Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Маржан Сұлтанбай көрермендер сауалдарына жауап береді

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын 6 жасында аттап, 16 жасында оны қызылмен бітіріп шығады. Орта білім беретін оқу ордасын бітірген соң, Ақтау қаласындағы Халықаралық еңбек академиясының заң факультетіне түседі. Оны да ойдағыдай, қызыл дипломмен тәмамдайды. Анасы тігінші болған. Үй гүлдерін жақсы көретін. Маржанның да хоббиі сол. Еңбек жолы 2004 жылы Ақтау қаласындағы «Тандем» радиосынан басталады. 2007 жылы облыстық телеарнаға жұмысқа шақырылғанымен, Маржан Алматыға жол тартады. «Хабар» арнасына жұмысқа орналасады. «Русское радио Азия», «НТК», «КТК», «Ел арна» сияқты республикалық радио мен телеарналарда қызмет істеген. Қазіргі таңда «Хабар» арнасындағы «Білгенге маржан» атты әлеуметтік-танымдық ток-шоуының жүргізушісі.


«Білгенге маржан» бағдарламасының мақсаты – күнделікті тұрмыста кез-келген жан жиі бетпе-бет келетін сан қилы мәселелердің түйінін тарқату, білікті мамандар мен сарапшылардан, өмірден көрген-білгені, түйгені мол қазыналы кісілерден көкейде жүрген өзекті сауалдарға жауап алу. 
Бұл әлеуметтік ток-шоуда әдет-ғұрып, салт-дәстүр сабақтастығын үзбеу, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесі, киім тігу, қаражат жинаудың, жоспарлаудың қағидалары, гүл өсіру т.б. түрлі тақырыптар талқыланады.
Достар, Маржанға қояр сауалдарыңыз, ұсыныстарыңыз және айтар пікірлеріңіз, бағдарламаға қатысты тың ойларыңыз болса, мархаббат. Біз бүгіннен бастап, #БілгенгеМаржан#Хабар #Маржан хэштегтерін пайдалана отырып (хэштегсіз жолданған сұрақтар қабылданбайды, Маржанның жеке парақшасына жолданған сауалдар да саналмайды. Естеріңізге сала кетейік, онлайн-конференцияда Маржан әр сауалға жеке тоқталып, кеңейтілген жауап береді) сауал жолдаған кез-келген жанның сұрағын ескерусіз қалдырмайтын боламыз. Сұрақтар бүгіннен бастап, «Хабар» арнасының кез-келген ресми әлеуметтік желілерінде (http://vk.com/feed#/officialkhabar;https://www.facebook.com/khabarTV ;https://twitter.com/KhabarTV ) қарашаның 18-іне дейін қабылданады. 18 – 19 қараша күндері сіздердің сұрақтарыңызға Маржан онлайн режимінде жауап беретін болады. Онлайн-конференцияның мақсаты: көрермен мен бағдарлама арасында байланыс орнату, пікір алмасу, сыннан мін түзеу. Ендеше, сауал — сізден, жауап — бізден! 

https://www.facebook.com/photo.php?fbid=615077828555879&set=a.164303270300006.41100.148287931901540&type=1&theater


P.s. Келесі онлайн-конференцияның кіммен болғанын қалайсыз?

0
0
2143

Осы тақырып бойынша