Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еуропа Лигасындағы «Шахтердің» ойындарына кіру билеті 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады


шахтер жанкуйелеры

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасында кемінде үш ойынды өз алаңында елордалық «Астана Арена» стадионында өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Шахтердің» матчтарына кіру билетінің құны орта есеппен 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады», — деп жазады өзінің твиттердегі парақшасында ҚФФ атқарушы директоры Олжас Абраев.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар бірінші ойынын 19 қыркүйекте Салоникида ПАОКқа қарсы өткізеді. Матч бос стадионда көрерменсіз өтеді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
281

Осы тақырып бойынша

Еуропа Лигасындағы «Шахтердің» ойындарына кіру билеті 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады - Yvision.kz