Мазмұнға өту

Жаңа

Дүкен Мәсімханұлы: Қытайда айтыспен қоса қазақтың 32 мәдени мұрасы қорғалады

АСТАНА. 14 қыркүйек. BAQ.KZ - Жақында Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысы Күнес ауданында Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігі, Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы Үкіметі және Іле қазақ автономиялы облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу және дамыту» атты халықаралық конференция өтті. Оған ҚХР Мәдениет министрлігінің өкілі Бай Биң, ШҰАР Үкімет басшысының орынбасары Тілепалды Әбдірашитұлы, Іле облысының әкімі Мәнен Зейнелұлы және Қазақ елінен арнайы шақырылған мамандар қатысты. Біздің елден барған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Баймолдаев, айтыс ақыны Серікзат Дүйсенғазин, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба бөлімінің меңгерушісі Тоқтар Әлбеков және Л.…

0
0
1642

Жүректесің

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Қалай болды, екеуміз?

Үй боламыз, деп едік?

Қайда кетті, сертіміз,

Айтушы едің, мен сендік?

 

Қимаймын жаным, басқаға,

Не дерсің, мынау тағдырға.

Жетпедім, қиял арманға,

Өртеді ау, өкініш, сол ғана.

 

Қонақ болдым, тойында,

Бар ниетім, тек қана.

Бақыт болсын, жолыңда,

Өмір деген, толқында.

 

Соңғы рет, саған қарадым,

Барма еді, басқа амалым.

Оңаша қалып, жыладым,

Қайтейін, хош бол, сен жаным.

0
1
625

«Қазақстан Дауысы» — «Шайқас» басталды!

Ұлттық арнадағы «Қазақстан Дауысы» жобасының іріктеу кезеңі мәреге жетіп, «ШАЙҚАС» кезеңі басталды. Оны бүгін сағат 21.35-те тамашалай аласыздар. Бірнеше апта бойы шыр айналған айналмалы орындық иелері ақыры бір тоқтамға келіп, өздеріне тиесілі 16 үміткерді таңдап алды. Кейбір үміткердің бабы келіссе де, бағы жанбады. Сахна төрінде болып жатқан көңіл тебірентер талай жайтқа қалың көрермен куә болды. Әннің алғашқы ноталарымен-ақ тәлімгерлердің бетін бері қаратқан таланттардың өнері ерекше болды. Жоба барысында 4 тәлімгер үміткерлермен бірге жылап, бірге қуанды. Олардың да саф дауысты дөп басып таба алмай, өкініп қалған тұстары да болды. Қалай десек те «Көрмей тыңдау» кезеңінің әсерлі сәттері артта қалды. Алда «Шайқас» күтіп тұр. Іріктеуден сүрінбей өтіп, тәлімгерлердің қамқорлығына ілінген…

Күрең күз

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тағыда, күрең күз келді,

Нөсерлеп, жаңбыр суымен.

Суыққа орап, бар жерді,

Неге әлек, жүрек күтумен?

 

Айлар өтті, сан жылдар,

Күтумен сені, сарғайдым.

Сонда да үміт, қол бұлғар,

Самғатып, арманға, әрдайым.

 

Күз келді тағы, сол жылдай,

Құстарға қарап, тұрмын мен.

Сәлемім жетсе, шіркін ай,

Оралшы маған, жаным сен.

0
1
717

Неке жауапкершілікті талап етеді

Қазіргі қоғамымызда ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Еліміздің болашағы жастардың қолында деген сөз күнде айтылса да, сол жастардың отбасына деген жауапкершілігі азаюда. Қазақ тілінің сөздік қорында кездесетін «адал неке», «ақ неке», «адал жар» деген қасиетті ұғымдардың мәні мен маңызын жете түсінбей жүрген секілдіміз. Біздің бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған күрделі мәселелердің бірі – елімізде заңи жолынан айналып өтіп, тек шариғат жолымен шаңырақ көтеретіндердің тым көбейіп кетуі фактісі болмақшы. Өз-өзінен бұл жаман нәрсе емес. Әрбір ерлі-зайыптының құдай алдындағы міндеті. Дегенмен, неке қидыруға құмар ерлердің арасында шариғат бойынша деп бірнеше әйелмен отасып отырған азаматтар да баршылық. Деректерге сүйенсек, кейбір ниеті бұзық ерлер жауапк…

0
0
689

Құстарды шекарадан заңсыз шығару

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының хабарлауынша, мемлекеттік шекараны бұзуды болдырмауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты әскери бөлімшесінің қызметкерлері Шемонаиха – Семей тас жолында Алматы қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Опель Омега» маркалы автокөлігін тексерді. Тексеріс нәтижесінде жүргізуші орындығының артында жабдықталған жасырын орыннан 6 ақсұңқар табылып, тәркіленді. Жиналған материалдар мен айғақтардың негізінде күдікті азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабы бойынша (өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер жасау) қылмыстық іс қозғалды. http://www.eco.gov.kz/new2012/K…

0
0
285

Корей, түрік сериалдарының орнына тағы бір телехикая

Осы аптада үй шаруасында отырған келіншектерге, апа-әжелерге соққы болып тиген «жағымсыз» жаңалық - корей және түрік сериалдарын сатып алу тоқтатылатыны туралы ақпарат жарияланып жатқан тұста «Қазақстан» Ұлттық арнасында тағы бір отандық телехикаяның тұсауы кесілді. 16 сериядан тұратын «Ауыл сақшысы» телехикаясы - учаскелік полицей туралы детектив. Қысқаша сюжет Қатардағы тексерумен қаладан ауылға келген жас полиция қызметкері аяқ астынан ауырып қалған бұрынғы полиция қызметкерінің орнына қызмет атқаруға мәжбүр болады. Жас полицей ауыл тіршілігімен мүлдем таныс емес. Мұндағы тұрғындардың әкімдіктегі шенеуніктермен қалыптасқан қарым-қатынастарының ерекшеліктерін де түсінбейді. Бұл қарым-қатынастарды қалыптастырушылар басшыға бас ұруға һәм жемқорлыққа бой алдырған. Ол осы «дәстүрлерді» өзге…

0
0
1009

Кеше ғана біздің арнамызда 60 жылдығын атап өткен Есенқұл Жақыпбек бүгін дүние салды

Қазақ өлеңі мен өнері ауыр қазаға ұшырады. Кеше ғана дәл осы уақытта біздің арнамыздағы "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасына басты қонақ болып келіп, өзін ерекше құрметтейтін аға-інілерімен алпыс жылдығын атап өткен Есенқұл Жақыпбек ағамыз, бүгін дүние салды. Өмірінің отыз жылын айтыс өнеріне арнаған ақын, жазба өлеңнің де шебері еді. Өнері мен өлеңі өз алдына, бала-көңіл ақынның аңқылдаған мінезі туралы көп айтылды кеше. Ақынның ақырғы сәттері мен соңғы сұхбаты келесі бейнематериалда... Нағыз ұлы адамдар қартайғанда да бала болып қалады, Есенқұл ағам да өтірік жоқ. Бұл бағдарлама кеше кешкісін түсірілді. "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының басты қонағы - ақын Есенқұл Жақыпбек. Тақырып - "Жігіттердің төресі алпыс жаста". ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕК: (14.11.2013. "Айтылмаған әңгіме") Өзі екі туған күні…

2
2
5889

КиберЖұма — осталась всего одна неделя

В следующую пятницу - 22 ноября с 00.01 до 23.59 часов состоится акция "КиберЖұма". Осталась всего одна неделя. Готовьте свои компьютеры и кошельки для выгодных покупок онлайн.

Список всех участников и правила проведения акции на сайте АКИБ - http://www.akib.kz/p-cyberzhuma-rules

0
0
371