Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Айтылмаған әңгіме» атты жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі

Ешкім естімеген, бұдан бұрын еш жерде айтылмаған эксклюзивті тақырыптарды көтерген "Айтылмаған әңгіме" атты жаңа жобаны 31 арна көрермендеріне тарту етеді. Бағдарламаның алғашқы саны бүгін, 11 қараша күні кешкі 19.30-да эфирге шығады.

Бағдарламаға тек Қазақстан аумағынан ғана емес, Қытай, Түркия, Ресей секілді мемлекеттерден де арнайы қонақтар келіп қатысады.

"Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының редакторы Азамат Есберген:

Осы уақытқа дейін мұндай бағдарлама болған жоқ Қазақстанда, және бір ерекшелігі - драмматургиялық тұрғыда да өзіндік мәні бар, финалы бар. Яғни әрбір кейіпкеріміздің арманын орындауға немесе көптен бері орындай алмай жүрген ісін орындауға қолұшын беріп жатырмыз.

Бұл бағдарламада "Айтылмаған әңгіме" айтылады. Бұл жобада өмірі - өзгеге өнеге, өресі биік жандардың өрелі сөзі айтылады. Тағдырының тартуымен, 25 жыл бойы бір-бірін көрмеген адамдар кездесіп, елден жырақта жүрген арда азаматтарымыз арнамызға "айтылмаған әңгімесін" айтуға келеді.

ӘНУАР ШӘЛЕКЕНОВ, "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының атқарушы продюсері:

Бүгін ғана бағдарламаға қатысатын қонақтар Түркия мен Қытайдан келіп жатыр. Одан қалды, қасымыздағы Ресей, Өзбекстаннан да келіп жатыр. Шет мемлекеттерден қонақтар жиналып жатыр.

Шеттегі қонақтар келмей тұрып, тілшілер ол кісілердің тұрмысымен алдын-ала танысып та қайтты. Жаңа жобаның тағы бір жаңалығы - басы бар әңгіменің аяғының да айтылуында. Яғни талқыға салынған тақырыптың нәтижесін көрсетеміз.

"Айтылмаған әңгіме" қалмайды, достар. 19.30-да жіберіп алмаңыздар.

2
0
1674

Осы тақырып бойынша