АҚЫЛ МӘНІСІ ЖӘНЕ ЖАСТАР (Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармалары негізінде)
Жаратылыс, дүние, тіршілік атты ұғымның өзіндік бастауы бар және шектелер шегі бар көпқырлы құбылыс екендігі баршаға мәлім. Біреу жаратылысты дүние деп жатса, енді біреу тіршіліктің мәні деп санайды. Дегенмен, ақылға салып таразылай білсек, үш ұғымның үш түрлі өзіндік белгісі бар. Көп ойланып, көп толғанып, ойды бір жерге қосып, сараптар болсақ, жаратылыссыз дүние, дүниесіз тіршілік, тіршіліксіз адам атты жан иесінің мәні жоқ секілді. Адамды адамммен салыстыратын, адам мен адамды теңестіретін, тіпті ажырататын да – ақылдың күші. Сондықтан да болар, ақылы көп ұтып, ақылы аз ұтылып әрі тұтылып жатады. Жаратқан иенің адамға ақылды әу бастан-ақ маңдайына жазатыны тағы да өзіндік аксиома. Бұл ұғымның дәлелденбейтінін ескерер болсақ, сонда адам ақылмен туады ма деген ой мазалайтыны да тағы бар.…