Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Қорғаныс министрлігі: Қарулы Күштердің қаржыгерлері бюджетті уақтылы және сапалы игеру үшін

ҚР Қарулы Күштеріндегі экономикалық және қаржылық тәртіп ҚР Қорғаныс министрінің әскери қаржыгерлер алдына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.

-    Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс екені атап өтілген болатын. Сондықтан да Қарулы Күштердегі қаржылық қызметтердің жұмысы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының аясында ең жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс, - деп ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков атап көрсетеді.

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған міндеттерді іске асыру мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржылық қызметкерлерінің жиыны болып өтті.

Бюджетті жоспарлау, ағымдағы жылға бөлінген қаражатты игеру, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуді талдау, күнделікті жұмыстағы кемшіліктерді талқылау, 2013 жыл үшін Қарулы Күштер қаржылық қызметтері жұмысының қорытындысын шығару, сондай-ақ 2014 жылға міндеттер қою жиынның негізгі тақырыптарына айналды.

Жиынға қатысушыларға жоспарланған кезеңге арналған ҚР Қорғаныс министрлігі бюджетінің негізгі параметрлері жеткізілді.

Осылайша 2014 жылға арналған Қорғаныс министрлігі бюджетінің жобасы 2013 жылмен салыстырғанда 43 млрд теңгеге өсумен 376,9 млрд теңгені құрайды, жалпы алғанда шығыстар сапалық параметрлерді жоғарылатуға және әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған, соның ішінде:
Қарулы Күштерді дамытуға – 137,9 млрд теңге немесе бюджеттің 37% (2013 жылға 23,1 млрд теңгеге көбеюмен);
Қарулы Күштерді ұстап тұруға – 239 млрд теңге немесе бюджеттің 63% (2013 жылға 20 млрд теңгеге көбеюмен);
Бұл ретте жыл сайын ұстап тұру мен дамуға арналған шығыстар үлесінің арақатынасының айтарлықтай өзгеріп келе жатқанын атап өту қажет. Осылайша 2014 жылға арналған ұстап тұру мен дамуға арналған шығыстар арақатынасы 63 және 37 % құрайды, ағымдағы жылы сәйкесінше 66 және 34 % , салыстыру үшін 2012 жылы 39-ға 31 % болатын.

Қорғаныс министрлігінің ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын қамтамасыз ету үшін Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаев қаржы қызметкерлерінен 2013 жылы ақшалай қаражатты сапалы және толық игеруді талап етті. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары 2013 жылдан бастап егемен Қазақстанның тарихында тұңғыш рет әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңында көзделген мақсатты өтемақыларды төлеу бағдарламасы іске асырылып келе жатқандығын атап өтті.

Бұдан басқа 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте 10 жылдан кем болған әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақыны төлеу рәсімін жеңілдету үшін тиісті Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысымен бекітілген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
ҚР Қарулы Күштерінің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуін талдаған Иманжүсіп Ақпомбаев материалдық құндылықтардың ұрлануы мен талан-таражға салынуын болдырмау мақсатында қаржы қызметкерлері ұдайы негізде өз кәсіптік дағдылатын арттыруға міндетті деп атап көрсетті.

ҚР ҚМ баспасөз қызметі

0
0
394

Осы тақырып бойынша