Мазмұнға өту

Жаңа

Күрес Олимпиада бағдарламасында қалды


Күрес Олимпиада бағдарламасында қалды. Мұндай шешім Буэнос Айресте өтіп жатқан кезекті ХОК сессиясында қабылданды.Бұл туралы «Аламан» хабарлады. Биылғы жылдың ақпан айында ХОК күресті Олимпиада бағдарламасынан алып тастаған болатын. Кейін күрес, сквош, бейсбол спорттарының бірі ғана Олимпиадаға енеді деген еді. 8 қыркүйек күні өткен дауыс беру шарасында ХОК-тың 49 мүшесі күресті, 24 мүшесі бейсболды, 22 мүшесі сквошты жақтап дауыс берген.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
447

Виталий Кличко 2014 жылы спорттық мансабын аяқтайды

Бокстан WBC нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Виталий Кличко кәсіпқойлар арасындағы спорттық мансабын 2014 жылы аяқтауы мүмкін.Бұл туралы РБК хабарлайды. Ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясының өкілі Том Леффлердің айтуынша, Виталий Кличко енді спорттық ғұмырында бір ғана кездесу өткізуі ықтимал. Чемпиондық атаққа үміткер канадалық Бермейн Стивернге қарсы жекпе-жегінде украиндық осы атақты қорғап қалу үшін шаршы алаңға соңғы рет көтеріледі. Виталий Кличко бұған дейін 2012 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде шаршы алаңға шыққан, ол кезде Мануэль Чаррды техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Украиндық боксшы барлығы 47 кездесу өткізсе, оның 45-ін (41 нокаутпен) жеңіспен аяқтады. Екі рет жеңілістің ащы дәмін татқан — 2003 жылы Леннокс Льюистен және 2000 жылы Крис…

0
0
261

Серена Уильямс «US Open-2013» жеңімпазы атанды


Серена Уильямс

2013 жылғы теннистен «Үлкен Дулыға» турнирлерінің соңғысы — АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы сыны аяқталды.Биыл да өткен жылғыдай америкалық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс өз жерінде топ жарды. Бұл — оның «Үлкен Дулыға» турнирлеріндегі 17-ші жеңісі. Финалда ол Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
353

Адам көркі — шүберек #4: Әйгерім Мұсаева

Бүгінгі сән айдарының қонағы киімінде, келбетінде үлкен өзгерістер енгізуден қорықпайтын, әрдайым қызықты эксперименттен қашпайтын және әрқашан көңілді болып жүретін алматылық ару қыз - Әйгерім. Жасы - 21де. Әйгерім ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Қазір "Хит-тв" арнасының журналисі. "Headliner", "Арнайы репортаж" атты бағдарламаларды даярлайды. Мен өзімді заманауи қыз деп санаймын. Әрқашан сән қумасам да, өзіме жарасатын киім киюге тырысамын. Маған көзге бірден ілігетін, қарапайым емес киімдер ұнайды. Киім киісіме қарай образ жасап, бірде қарапайым қыз, бірде мінезді қыз бола аламын. Бір қалыптылық ұнамайды, өзгеріп жүргенді ұнатамын. Биік өкшелерді жақсы көремін. Киім киюде де, өмірде де батыл шешімдер қабылдаймын. Тым қысқа белдемшеден, етегі жерге тиетін белдемшеге дейін к…

4
5
7369

Қаржы полициясы агенттігінде Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтеді

2013 жылы 10 қыркүйекте сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің (қаржы полициясы) ғимаратында Агенттік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) отырысы болады. Отырыста үш мәселе қарастырылады: «Кірістер мен шығыстарды декларациялау. Заңсыз (негізсіз) баю үшін жауаптылықты енгізу», «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды жымқырумен күресу». Кіріспе сөзбен Қоғамдық кеңестің төрағасы «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша Республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов ашады. Қөғамдық кеңесте «Сандж» зерттеу орталығы»…

0
0
375

Тегін қазақша рефераттар, курстық, семестрлік жұмыстар

Бәріне сәлем) Қазақ тілінде оқитын студенттер, оқушылар материалдың тапшылығымен жиі кездеседі. Бүгінгі күні осы проблеманы шешуге үлес қосып жатқан сайттар, ұжымдар да бар. Алайда, бұл сайттардағы барлық материалдар қарапайым студентке әрдайым қол жетімді деп айту қиын. Әсіресе, уақыттың тапшылығында жылдам, әрі смс жіберусіз жеңіл, әрі тегін, 1-2 пернені басып жүктей салатын қазақша сапалы рефераттар мен курстық, семестрлік жұмыстар, презентациялардың сайты бірең-сараң деп айтсақ артық болмас. Бірақ, қуанышқа орай, осы аталған барлық проблемалардың оңай шешімі табылды! Ол - http://westudent.kz/ порталы! Бұл сайттан сіздер өзіңізге керекті мағлұматты сайтқа орнатылған ыңғайлы https://www.google.kz/ іздегіші немесе түрлі 10-нан астам санаттар арқылы оңай тауып,ешқандай смс жібермей-ақ тег…

0
0
2690

Танкистер қашан да құрметке лайық

Қыркүйектің екінші жексенбісінде кәсіби әскерилер мен танк жасаушылардың – Танкистер күні мерекесі аталып өтеді. Мереке сайын шынжыр табанды жойқын техниканы меңгерген Отан қорғаушыларды ұлықтау Құрлық әскерлерінде дәстүрге айналғалы қашан. Бұл күні республикамыздағы барлық танк бөлімшелерінде мерекелік шаралар жүзеге асырылады. Жуырда Ресей Федерациясының Алабино поселкесіндегі «Танк биатлоны» халықаралық жарысында 10810 әскери бөлімінің танк экипажының негізгі құрамы: танк командирі – аға лейтенант Жанат Қуанышев, нысана көздеуші – аға сержант Айдын Қалиолдин, жүргізуші-механик – ефрейтор Марат Түсіпов және танк командирінің көмекшісі – сержант Мирас Нурко екінші орынды иемденіп жеңіспен оралды. Бұл табыс әскери қызметшілерімздің кәсібилігінің артқандығын және Құрлық әскерлерінде жауынг…

0
0
1022

Қазақстанның Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасын экстрадициялау туралы баспасөз ақпараты

Бүгін қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаеваны Мәскеу қаласынан Астана қаласының әуежайына алып келді, оны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап еткені (ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігінің «б», «г» тармақтары), сондай-ақ қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы берді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstannyn-statistika-agenttiginin-buryngy-toragasyn-ekstradiciyalau-turaly

0
0
304

Алматы қалалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы баспасөз ақпараты

2013 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Алматы қалалық сотының судьясы К.Д.Өтемісоваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 350-бабы бойынша ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған көрінеу әділетсіз сот актісін шығарғаны үшін қылмыстық іс қозғады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/almaty-kalalyk-sotynyn-sudyasyna-katysty-kylmystyk-kozgalgany-turaly-baspasoz

0
0
229