«Жол жүрісі қауіпсіздігінің апталығы»
Бүгін ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен «Жол жүрісі қауіпсіздігінің апталығы» басталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. Мұның мақсаты – жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, автомотокөлікпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Қауіпсіздік аптасын өткізу барысында әртүрлі мақсатты аудиториялар арасында жолдарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған жаңа акция күн сайын өткізілетін болады.
