«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Вуэльта» қорытындысы бойынша екінші орында
Австралиялық Майкл Мэтьюз «Orica» «Вуэльта» көпкүндігінің қорытынды кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.
Екінші орында американдық Тайлер Фаррар «Garmin», үшінші неміс Никлас Арндт «Argos». Жалпы есепте «RadioShack»-тан америкалық Кристофер Хорнер бірінші жетсе, оның артынша «Астана» командасынан итальяндық Винченцо Нибали мен «Movistar»-дан испандық Алехандро Вальверде келді.
АСТАНА. ҚазАқпарат

