Алматыда өтетiн бокстан әлем чемпионатына 600 боксшы қатыспақ
Бокстан «Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы хабарлады.
«АИБА-ның бокстан Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады деп күтiлуде», — делiнген федерацияның таратқан хабарламасында.
Айта кетейiк, әлемдiк бiрiншiлiкте боксшылар АИБА-ның жаңа ережесi бойынша, шаршы алаңда шлемсiз бокстасады. Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 14-26 қазан күндерi өтедi.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев

