Мазмұнға өту

Жаңа

Сметов пен Бозбаев ел біріншілігіне қатыспайды

Қарашаның 15 мен 20 аралығында Өскемен қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді. Өскемендегі жаңадан салынған спорт кешенінде еліміздің әр аймағынан жиналған жалпы есебі 650-ге жуық дзюдошы бақ сынайды деп күтілуде. Біріншілікке қатысатын командалар 2012 жылы өткен дзюдодан ел чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады. Мәселен, 2012 жылы Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионатта 1-3 орын алған спортшыларын қатыстыра алады; 2012 жылғы чемпионатта 7-10 орыннан көрінген командалар әрбір салмақта 3 балуанын сайысқа қоса алады; 11-14 орын алған ұжымдар әр салмақта 2 спортшысын, 15-16 орын алған командалар әр салмақта 1 спортшысын ғана Өскемендегі ел чемпионатына қатыстыра алады. Өскеменде өтетін ел…

0
0
347

«Сарыарқа» хоккей клубы «Липецк» командасымен кездеседі

«Сарыарқа» хоккей клубы
Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Липецк» (Ресей, Липецк қаласы) командасымен күш сынасады.

Осы уақытқа дейін «Липецк» 19 матч өткізіп, барлығы 23 ұпай жинады. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бұл команда 23-ші орында тұр. «Сарыарқа» да 19 ойын өткізді. Алайда оның еншісінде 32 ұпай бар. Соның арқасында Қарағанды қаласының хоккей клубы жалпытурнирлік кестеде 12-ші орында келеді.

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қазақстанның тағы бір командасы — «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы кеше буллит сериясында «Саров» командасына жол беріп қойды.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
357

Хоккей: «Барыс» буллит сериясында ұтылды

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасына жол беріп қойды. Ойынның басында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Алайда екінші кезеңде «Барыс» таразы басын бір емес, екі рет теңестіре білді. Есеп — 2:2. Үшінші кезеңде есеп өзгермеді. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Осыдан кейін командалар буллит сериясына көшті. Онда буллиттің төрт бірдей сериясын өткізуге тура келді. Себебі екі команданың қақпашылары шайбаларды шебер қайтара білді. Дегенмен, бұл матчта «Динамоның» жолы болды. Есеп — 2:3. «Барыс» хоккей клубы кешегі ойында ұтылса да, қосымша уақытқа дейін жеткені үшін бір ұпайға ие болды. Қазір команданың еншісінде барлығы 53 ұпай бар. Осылайша ол құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орнын сақтап қалды. Ал «Ди…

0
0
254

Қазақ күресі федерациясының президенті тағайындалды

Қазақ күресінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген Арман Шораев мырза еліміздегі Қазақ күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлады alasharena.kz.

Өз кезегінде сөз алған Арман Төлегенұлы қазақ күресін жаңа биікке шығару жолында қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

0
0
419

УЕФА Қазақстан чемпионатының үздік футболшысын атады

«Ақтөбе» ойыншысы Петр Бадло

УЕФА Қазақстан чемпионатын қорытындылады.

УЕФА шешімі бойынша «Ақтөбе» ойыншысы Петр Бадло «Қазақстандағы жылдың үздік ойыншысы» атанды.

Ал «Шахтер» қақпашысы Стас Покатилов УЕФА таңдауы бойынша «жылдың үздік жас ойыншысы» атағын иеленсе, «Қайрат» командасы «Жыл жаңалығы» атағын алды.

Жыл қорытындысы бойынша «Ақтөбе» чемпиондар лигасын іріктеу кезеңінен бастайды. Ал «Астана», «Шахтер», «Қайрат» Еуропа лигасы  іріктеу кезеңінде ойнайды.

0
0
260

Әділбек Жақсыбеков пен Чарльз Хейгел қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Америка Құрама Штаттарында жүр. Вашингтонда Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы өзінің америкалық әріптесі - АҚШ Қорғаныс министрі Чарльз Хейгелмен кездесті. Екі жақты кездесу кезінде Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери және әскери-тиехникалық ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен келешекте дамуын талқылады. – Америка Құрама Штаттары Қазақстан үшін стратегиялық серіктес болып саналады. Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары арасындағы жүйелі кездесулер, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша жалпы түсінушілік біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың тереңдей түсуіне ықпал етеді. Ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі – әскери саладағы өзара іс-қимыл болып са…

0
0
366

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаровтың Атырау облысына қызметтік іссапары туралы

2013 жылдың 13 қарашасында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қызметтік іссапармен Атырау облысына барды.

Министр Н. Қаппаров, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов және ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев кен орнынан «Болашақ» зауытына дейін тартылған газ құбыры бойын тікұшақпен аралап шықты. Таяуда газдың құбырдан шығуына әкеліп соқтырған штаттан тыс жағдайлар орын алған. Соның салдарынан зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3126-201/

0
0
270

Мен бақыттымын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Бақыттымын, қараңдаршы барлығың,

Жүрегімнің, дүрсіліне бағындым.

Өзіңменен, бүгін келді, бар бағым,

Көрсемдағы, қайта сені, сағынамын.

 

Шыбықтай, мынау тал беліңнен,

Қуат алдым, сенің қара көзіңнен.

Табылды ғой, іздегенім, бір сенен,

Естей берші, сүйгенімді, сен менен.

0
1
2118