Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шаңғымен сырғанау: Полторанин екі алтын алды

Алексей Полторанин

Муониода (Финляндия) шаңғымен сырғанаудан халықаралық жарыста қазақстандық Алексей Полторанин екі қашықтықта жеңіске жетті, деп хабарлады alaman.kz.

Ерлер арасында классикалық стильдегі 10 шақырымдық жарыста қазақстандық спортшы бірінші орын алды, екінші орында — чех Лукаш Бауэр, үшінші орында — германиялық шаңғышы Ханнес Дотцлер.

Ерлер арасындағы спринтте классикалық стильде Алексей Полторанин жеңсе, екінші орыннан Финляндия спортшысы Ари Лууса көрінді, ал үшінші болып ресейлік Анатолий Волков келді.

 
0
0
383

Осы тақырып бойынша

Шаңғымен сырғанау: Полторанин екі алтын алды - Yvision.kz