Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақты сынаушыларға

Қазақты сынаушыларға

Жамандау болды бір ермек,
Желбуаз сөзге кім шыдар?
«Қазақтар пәлен, түген!», - деп
Көбейіп кетті сыншылар!

Өрелі ойлар – төрелі,
Уәжді сөзге тоқтайын.
Бәлені үйіп-төгеді,
Басқада сол мін жоқтайын!

Баталы сөзі – тілегі,
Алдымен менің бабамды ұқ!
Білесіз – қатар жүреді
Жақсылық пенен жамандық!

Бұл ғұмыр – сабы қамшылық,
Уақыт – мықты емшілік.
Қазақта жетер жақсылық,
Және де бірер кемшілік!

Қиялым - өңім, түсім бе?
Қатардан қалмау - бір арман.
Сынай бер қазақ ішінде, -
Тек сөзді сыртқа шығарман!

Бақ құсы болып қонайын,
Алашым – ардақ ұйымым.
Басқаны сынау - оңайың,
Өзіңді сынау – қиының!

Жеңіс те - ұғым мың түрлі,
Түзелген еңбек, төзімнен!
Жақсартам десең ұлтыңды -
Әр қазақ, баста өзіңнен!

0
0
329

ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды

Бүгін Астанаға ЕҚЫҰ және АӨЫСШК мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар мен өкілдер келді. 16-19 қыркүйек аралығында шетелдік бақылаушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды.

 

 

Қазақстан Республикасының бастамасымен бұл іс-шараға қатысуға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің өкілдері алғаш рет шақырылып отыр.

   

– Қазақстан Вена құжаты шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін уақтылы әрі толық орындауға барынша маңыз береді, – деп атап өтті генерал-майор Б. Майкеев өз баяндамасында. – Біз ЕҚЫҰ механизмдерінің дамып, жаңарып және қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл ойнауын жалғастыруына мүдделіміз, - деді шетелдік меймандарар алдында сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев.

   

ЕҚЫҰ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Форумның бағасы бойынша Қазақстан Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер арасында әскери-саяси өлшем шараларын қабылдау саласында көшбасшы болып отыр. ҚР Қорғаныс министрлігі еліміз аумағында 80-нен астам инспекция жасады.

   

ҚР Қарулы Күштерінің әскери нысандарына бару кезінде қатысушылар әскери бөлімдердің күнделікті қызметін көруге, инфрақұрылымы және оқу-материалдық базасымен толық танысуға мүмкіндік алады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
420

Жұмысымызды жалғастырамыз

Сәлеметсіздер ме,  қымбатты  достар!

Сіздермен де сұхбаттасатын мүмкіндіктің сәті түсті-ау, әйтеуір!

Жаз айлары айтарлықтай жылы болмаса да, Табиғат-Анамыз сыйлаған күннің жаманы жоқ.

Не десек те, жаздың аты жаз. Сондықтан да болар, көпшілік қауым демалу, жол жүру сияқты басқа да  өзінің маңызды шаруаларын жаз айларына межелейді емес пе. Бұдан мен де тысқары қала алмадым. Үш айға жуық уақыт үнсіз жатқан себебім  де сол.  Осы уақыт ішінде менің де отбасылық өмірімде біраз жағымды жаңалықтар орын алды. Маған жеткен жақсылық сіздерге де жұғысты болсын.

Алдымызда қыркүйектің мизам шуағымен бірге жаңа жоспарлар мен жаңа жетістіктер мезгілі келе жатыр. Әсіресе, дара тұлға ретінде жетіле түскенге не жетсін, солай емес пе? Сондықтан да жазғы үзілістен кейін Орталығымыздың өз жұмысын қайта жандандыратынын қуана хабарлаймын сіздерге. Мемлекетіміздің тілін үйреніп, білімімізді шыңдай түсейік, қадірменді достар!

Қазіргі кезде мына топтарға жазылым жүргізіліп жатыр:

·         ауызекі қазақ тілі (топтасып оқу);

·         «нөлдік деңгейден бастап» қазақша үйрену (топтасып оқу);

·         қазақ тілін жеке үйрену;

·         іс жүргізудегі қазақ тілі;

Сұрақтарыңыз болса, мына телефондарға хабарласыңыз:

400-703 (501 ішк.) и  400-703 (605 ішк.)

 

Кеңсе менеджерлері:       Мәдина- 8 707 723 19 58;

Әсем – 8 705 425 41 43;

 
0
0
465

«Турбо-трафик» туралы тағы да біразырақ сөз!

Қымбатты достар, "Турбо-трафик" туралы тағы да біразырақ сөз!
Тиімді ұсыныс – трафиктің қосымша көлемін сатып алу мүмкіндігін пайдалана отырып, сіз екі айға дейін өзіңіздің ағымдағы тарифтік жоспарыңыздың бағасымен ең үздік параметрлері бар тарифтік жоспарды пайдалана аласыз!

Қымбатты достар, "Турбо-трафик" туралы тағы да біразырақ сөз!

Тиімді ұсыныс – трафиктің қосымша көлемін сатып алу мүмкіндігін пайдалана отырып, сіз екі айға дейін өзіңіздің ағымдағы тарифтік жоспарыңыздың бағасымен ең үздік параметрлері бар тарифтік жоспарды пайдалана аласыз!

 

0
0
464

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті

2013 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОҚМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңестің аңшылық шаруашылығы секциясының отырысын өткізді.

Кеңестің бұл секциясы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, халықаралық тәжірибені ендіру және инвестицияларды тарту салаларын реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беру мақсатында құрылған.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/09/3127-64/

0
0
305

Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы Еуразия спорттық ойындары басталды


Iлсияр Қанағатов

Ағымдағы жылы 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразия спорттық ойындары өтедi.

ҚР Спорт және дене­шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан барлық жағдай жасалды.

Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындардың регламентiне сәйкес спортшылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медальды сарапқа салады. Жарысқа Ресейден — 288, Қырғызстаннан — 175, Беларуссиядан — 100, Тәжiкстаннан — 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы, сайысқа 1000-нан астам адам қатысса, оның 700-i — спортшылар. Жарысқа 400 төрешi төрелiк етедi.

Шараның ашылу салтанаты «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенiнде 15 қыркүйек күнi, сағат 19:00-де өтедi деп жоспарланған. Ал, сайыстар Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Достық» спорт кешенi, «Темiр Дос» спорт залы, «Бағанашыл» спорт кешенi секiлдi бiрнеше спорт нысандарында өтедi, деп жазады «Алматы ақшамы» газеті.

   

АСТАНА.   ҚазАқпарат

 
0
0
326

Мұхит Тұрсынов «Алтай барысы» атанды

Кенді Алтайда дүркіреп өткен Оралхан Бөкейдің тойында балуандар арасында «Алтай барысы» анықталды.

Жазушының тарихи повесіне арқау болған өз заманында «бөрікті балуан» атанған Айпара-анаға дейін де, одан кейін де Төр Алтайда небір балуандар өткен. Алайда дәл бүгінгідей бәсі жоғары, тартымды да тартысты дода болмағанына да біраз болыпты. Атан жілік, апайтөстер қарсы келгенді айбарымен жасқаса, бұқа мойын, бура сандар белдескеннің бәрін күшімен тұқыртып жатты. Ал қайыстай тартылған ықшам денелі, қабыландай құйтұрқы қимылды тарамыс балуандар әдістің түр-түрін көрсетіп, тамашалағандарды пай-пайлатып-ақ тастады. Айбек Нұғымаровқа дейін «Қазақстан барысының» атағын иеленген тараздық Бейбіт Ыстыбаев пен қызылордалық Ұлан Рысқұловтың кілемге шығуын тағатсыздана күтіп отырған жұрт өзге балуандардың өнеріне де қошеметтерін аямады. Ұлан Рысқұлов ақтық тартысқа жетпей сүрінсе, Бейбіт жастығына қарамай беріспес бәсекелесіне айналған шығыстың тағы бір тарланы Мұхит Тұрсыновпен соңғы белдесуіне шыққан еді. Намысы жүрегінде бұрқ-сарқ қайнап жатса да, сыртқа сездірмейтін сабаз жерлесіміз «Қазақстан барысында» кеткен есені қайтарудың сәтін орайымен пайдаланды. Таза жеңіске баланған тәсілі оны «Алтай барысы» атағына жеткізді. Ат жарысы мен балуан күресі ән-күйсіз өтуші ме еді. Тойға арнайы келген «Қоңыр» тобы атшабардан ел тарағанша қоңыр әндерін үзбей шырқады.

Бұл той да мәресіне жетті. Мынау аппақ дүниеде Алтайдан көрікті мекен жоқ болса, ондай топырақтан таланттар шоғыры мәңгі үзілмейтінін дәлелдеп, екі күнгі ертегіге бергісіз думан да толастады. Қазақтың қадірлі ұлы Оралханның қайраткер тұлғасына тамсана бас иген мүйізі қарағайдай ақын-жазушылар осындай берекелі ел барда, Оралханның әдбиетке сәуле шашып тұрған өз отының өшпейтініне көздері жетіп, көңілдері жайланды. Неше күнгі сабылыстан шаршаса да, ұйқысы келмей ел қалды, деп жазады Altaynews.kz.

   

АСТАНА.   ҚазАқпарат

 
0
0
597

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Вуэльта» қорытындысы бойынша екінші орында


Винченцо Нибали

Австралиялық Майкл Мэтьюз «Orica» «Вуэльта» көпкүндігінің қорытынды кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші орында американдық Тайлер Фаррар «Garmin», үшінші неміс Никлас Арндт «Argos». Жалпы есепте «RadioShack»-тан америкалық Кристофер Хорнер бірінші жетсе, оның артынша «Астана» командасынан итальяндық Винченцо Нибали мен «Movistar»-дан испандық Алехандро Вальверде келді.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
0
233

Қазақстан — көкпардан Азия чемпионы

Астанада тұңғыш рет көкпардан өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің бас командасы бес күн бойы «Қазанат» атшабарының шаңын қаққан командалар арасында тұңғыш Азия чемпионы атанды! Сөйтіп, көпшілігіміз күткендей, Азия чемпионы деген мәртебелі атақты басқа емес, өзіміздің ұлттық құрама командамыз иеленіп, Астана аспанында еліміздің әнұранын тағы да қалықтатты.

Кеше біздің құрама финалда Қырғызстан командасымен кездесіп, 4:2 есебімен ұтты. Бұл кездесуде біздің құрама Азия чемпионы атағын жеңіп алу бар күш-жігерін жұмсап, айлар бойы дайындалған еңбегінің терін төкті десе болады. Онда команданың бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев бастаған жігіттеріміз өздерінің ептілігімен, бұла күшінің мықтылығымен жұртшылық алдында жанкүйерлерін жерге қаратпай, қарсыластарынан таза, әділ өткен ойында басымдық танытты. Кездесудің әділ, таза өткенін қырғыз құрамасының бас жаттықтырушысы да мойындап, алаңның бас төрешісі мен төрешілерге алғысын білдірді. Жалпы, Азия чемпионатында сайдың тасындай іріктелген біздің жігіттердің бәрі де жарады. Егер аттарын атап өтетін болсақ, Бақтыбай Шырынқұлов, Бағлан Шырымбаев, Құлажан Тоғайбаев, Дәулетбек Омбаев, Еркебай Омарбек, Нұржігіт Мырзабаев, Арслан Қабжанов, Ермек Көбей, Манарбек Дүйсенбиев, Ұлан Байтөреев, Темірхан Айтбаев пен Александр Пупенко деген ат құлағында ойнаған жігіттер тамаша өнер көрсетті. Сонымен бірге ойында жігіттердің мінген тұлпарларының да еліміздің Азия чемпионы атағын жеңіп алуына үлес қосқанын айтпай кетуге болмас. Әсіресе, «Лазер» атты тұлпардың ақылдылығы мен жылдамдығына қайран қалмасқа шара жоқ. Кездесуде біздің құраманың қазандыққа салған серкелерінің көбісі осы Бақтыбай Шырынқұловтың тұлпарының көмегімен болды. Осы тұлпар чемпионат соңында «Ер қанаты» деген номинациясын иеленіп, өзіне лайықты құрметке бөленді.

Биылғы чемпионатқа басқа командалардың да жақсы дайындықпен келгендерін айтқан болатынбыз. Мәселен, финалда Қазақстан құрамасымен кездескен Қырғызстан командасы барлық жағынан Азия чемпионы атануға лайық екендерін көрсетті. Қазір бұл елде көкпарға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, үлкен қолдау көрсетіледі екен. Міне, осындай көмектің нәтижесінде айырқалпақты ағайындарымыз жыл өткен сайын біздің құрамаға нағыз қарсылас болып, кей жерде өздерін мықты санайтындай жағдайға да төбесі бір елі жетпей қалады. Биылғы көкпар бәсекесіне де қырғыз құрамасы жақсы дайындықпен келіпті. Келгенде, Азия чемпионатына біздің құрамаға білдіртпей, біз білмейтін жаңа команданы жасақтап әкеліпті. Сол жігіттердің бірі — Нұрмұхамед Қойшекеев чемпионатта «үздік салымшы» деген атақты иеленді. Қырғыздардың тұлпарларының өзі де бір төбе десек артық етпес.

Финалда олардың жылдам, шапшаң аттары біраз аттарымызды ілестірмей кете жаздады. Қырғыздар командасына финалға жолдама алып берген осы тұлпарлары деуге болады. Дегенмен, біздің құраманың жігіттері финалда қырғыздардан барлық жағынан мықты екендерін дәлелдеп берді. Азия чемпионатында басқа елдерден Тәжікстан құрамасының өнері де көпшіліктің көңілінен шықты. Олар Қазақстаннан жеңілгенімен, Ресей мен Моңғолия командаларын, ал үшінші орын үшін өткен ойында Қытайдың Іле қазақ ауданының командасын ұтып, қола жүлдеге ие болды. Бұл командалардың арасындағы кездесу де кеше өтті. Ал алдыңгүні, сенбіде Ресей Өзбекстан құрамасын 9:2 есебімен жеңіп, бесінші орынды иеленді. Жетінші орын үшін кездесуде Моңғолияның Баян Өлгей қазақтары Түркия құрамасын 9:4 есебімен ұтты. Сөйтіп, Азия чемпионатында Түркия ең соңғы орынды қанағат тұтты, деп жазады «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі.

   

АСТАНА.   ҚазАқпарат

 
0
0
565

Волейбол: Қазақстанның құрамасы бірінші орынға көтерілді


Қазақстан құрамасы
Тайландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болды.

Кеше біздің волейболшы қыздарымыз Австрия құрамасын 3:1 (25:16, 25:15, 24:26, 25:18) есебімен ұтып, жалпы 9 ұпай жинады. Осының арқасында «А» тобында бірінші орынға шығып, ширек финалға жолдама алды. Бұған дейін Қазақстанның волейбол командасы өз тобындағы Тайланд пен Моңғолия командаларын жеңген болатын.

АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
1424