімізде сол спектакльді көріп өстік. Бірақ қазір бұл қойылым біраз шаршап қалды, өйткені актерлер ауыса берген сайын, режиссердің түпкі мақсаты жұқара береді. Әр актер өзінше ойнап, кейін түсініксіз болып қалуы мүмкін.

Дәл осындай қойылымдар шықпады деп айта алмаймын, өте жақсы қойылымдар көп, мысалы, Қайрат Сүгірбековтың «Махаббат дастаны». Қозы көрпеш - Баянсұлу туралы. Ол нонсенс болған қойылым. Корея, Түркия сынды көптеген елдерге барған. Қозы Көрпеш - Баянсұлу дастанының 1500 жылдығында бүкіл Қазақстан бойынша 49 театр қатысқан фестиваль өтті. Барлық театрлар сол қойылымда жасап алып барды. Сонда біздің режиссердің ұлылығына қайран қалдым. Ол алдымен бізден «Қозы көрпеш — Баянсұлуға қанша жыл болды?» деп сұрады. «1500 жыл болды» дедік. «Сонда 1500 жыл бұрын Қозы мен Баянның басында үкі болды ма? Баянның үстінде қазақ көйлек болды ма?» деп сұрады. «Жоқ, болған жоқ. Ол кезде тас дәуірі еді». Кейін дәл солай спектакльді де қойды. Қозыны мен ойнадым, онда басымда қазақи бөрік, шапан жоқ. Қозы рөлін тастан тасқа секіріп жүрген тағы қасқырдай қылып жасадық. Жалпы бар қойылымды сол бағытта шештік. Сонда, бір қызығы, бүкіл 48 театр сахнаға дәстүрлі Қозы мен Баянды алып келді. Қазақ көйлек, сәукелелермен. Ал ең соңында біз ойнағанда, елдің есі ауып қалды. Бірден бас жүлде берілді. Сыншылар да ештеңе айта алмай қалды. Өйткені 1500 жыл бұрын қазақ деген ұлт болған жоқ деп, Қайрат өз позициясын қорғады. Сонда 49 режиссердің ішінен тек Қайраттың ғана идеясы мықты болды. Бүкіл әлемді шарлап шықты сол қойылым. «Махаббат дастаны» деген қойылымды көріңіз.

Одан соң «Сұлу мен суретші» қойылымы. Ол жерде мен ойнамаймын. Өте тамаша спектакль. Н. Жақыпбай қойған, Түркияда өте жоғарғы деңгейде қойылды. Сондықтан ондай спектакльдер көп.

Бізде қалай, көрермен бір-ақ қойылымға келеді де, сол бағамен бүкіл театрды бағалайды. Ал театрға баға беремін деген көрермен бүкіл театрдың репертуарын, бір қойылымды минимум бес реттен көріп шығу керек. Менің журналистерге ренжитінім, премьераға келіп, бірінші актіні ғана көреді де, кетіп қалады. Содан барып өлтіріп мақала жазады. Тез-тез асығып, камерамен тарс-тарс түсіреді де, антрактіде сенен сұхбат алып, жоқ болып кетеді.

Содан кейін ең үлкен проблема — бізде қазір театр сыншылары жоқ. Әшірбек Сығайдай сыншы жоқ. Ол өз кезіндегі актерлерді шығарып кеткен, ал біздің буынның соры — сыншы жоқ. Актерді шығаратын сыншы. Ол эссе жазады, актерді зерттейді, рөлін талдайды. Сол арқылы көрермен материалды оқып-оқып, ойында бір тұлғаны қалыптастырады. Қазіргі сыншылар сол баяғы «Байғожаның таяғы», қаншама рет жазылып, айтылып кеткен ұлы актерлерге қайта келіп тіреледі. Меніңше, сен өз заманыңның адамдарын, құрдастарыңды жазуың керек. Неге мысалы, Дулыға Ақмолданы жазбасқа? Керемет актер. Неге оны тұлға ретінде шығармасқа? Бекжан Тұрыс, Ерлан Біләлов — бәрі де қырыққа келген, жанып тұрған шақтары. Оларды дәл осы кезеңде көрсету керек, көрерменіне жеткізу керек. Ал біздегі көрермен газетті ашып, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Құман Тастанбековтерді ғана көреді де, осылардан басқа актер жоқ екен ғой деп ойлайды. Бұл біз үшін трагедия.

Расымен де театрда неше жыл бойы ойнап жүрген актерға қарағанда, киноға бір рет түскен актерді тез танып жатады. Сондай-ақ қазірде киноға көбінесе шоу бизнес жұлдыздарын, кәсіби емес актерлерді алып жатады. Осыған қалай қарайсыз?

— Бұл уақытша мәселе деп ойлаймын. Өйткені бізге дейін бұл процестен Ресей өткен. Мысалы, бұрын оларда көшеден келген адам киноға түсіп, осыны авторлық кино деп атайтын. Бұл көбінесе көрерменге өтпейді. Қазірде Ресейде актерлік кино. Тіпті эпизодтарының өзінде кәсіби танымал актерлер ойнап жатады. Михалковтың «Противостояние», «Цитаделін» қараңыз, «Торғай сойсаң да, қасапшы сойсын» дейді ғой бізде, сол сияқты оларда массовканың өзінде кәсіби актерлер жүреді. Бізде қазіргі кинода актерлік кино жоқ. Ол енді-енді ғана белең алып келе жатыр. Биылғы жылдан, алдыңғы жылдан бастап киноларға шақырып жатыр. Бұл үрдіс бізге де келеді. Тек сол тезірек келсе екен дейсің, өйткені уақытың өтіп кетуі мүмкін.

— Қазіргі қазақ жастарына деген көзқарасыңыз қандай?

— Өте жақсы. Меніңше, патриот, алғыр, ештеңеден қорықпайтын, жасқаншақ емес жастар өсіп келе жатыр. Мысалы, мен өзімнің замандастарыма, алдымыздағы ағаларымызға қарап, бір жасқаншақтық көремін. Бір нәрсе айта алмайды, айтайын десе, қорқады. Кезінде кеңес кезеңінің таяғын жеген, әбден көнген адамдарда не айтады екен дегендей бір елеңдеу бар. Ал қазіргі жастар болса, қойылымнан кейін шығып ұнаса — ұнады, ұнамаса — ұнаған жоқ деп бетіңе айтады. Еркін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Өйткені еркіндік бар кезде адамда алға басу болады. Еркіндігі бар адам бағындырады, жетелейді. Менің өзімде де әлі үлкендерге қарап, сыйлап, именіп тұратын қасиет бар. Ал қазіргі жастарға сенің қаншама рөл ойнағаның маңызды емес, керемет жүргізушісің бе, қарамайды, таптап кетеді. Бұл да бір жағынан дұрыс, бәсеке болмаса, сапа болмайды. Қашанғы ағаңа қарап жүресің.

— Интернет журнал болғанымыздан, интернетке байланысты сұрақ қойғым келіп отыр. Белсенді интернет пайдаланушысыз ба? Қандай әлеуметтік желілерде барсыз? Жалпы интернет өміріңізде қандай орын алады?

— Осыдан бір жыл бұрын белсенді қолданушы болғанмын. Бірақ интернет көп уақытымды алып қоятын болды. Бір қарасам, таңғы сағат 7, ал мен әлі отырмын. Не істеп отырғанымды өзім де түсінбеймін, жаңалық қарап, әркімнің айтқан сөзін оқып отырмын. Ал оның орнына таңғы сағат 7-ге дейін бір кітаптың жартысын оқып тастаушы едім. Содан пайда алатын едім. Сосын «Мой мирде» достарым 17 мыңнан асып кетті. Игеру мүмкін емес болып кеткеннен соң, жауып тастадым. Қазірде почтам ғана бар. Келген сценарийлерді оқып отырамын. Ал бөлек өзімнің профайлым ешқайда жоқ. Ол үшін уақыт керек. Егер жұмысым маркетолог, программист, бизнес саласында болса, ол қажет болар еді. Күн сайын жаңалық оқуға, жаңартып отыруға керек болар еді. Ал менің жұмысыма ол керісінше кедергі жасайды. Интернет деген бір дерт сияқты ғой, кіріп бір мақала оқисың да, одан ары қарай, ары қарай үңіле беріп, ішіне кіріп кетесің. Ал соңында қарасаң, түк бітірмеген болып шығасың. Уақытың құр кетеді. Оның орнына мен бір кітап оқысам не бір поэзия жаттасам, жақсы болар еді деп ойлаймын. Анда-санда iPad-тан жаңалықтар оқимын, кино көремін. Сонымен шектелемін.

— Оданша кітап оқыған дұрыс дейсіз, қандай кітаптар оқисыз?

— Көбінесе қазіргі заман жазушыларын оқимын. Классиканың аты классика, ал қазіргі заман жазушылары не жазады екен деп, соңғы кездері, мысалы, Мураками, ресейлік ағайынды Стругацкийлер, Дэн Браун, т.б. оқыдым. Еуропа жазушылары, меніңше, қазірде бір жерге тіреліп қалды. Баяғыдай тазалық жоқ. Адамның керісінше, анайы жағын жазады. Хайуандыққа жетелейді. Ең соңғы сол ағайынды Стругацкийлардың кітабы ұнады. Акунин, Пауло Коэльоларды бір оқып түсіне қоясың да, ары қарай қызық болмай қалады.

— Актер деген тасып жатқан энергия дейді. Сахнаға шыққанда көрерменге сезіміңізді жеткізу үшін энергияны қайдан аласыз?

— Отбасымнан, баламнан аламын. Сіздер сияқты көрермендерден аламын. Көріп, амандасып, тілек айтып жатады — соның бәрі энергия.

Үздіксіз репетициядан кейін, рөліңді бүге-шігесіне дейін жаттап алғаннан кейін, кешке қойылымға шығарда міндетті түрде бір толқу, қорқыныш сезімі болады. Күн сайын ойнап жүрсең де, ойнай алам ба, жоқ па деген қорқыныш сезімі болады. Сол қорқынышты жеңу арқылы адамда бір батырлық пайда болады. Сахнаға шыққаннан кейін бәрі кетіп қалады.

Мен романтикпін. Тауға жиі шығамын. Жалғыз жүргенді жақсы көремін. Мүмкін энергияны сол жақтан алатын шығармын. Негізі өмірде мен жалғыз адаммын. Жалғыздықты жақсы көремін. Керемет жолдастарым да көп емес. Сүйетін, бағалайтын шағын топ достарым бар. Бірақ кез келген адам менің досым бола қалмайды. Көп адамды өзіме жақындата бермеймін, өзім де көп адамға жақындай бермеймін. «Көке, әке» деп іші-бауырына кіріп, күн сайын жағдайын сұрап үйіне бару деген менде жоқ, мысалы. Көбінесе жалғыз жүргенді ұнатамын. Мысалы, Таразға кез келген уақытта, ауылға машинамен жалғыз кетіп қала аламын. Одан мен керемет ләззат аламын. Трассада машинамен келе жатып, жалғыз армандауға болады. Ешкім кедергі келтірмейді.

— Қандай музыка тыңдайсыз?

— Әр түрлі. Көбінесе классика. Бочеллидің 5-6 альбомы бар, соны көп тыңдаймын. Бірақ арасында үзіп-үзіп басқаларын да тыңдаймын. Жалпы актер болғаннан кейін, жан-жақты болуға тырысасың, әр нәрседен хабардар болу керек. Мысалы, кейбіреулер «Мумий трольдің» тыңдарманға берері жоқ дейді, ал Ресейде ең көп көрермен жинайтын солар. Неге? Яғни бір тұлғалық тартымдылығы, энергетикасы, дарыны бар. Соны тыңдап көремін. 15-35 мың адам жиналып жатса, оның да берері бар. Сол сияқты әр түрлі музыка тыңдаймын. Көңіл-күйге байланысты, кейде болмайтын бір әндерді тыңдап кетемін. Кейде «Ақ маржанды» тыңдауым мүмкін. Бірақ та жеке талғамым — классика.

— Қазірде театрға келіп жатқан жас актерлерге қандай кеңес берер едіңіз?

— Ең бастысы, сенім керек. Болатынына, толатынына, атын шығаратынына сенім керек. Одан кейін таза болу керек. Көке, әке арқылы шықпауға тырысу керек. Өз күшіне, Аллаға сену керек. Алладан сұрау керек. Кейде біз бірінші Алладан сұрауды ұмытып кетеміз, адамнан емес. Соған сену керек.

Одан кейін шыдам керек. Бүгін келіп, ертең танымал болып кетем деген нәрсені мүлдем ойламау керек. Жалпы меніңше, танымалдық деген — бақ. Адамның дарыны болуы мүмкін, бірақ танымал болмауы мүмкін. Жалпы танымалдық адамды құртады. Оны көтере алатын, көтере алмайтын адамдар болады. Сондықтан мен неге танымал емеспін деп өз-өзіңді қажап, жеуге болмайды. Мүмкін ол маңдайыңа жазылмаған шығар. Ең бастысы, актер болу керек, өз мамандығын сүю керек. Бізде кейде актер емес, танымал болсам екен деп келеді. Театрға актер болып келу керек.

— Ал өзіңіз танымал болғанға дейін, қанша рет жанама рөлдерді ойнадыңыз?

— Мен үшінші курстан бастап осы театрда жұмыс істедім. Массовкада бала болып, жүгіріп, шапқылап жүрдім. Ол кезде танымал болу деген ойымда болған жоқ. Мақсатым — театрда қалу болды. Диплом алу үшін Қостанайға практикаға жарты жылға барып жұмыс істедім. Содан соң дипломымды ұстап, қайта театрға қайтып келдім. Мүмкін маған Алла берген шығар, мен қалай театрға келдім, бірден телевизияға жұмысқа тұрдым. Сонымен бірден екі жұмысты алып кеттім. Ол, меніңше — бақ. Егер мен өз өмірімді қайта бастасам, дәл солай жұмыс істер едім, өз өміріме ризамын. Еш көке, әкесіз, өзім келдім, жанам дедім, талпындым. Басшылар, үлкен кісілер талпынысымды көрді, берді. Орта жолдан тастап кетпей, олардың сенімін ақтадым деп ойлаймын. Телевизияда да жалындап тұрдым, сондықтан маған тоқтамай тоғыз жыл бойы бағдарламалар беріп тұрды. Бір бағдарлама біте салысымен, екіншісін бастап кетіп жаттым. Тоғыз жыл бойы бір күн дем алмай жұмыс істеппін. Ол да бір өзімнің еңбекқорлығым шығар деп ойлаймын.

Әңгімелескен: Айжан Кәрібаева

Фото: Ардақ Төлеубаев


Қысқаша ақпарат: Азамат Сатыбалдыұлы Сұраппаев 1977 жылы Жамбыл облысының Рысқұлов ауданы (кезіндегі Луговой) Құдалық ауылында көп балалы отбасында өмірге келіп, сол жерде өскен. Үйдің тоғызыншы баласы. Мектеп бітірген соң, Қарағандыдағы Суворов атындағы әскери училищеде оқиды. Алайда оны бітірмей, 1997 жылы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының актерлер бөліміне оқуға түседі. 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасады. Сахнадағы негізгі рөлдері. Кинодағы рөлдері

Алия Arsik
19 қараша 2012, 12:38
10245

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Мен Азаматты атыраучанин деп жүрсем...
теле жүргізуші ретінде осы жігітті унатпадым
Suineg
0
0
Білмеймін... жорыққанда жолығып сәлемі түзу болса сол да рахым.
Өте керемет актёр мыкты сауатты тележүргүзуші алла разы болсы

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8780
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6070
  • 23
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2723
  • 30
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1604
  • 30
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1391
  • 10