Мазмұнға өту

Жаңа

Төрт әлем чемпионы Қазақстандағы үздік боксшы атағына үміткер

Біржан Жақыпов

Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы үздік боксшы атағына үміткер, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үздік боксшыны анықтауға дауыс беруді Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өткізуде. Осы жерде үздік боксшыға дауыс беруге болады.

Айтып өтейік, төрт босшы да Алматыда өткен ӘЧ-да әлем чемпионы атанған болатын. Осы жеңістерінің арқасында бокс бойынша Қазақстан құрамасы 2013 жылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

0
0
573

Бокс: «Астана арландары» «Баку оттарын» қабылдайды

«Астана арландары»

15-ші қарашада бүкіләлемдік бокс сериясының төртінші маусымы басталады. Алматыда «Астана арландары» «Баку оттарын» қабылдайды. Ал 22-ші қарашада Мәскеуде біздің жігіттер Ресей құрамасымен кездеседі, деп хабарлады alaman.kz.

49 келі: Анвар Мұзапаров — Хамза Наметов

56 келі: Бағдат Әлімбеков — Магомед Гурбанов

64 келі: Асхат Уалиханов — Осман Алиев

75 келі: Сергей Деревянченко (Украина) — Микалай Весялу (Белоруссия)

91 келі: Василий Левит — Абдулкадыр Абдулаев
52 келі: Миша Алоян — Олжас Сәттібаев

60 келі: Адлан Абдурашидов — Самат Башенов

69 келі: Александр Иванов — Мейірім Нұрсұлтанов

81 келі: Дмитрий Бивол — Данабек Сужанов

+ 91 келі: Сергей Кузьмин — Филип Хргович (Хорватия).

0
0
467

Волейбол: Хромтау мен Атыраудың жігіттері жеңіліссіз келе жатыр

Алматыда волейболдан Жоғары лиганың «Б» дивизионындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-турында алғашқы 3 кездесудің қорытындысы бойынша 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр. Қазір турнир кестесінде 9 ұпаймен «ТНК Қазхром-2» (Хромтау) көш бастап келе жатыр. Одан 1 ұпайы кем «Атырау-2» волейболшылары екінші орында тұр. Ал Қызылорданың «Қорқыт Ата ҚМУ» (4 ұпай), «Қостанай (3 ұпай), «Тараз-ТармУ», (2 ұпай) «Астана -Ұлан» (1 ұпай) командалары 3-6 орындарды өзара бөлісуде. Кеше бір күндік үзіліс алған командалар бүгін жарысты қайта жалғастырады. Онда астаналықтар қостанайлықтармен, тараздықтар қызылордалықтармен, хромтаулықтар атыраулықтармен күш сынасады. Ал ертең атыраулықтар астаналық, қызылордалықтар хромтаулық, қостанайлықтар тараздық волейболшылармен бірінші 3 турдың…

0
0
490

Қазақстандық дарынды бала Испанияда доп тебеді

12 жастағы алматылық талантты футболшы Алдиар Әлім вальядолидтік «Реалдың» академиясына қабылданды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр. Екі апта бұрын Испанияға жол тарқан жас талант «Реал Вальядолид»жастар академиясымен келісім-шартқа отырыпты. Алматыдағы Республикалық спорт колледжінде жас жеткіншектерді жаттықтыратынВасилий Маруняктан тәлім алған Алдиардың ойыны испандықтарға ұнаған. Қазақстандық жас футболшының Вальядолид академиясына түсуіне ресейлік агент Павел Астафьевтің көмегі тиіпті. Ол Алдиардың ойыны жазылған дискіні аталған академияға жолдаған екен. Алдиардың әкесі Мараттың айтуынша, бапкерлер жерлесіміздің ойынына риза көрінеді. Естеріңізге сала кететін болсақ, осыдан бірнеше жыл бұрынвальядолидтік «Реал» халықаралық футбол мектебін құру үшін қор құрған. Қазіргі таңда…

0
0
302

Қазақстан мен Белоруссия: әскери-техникалық ынтымақтастық перспективалары

Бүгін Астанада әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь шағын комиссиясының төртінші отырысы болды.

Пленарлық отырыстың жұмысына Қазақстан мен Беларусьтің бірқатар салалық министрліктерінің, ведомстволары мен қорғаныс кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Келіссөздер барысында қатысушылар Қазақстан-Беларусь әскери-техникалық ынтымақтастығының, қорғаныс-өнеркәсіптік кешендерін одан әрі дамытудың, сондай-ақ екі ел өзара іс-қимылының нормативтік-құқықтық базаларын жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде әскери техникалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделілік білдірді.

Шағын комиссия төртінші отырысының қорытындысы бойынша тараптар тиісті екіжақты Хаттамаға қол қойды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
346

Жұртшылықтың қоршаған орта саласына қатысты сот әділдігі мен экологиялық ақпаратқа қол жеткізіп, шешім қабылдауға қатысу мәселелері бойынша заңнамаға өзгертулер енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеу жұмыс тобы мен ҚР қоршаған орта және су ресурстары минист

2013 жылдың 13 қарашасында Астанада ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, ЕҚЫҰ және Ұлттық Орхус орталығының ұйымдастырылуымен ҚР ҚОСРМ жанындағы Қоғамдық экологиялық кеңес пен заң жобасын әзірлеу жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Басқосудың негізгі мақсаты – жұртшылықтың заң жобасымен танысып, оған ескертулер мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беру. 

Заң жобасын әзірлеуге еліміздің қолданыстағы заңнамасын Орхус конвенциясын іске асыру барысына жұртшылықты тарту және азаматтық қоғамды қолдау жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажеттілігі негіз болды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3126-204/

0
0
328

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясынаң шекаралық аумақтарда орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі үкіметаралық келісім жөнінде

2013 жылғы 11 қарашада Екатеринбургте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен екі елдің өңіраралық ынтымақтастығының X форумы аясында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров және РФ табиғи ресурстар және экология министрі Сергей Донской Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық аумақтарда орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3126-205/

0
0
371

Студенттер, Сенбі және Жексенбі күндерін қалай өткіземіз ?

Бәріне Peace достар. Қазір сағат 3:48 және мен өмірімдегі бірінші қазақша блогымды жазудамын. Осы блогымды студентерге арнағым келеді. Өз тәжірибемнен, студенттік өмірім қызық сәттерге өте бай. Қазіргі кезде біз өмірден бүкіл қызықтарды көріп алуымыз керек, орысша айтқандай "Бери от жизни все !". Бүгін жұма күні, яғни оқу аптасы бітеді. Достарым жұма күнімен маған "Кешке не істейміз ??" деген сұрақпен келеді. Ал содан кейін ойланып отрамыз. Көбінесе өткенгі аптада жасайтын нәрселерді істейміз:) Студенттер ақшага бай емес, бірак тырысып қызық бірдене жасағымыз келеді. Ал қазір Астана қаласында студентке не істеуге болатын жазуға тырысамын. 1 Вариант-Футбол матчтары (Негізі жігіттерге арналған). Достарынмен футбол трансляциярын көруге болады. Сенбі және Жексенбі күндері Barclays, BBVA, Seri…

0
0
539

Джобс фильміндегі жалған және шынайы фактілер

Тамыздың 16-сы күні АҚШ-та Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобс туралы фильм прокатқа шықты. Басты рөлді Эштон Кэтчер сомдаған. Бұл фильм пост-советтік елдерге қыркүйектің ортасында жетеді. Бұл фильм шыққаннан кейін алғашқы естіген жаңалығым – фильмде Джобс образының ашылмауы туралы Apple-дықтардың сыни пікірлері болды. Джобс замандастарының бірі Билл Фернандес: «Фильм ойдан шығарылғандықтан оны көргім келмейді. Сценаристердің өмірде болмаған нәрселерді ойлап тапқаны үшін көңіл-күйімді түсіргім келмейді…Менің ойымша, егер олар (фильмді түсірушілер ред.) тек шындықты ғана көрсеткен болса – егер оларға әлдекім ненің шын болғанын көрсетсе – онда бұл коммерциялық жоба бола алмас еді» дейді. Интернетте Apple өкілдерінен интервью алып үлгерген екен. Солар негізінде фильмдег…

0
0
561