Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмысымызды жалғастырамыз

Сәлеметсіздер ме,  қымбатты  достар!

Сіздермен де сұхбаттасатын мүмкіндіктің сәті түсті-ау, әйтеуір!

Жаз айлары айтарлықтай жылы болмаса да, Табиғат-Анамыз сыйлаған күннің жаманы жоқ.

Не десек те, жаздың аты жаз. Сондықтан да болар, көпшілік қауым демалу, жол жүру сияқты басқа да  өзінің маңызды шаруаларын жаз айларына межелейді емес пе. Бұдан мен де тысқары қала алмадым. Үш айға жуық уақыт үнсіз жатқан себебім  де сол.  Осы уақыт ішінде менің де отбасылық өмірімде біраз жағымды жаңалықтар орын алды. Маған жеткен жақсылық сіздерге де жұғысты болсын.

Алдымызда қыркүйектің мизам шуағымен бірге жаңа жоспарлар мен жаңа жетістіктер мезгілі келе жатыр. Әсіресе, дара тұлға ретінде жетіле түскенге не жетсін, солай емес пе? Сондықтан да жазғы үзілістен кейін Орталығымыздың өз жұмысын қайта жандандыратынын қуана хабарлаймын сіздерге. Мемлекетіміздің тілін үйреніп, білімімізді шыңдай түсейік, қадірменді достар!

Қазіргі кезде мына топтарға жазылым жүргізіліп жатыр:

·         ауызекі қазақ тілі (топтасып оқу);

·         «нөлдік деңгейден бастап» қазақша үйрену (топтасып оқу);

·         қазақ тілін жеке үйрену;

·         іс жүргізудегі қазақ тілі;

Сұрақтарыңыз болса, мына телефондарға хабарласыңыз:

400-703 (501 ішк.) и  400-703 (605 ішк.)

 

Кеңсе менеджерлері:       Мәдина- 8 707 723 19 58;

Әсем – 8 705 425 41 43;

 
0
0
424

Осы тақырып бойынша

Жұмысымызды жалғастырамыз - Yvision.kz