Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шығыс конференциясында «Барыс» көш бастап тұр

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында көш бастап тұр.

Соңғы екі ойыннан кейін «Барыс» хоккей клубы алты ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бірінші орынға көтерілді. Ал қақпаға соғылған және өткізіп қойған шайбалардың саны (15-4) жағынан астаналық клуб тек биылғы чемпионаттың фавориттері — «Динамо-Мәскеу» (16-3) және «СКА» (16-6) командаларына ғана жол беріп тұр. Алайда «Барыстың» ойыншылары — Найджел Доус, Майк Ландин және Брэндон Боченски үздік сұрмерген мен пайдалы пас берген хоккейшілердің ішінен оқ бойы озық шықты.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы командалар шығыс және батыс конференцияларда өнер көрсетеді. Әрбір конференцияның жеңімпазы финалда кездесіп, Гагарин кубогын сарапқа салады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
296

Осы тақырып бойынша

Шығыс конференциясында «Барыс» көш бастап тұр - Yvision.kz