Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шарапова журналист болмақ


Белгілі теннисші Мария Шарапова

Белгілі теннисші Мария Шарапова Сочидегі Олимпиада ойындары — 2014 кезінде телетүсініктемеші  болып, американдық NBC телеарнасы үшін репортаждар дайындамақ, деп хабарлады Утро.ру

.»Мария бүгінде әлемдегі танымал жұлдыздардың біріне айналды. Ол алты жасына дейін Сочиде өсіп-өнген, онда туыстары мен достары тұрады, сондықтан да одан көрермендер оқиғаға бірегей көзқарасын күтеді», — деп «ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі NBC атқарушы продюсері Джим Беллдің сөзін келтірген.

Мария  Шарапова Forbes нұсқасы бойынша ең бай спортшылар рейтингісіне кіреді. 2012-2013 жылдардағы маусымда Шарапованың кірісі 29 миллион долларға жеткен. Ол кортта небәрі 6 млн. доллар тапқан, қалған 23 млн. доллар жарнамалық келісім-шарттардан түскен.

 
0
0
317

Осы тақырып бойынша

Шарапова журналист болмақ - Yvision.kz