Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Хоккей: «Барыс» «СКА»-дан ұтылып қалды


Илья Ковальчук

Кеше Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «СКА» (Санкт-Петербор) командасымен кездесті.

Статистика бойынша бұған дейін аталған екі команда он рет кездескен. Он матчтың жетеуінде «СКА» командасы жеңіске жетсе, тек үшеуінде ғана «Барыстың» мерейі үстем болды. Өкінішке қарай, бұл жолы  сәтсіздік тағы жалғасты. Ойынның бірінші кезеңінде қарсыластар есеп ашса да, «Барыс» оны іле-шала теңестіре білген еді. Алайда, көп ұзамай «СКА» тағы да суырылып алға шықты. Есеп — 1:2. Ал екінші кезеңде біздің қақпамызға кірген үш бірдей шайба жанкүйерлердің еңсесін түсірді. Дегенмен үшінші кезеңде бір шайбаны салудың реті келді. Осымен ойын да аяқталды. Қорытынды есеп — 2:5.

Осы ойыннан кейін «СКА» тағы үш ұпайды олжалап, 12 ұпаймен турнир кестесінде бірден бірінші орынға көтерілді. «Барыс» болса, 6 ұпаймен 12-ші орынға сырғыды.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
297

Осы тақырып бойынша

Хоккей: «Барыс» «СКА»-дан ұтылып қалды - Yvision.kz