Мазмұнға өту

Жаңа

Шығыс конференциясында «Барыс» көш бастап тұр

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында көш бастап тұр.

Соңғы екі ойыннан кейін «Барыс» хоккей клубы алты ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бірінші орынға көтерілді. Ал қақпаға соғылған және өткізіп қойған шайбалардың саны (15-4) жағынан астаналық клуб тек биылғы чемпионаттың фавориттері — «Динамо-Мәскеу» (16-3) және «СКА» (16-6) командаларына ғана жол беріп тұр. Алайда «Барыстың» ойыншылары — Найджел Доус, Майк Ландин және Брэндон Боченски үздік сұрмерген мен пайдалы пас берген хоккейшілердің ішінен оқ бойы озық шықты.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы командалар шығыс және батыс конференцияларда өнер көрсетеді. Әрбір конференцияның жеңімпазы финалда кездесіп, Гагарин кубогын сарапқа салады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
327

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «СКА»

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «СКА» (Санкт-Петербор) командасымен кездеседі.

Айта кетейік, «СКА» биылғы чемпионаттың фавориті болып саналады. Жалпы турнирлік кестеде ол тек мәскеулік «Динамоға» ғана жол беріп, 9 ұпаймен екінші орында тұр. Бұл команда бұған дейінгі чемпионатта плей-оффқа жетіп, лиганың азулы командаларымен күш сынасқан болатын. Былтыр Астанаға келіп, ҚР Президенті кубогын да еншілеген.

«Барыстың» бір ойыны кем. Демек, бізде қосымша ұпай жинауға мүмкіндік бар. Қазір Астана қаласының хоккей клубы жалпы турнирлік кестеде бесінші орынға орналасты. Оның еншісінде 6 ұпай бар. Бүгінгі ойында жеңсек, «СКА»-ны ығыстырып, бірден екінші орынға шығамыз.

Айта кетейік, «Барыс» пен «СКА» арасындағы ойын бүгін кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді. Оны тікелей эфир арқылы «Қазспорт» телеарнасынан көруге болады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат —  Автор: Арман Асқаров
 
0
0
328

Батысқазақстандық дойбышы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды


дойбышы

Болгарияның Кранево қаласында дойбыдан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа әлемнің 14 елінен жас ерекшелігіне қарай 184 дойбышы қатысты. Батыс Қазақстан облысынан 4 спортшы барды. Соның ішінде 2003 жылғы Әділхан Мирам 10 жасқа дейінгілер арасынан классикалық дойбыдан үшінші орынға ие болды. Бапкері — Данияр Жұмагелдиев.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
454

Жылжымалы үгіт пункттері – қазақстандықтарды келісімшарт қызметіне тартудың тиімді жолы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметті үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Қарулы Күштерді запастағы офицерлермен, сержанттармен және қатардағы жауынгерлер құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру Қорғаныс министрлігіндегі басты бағыттардың бірі.

Министрлік бүгінгі таңда Қарулы Күштерді саны емес сапасы жағынан мықты   әскери қызметшілермен жасақтауды мақсат етіп отыр. Бұл күндері республиканың барлық облыстары мен ірі қалаларында жылжымалы бекеттер үгіт насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.
Жуырда Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті кезекті жылжымалы үгіт-насихат пунктін іске қосты. Келісімшарт бойынша әскери қызметке жинау пункті халық көп жиналатын «BIG Шанхай» сауда орталығынан орын тепті. Мұнда департамент қызметкерлері жұртшылықпен кездесіп, азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге үндейтін болады.
Бүгінде Армия туралы, әскери қызметтің шарттарын жұртшылыққа түсіндіре алатын Қарулы Күштердің өкілдері халыққа бұрынғыдан да жақындай түсті.
Департамент қызметерлерінің айтуынша келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірушілер саны артып келе жатқан көрінеді.
2013 жылғы 16 тамыздан бастап жылжымалы үгіт пункттері «Керуен», «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталықтарында жұмыс істегенін еске саламыз. Осы уақыт аралығында 150-ден астам жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге ниет білдірсе, олардың ішінен 78 кандидат таңдап алынды. Ағымдағы жылғы 12 қыркүйектен бастап жылжымалы үгіт пункті  Астана қаласындағы Республика даңғылында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалында өз жұмысын жалғастыратын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
446

Қаржы полициясы академиясында Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті

2013 жылғы 11 қыркүйекте Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
Рәсімге Қазақстан Республикасындағы Туркия Республикасы Елшісі Омер Бурхан Тузель, оның қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ирфан Озджан, еңбек жөніндегі кеңесшісі Атакан Уста, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Сюрея Эр, ТIKA агенттігінің Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбиль, «CIHAN» Ақпараттық агенттігінің директоры Доган Йылдыз.

Сәлемдесу сөзі рәсім қатысушыларға Қаржы полициясы академиясының бастығы, з.ғ.д., профессор, қаржы полициясының полковнигі Сарқытбек Сәрсембайұлы Молдабаев айтты. Ол заманауи компьютерлік техника, сервермен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің ашылуы, сонымен қатар «Платонус» автоматтандырылған оқыту жүйесін алу және орнатуы Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) белсенді қызметі арқасында жүзеге асырылғанды атап өтті.
Қазақстан Республикасындағы Туркия Республикасы Елшісі Омер Бурхан Тузель сөз сөйледі. «Қазақстан Республикасы және Туркия Республикасының білім беру және ғылым процесі саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығы мәлім. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынастар тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қарқынды дамыды және қазіргі жоғарғы деңгейге жетті. Бүгінгі таңда стратегиялық сипатқа ие болды» - атап өтті ол өз сөзінде.
Лента қию салтанатты рәсімі және Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің жұмысының көрсетілімі өтті.
Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Сюрея Эр ТIKA жобалары шеңберінде Түркия 100 елде жұмыс істейді, сонымен қатар Академия қызметкерлеріне академиялық ұшқұрлықты дамытуға және оқыту жүйесін модернизациялау бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенімділік білдірді.
Академия бастығының орынбасары, з.ғ.к., қаржы полициясының полковнигі Дұлат Сулейменұлы Жақашев білім беру саласындағы өзара іс-әрекет бойынша халықаралық бағдарлама үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
Шетелдік қонақтар көрсетілген жақсы қабылдауға және қазақстандық қонақжайлылыққа ілтипат білдірді, сонымен қатар Академияның материалдық-техникалық базасын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, тәртіпті қамтамасыз етуді жоғары бағалады.

0
0
473

Жас офицерлер Әскери әуе күштеріне қызметке келді

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдары   әскери оқу орнын бітірген түлектермен толықты. Қазақстанның, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери оқу орындарын бітірген 44 лейтенант Талдықорғандағы авиациялық базада жас офицерлердің оқу жиынына қатысты.

 


   

Жас офицерлер дене және атыс дайындықтары бойынша дайындықтан өтіп, мемлекеттік-құқықтық дайындық, Жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құпияларды қорғаудан лекциялар тыңдады. Жиында алған білім мен тәжірибе  жас офицерлердің ертеңгі әскери қызметіне пайдасын тигізері сөзсіз.

   

Сондай-ақ, жаңадан келген әскери қызметшілер моральдік-психологиялық жағдайын анықтау мақсатында психологиялық тестілеуден өткізілді.

   

Жиынға Әскери әуе күштері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев басшылық жасады, ол жас лейтенанттарға қызметтеріне табыс, өз мамандықтарының ерекшеліктерін толық меңгерулерін тіледі.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
455

«Саған сенемін. Мой — Лучший» — это веселая игра, где 4 семейные пары будут вести борьбу между собой.

Залог успеха - уверенность в своей второй половинке, умение понимать друг друга с полувзгляда и, безусловно, гармоничный семейный союз.        Ведущие: Баян Есентаева, Берик Турсынбеков   Мужчинам придется по-настоящему «сворачивать горы» во имя своих суженных, чтобы подтвердить произнесенную с гордостью фразу: «Мой - Лучший».
Главные герои проекта - крепкие семейные пары, молодожены и те, кто только собираются пойти под венец: им предстоит выполнить абсолютно непредсказуемые задания от ведущих и превзойти своих оппонентов, чтобы проверить - насколько хорошо они знают друг друга и какие подвиги готовы совершить во имя своей второй половины.
Мужчины сразятся в самых неожиданных, но истинно джентельментских конкурсах: будут вновь покорять сердца своих дам, выяснять, кто же из них сильнее и, конечно же, проявлять себя самыми галантными и мужественными представителями сильной половины человечества.
Главная задача участниц - быть уверенными в своих героях, не преувеличивать их возможности и поддерживать мужчин во всех испытаниях, ведь только самая сплоченная и гармоничная пара сможет победить в проекте «Мой - Лучший»!
Успеха достигнут лишь те участники, которые вопреки жажде победы и стремлению обойти других смогут оставаться одним целым, понимать друг друга без слов и доказать зрителям и ведущим, что они действительно настоящая пара.

0
0
743

Екіжүзділер мұсылмандарды масқаралаушылардан

Таңертеңнен бері Жолдас құдалыққа барарын, не бармасын білмей, аула кезіп жүрді. Үйге неше рет кіріп, шыққанын да білмейді. Барған үйі құда күтіп отырғасын, арақ-шарап қоятыны белгілі. Оған күмәні жоқ. Бірақ, ащы су қойылатын жерге бармау керектігін, оған Аллаһтың қарсы екенін және біледі. Екіұдай ойдың арасында ақыры бір шешімге келді. Қазақылығы жіберсін бе. «Мен қалайда барайын. Бастысы олардың жанында отырмаймын ғой. Сыртта өзім сияқты бір кісілер табылып қалар. Солармен сұхбат құрып уақыт өткізермін. Туыс-жаран болса да қажет. Бүгін мен бармасам, ертең олар да менің қуанышымды бөліспес. Бұлай жалғаса берсе адам санатынан сызылып қалармын. Жаман да болса туыстан айрылуға тағы болмайды»,-деп іштей күбірледі.

Құдалық

Құдалар қаладан шалғай жерде орналасыпты. Ауылдың кішілігі соншалық мектебі де жоқ екен. Күнкөрістері тек қана мал шаруасы.

Жолдастың тілегені алдынан шыға келді. Өзі тәріздес бір намазхан қария бар екен. Құдалар жағынан бола қалғаны тіптен нұр үстіне нұр боп кетті. Екеуі тіл табысып, біраз әңгіменің басын қайырып тастады. Сәлден соң бесін уақыты кірді, қарт имамдыққа шығып, Жолдас оған ұйыған күйі намаздарын оқып алды.

Осы кезде қонақтар да біраз нүктеге барып қалған болатын. Сарайдан құлып кетсе, иттен ұят кетеді демекші, ащы судан кейін ұятты ғана емес, киімдерін де шешкен күйі құдасы бар, құдашасы бар ер әйел деп бөлінбестен баршасы өзенге күйм-күмп қойысып жатыр. Сырттан бақылағанға сұмдық ерсі көрініс. Қараудан көз ұялып, Жолдас теріс айналып, ойға кетті. «Егер мен де бұрынғыша ішетін болсам, мыналардың қатарында жүрер ме едім? Неткен парықсыздық еді»,-деп жиіркеніп кетті.

Айт намазы

Бүгін оразаның соңғы күні болатын. Ертең айт намазы. Шал екеуі ертесімен іргелес ауылдың мешітінде жамағатпен намаз оқитын болып келісті. Қасиетті Рамазан айы аяқталып, күн арайлаған кезде, бейқам қонақтар доңызша домалап жатыр еді. Ертерек тұрғанымен, Жолдас шалды таппай қалды. Ерсілі-қарсылы іздеп, болмаған соң есік алдындағы орындыққа жайғасты.Түнде екі жақ өзара достасып, мың жылдық құда болысуға стақан соқыстырып жатқан сияқты еді. Енді жан-жағына қараса мына бір сорлының бетін біреу тегістеп кетіпті. Сүйреп әкеліп сарайға жатқыза салғанға ұқсайды. Көйлегі қан жоса. Бет аузы шыбындап, мұрнын кеміріп жатыр. Қыз берген құданың қаншалық сыйлы боп жатқанының көрінісі ғой бұл. Төрден орын алуы тиіс басы, сарайдың табалдырығында жатқаны енді мынау. Алдына бар тағамын қойып, таңдағанын сыпайы жеп отыруы тиіс еді ғой. Ал қазір малды ауылдың шыбындары мұны жеп жатыр. Кеше ғана екеуі қаладан бірге шыққанда «арақ деген адамға опа бермейді ғой»,- деп, сықиып киініп шыққан Мараты ғой бұл. Енді қарасаң хайуаннан артықшылығы қалмапты. Анадайда тағы бес-алтауы күбірлесіп отыр, соған қарағанда әлі ұйықтамаған болуы керек. Әңгімелерінің тақырыптары іріленіп кетіпті. Билікті даттап жатыр. Бірі елбасын «орнынан алу керек»,- деп бөсті. «Кешегі Жаңаөзендегі оқиғаны айтсайшы. Халыққа ие бола алмай отыр ғой»,- дейді тағы бірі. Мәселені шешу енді қолы кітап емес, бөтелке ашып үйренген осы алқаштарға қалыпты. Ал өздері сыртқы жаудан емес, өздерінің ауздарын арақтан арашалап қалуға қауқарсыз екендерінде істері жоқ. Айтып отырғаны жұрттан естігені. Өздік емес, ақпараттық пікір.

Шал ашқан өнер

Бірер сәттен соң көптен күткен шал да екі өкпесін қолына алып жетті. «Сені мазаламайын, ұйықтап жатқан шығар дедім. Пәленше көлігімен көрші ауылға бара жатыр екен сонымен жетіп қалдым»,- деді. Қош! Болар іс болды. Бірақ, әлгі шал өнерді енді ашты. «Ал, «пахан» мынадан алып жібер, ауыз ашуыңмен» деп бір қара доңбай сыра ұсынды. Шал мұны мүсе тұтпағандай: «Бинодан құй, сыраңды ұрайын деп, жағында қалған екі түйір тісін көрсеткісі келгендей» қарқылдай жөнелді. Жолдасқа «ә» дегізбестен, «інім құрғақ бино ғо»,-деп, бір көзін қысты да, шараптан тартып кеп жіберді. Бұрын-соңды мұндай мұнафықты көрмеген Жолдас, кешелі бері ішкендерден емес, намазхан шалдың әрекетінен қорыққан күйі туыстарын күтпестен, келіншегін ертіп, вокзалға тартып тұрды. Жол бойы іштей «Ей, Аллаһым! Мен мұнафықтан, алауыздықтан және жаман мінез-құлықтан саған сиынамын»,-деп келе жатты.

Сөз соңы: Аллаһу тағала Құран кәрімде былай деген: «Ей, мұнафықтар! Аллаһу тағала сендерді осы күйде қалдырмайды. Шынайы мүміндерді мұнафықтардан ажыратады» (Әли Имран сүресі, 7-ші аят)

Мұнафық-екі отар арасындағы қалған қой сияқты, бірде мына отарға қосылады, бірде арғы отарға қосылады.(Хадис шәриф. Сүлукул-Уләма)

0
0
740