Ж.Нұрбекұлы, мультипликатор: «Қозғалған сызбаның барлығы анимация емес»
Қазақ анимациясы дегенде ойға Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі оралары сөзсіз. 1967 жылы жарық көрген қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер туындысынан кейін де дүниеге келген Қайдаровтың «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы» сияқты мультфильмдері ұлттық анимацияны әлемге танытқан болатын. Осы леппен жарық көрген режиссер-суретшілер Ж.Даненов пен Ұ.Қыстауовтың «Алпамыс батыр», «Айдаһар аралы», Е.Әбдірахмановтың «Тапқыштар», «Бозторғай», Б.Омаровтың «Үш шебер», «Қаңбақ шал», Т.Мұқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтың «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» сияқты шығармалары да қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланады. Ендеше, 50 жылдық тарихты еңсерген қазақ анимациясының бүгінгі күйі қандай? Технология дамыған заманда мультфильм…