Мазмұнға өту

Жаңа

Адастырмаған арман

«Армансыз адам қанатсыз құс». Адам баласын алыс сапарларға аттандырып, биік шыңдарға шығуға жетелейтін осы арман екен. Сапар алыс немесе жақын болуы, сәтті де, сәтсіз де аяқталуы мүмкін. Шыңға шығар жолдың қиын қиялары мен бұта-бүргенсіз жазықтары да жетерлік сияқты, байқағаным. Қандай болғанда да сол арманға талпыныс төзім мен қайраттан, ыстық махаббаттан айырыла алмайтынына көзім жетті. Онсыз арман дегенің құр далбаса, нүктесіз бос қиял деп айтар едім сұрағанға. Мен де кішкентайымнан жан-жағыма еліктеп, биіктерге қолымды созып өстім. Есейе келе мені мазалайтын сұрақтар да көбейді. Мен қазақпын, бірақ мен не үшін Қазақстанда туылмадым, не үшін онда тұрмаймын? Қазақстандағы қазақтармен біздің арамыз неге сонша алыс? Теледидардан көргенімде олардың киім киісі мен сөйлеу мәнері де бізден ба…

0
0
1009

Азат КӘРІМҰЛЫ, «ОРТ Құрылыс-сервис» ЖШС-ның директоры: Қазақ атажұртында ғана өркен жаяды

– Қытайдан атажұртқа оралып, жастарға үлгі болып, бір компанияның тізгінін ұстап отырсыз. Сауданың мұқтаждығына байланысты екі араға көп қатынайтын боларсыз? Осы орайда қос мемлекет жастарына жеке-жеке қандай пікір білдіресіз? – Екі елдің жастарында үлкен айырмашылық бар. Қытайдағы жастармен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың, көпке топырақ шашуға болмайды десе де, ұлтшылдығы кемшіндеу. Қытайдың қай сайтына кірсеңіз де, газет-журналын оқысаңыз да олардың отаншыл, асқақ рухын бірден аңғаруға болады. Бұл мына екі түрлі себепке байланысты шығар: бірі, олар өздерін үлкен ұлт ретінде сезінеді. Екіншіден, олардың арасында «Сендер мықтысыңдар!» деген үгіт қашанда басым. Ал, тәрбие мәселесіне келгенде біздің ақсап жатқан жағымыз мол. Оны педагогтар, психологтар зерттей жатар. – Ендеше, әңгімем…

0
0
732

Қытайдағы қандастар қамшы өруден жарыс өткізді

АСТАНА. 24 қыркүйек. BAQ.KZ - Қытайдағы қандастар қазақтың ұлттық қолөнерін ұлықтауға бағытталған елеулі шара өткізді. «Кенішті Көктоғайда жалғасқан ұлттық дәстүр» атты көрме-байқау Қытайдағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында ұйымдастырылды. Бұл жөнінде Халық торабы сайтында жарияланды. Көктоғай ауданында аудандық ақындар айтысына орайластырып ұйымдастырылған «Кенішті Көктоғайда жалғасқан ұлттық дәстүр» атты көрмеде кесте тігу, жүн шүйкелеп жіп иіру, ши тоқып өрнек салу, ою-өрнек сызу және өрімшілік сайыстары қоса өткізілді. Аталған сайыстар бойынша әр ауыл, қалашықтардан 60-қа жуық қолөнерші қатысқан. Бұған қоса киіз үй тігу және оны жығу, түйеге жүк артудан да жарыстар ұйымдастырылған. Көрмеге қатысушылар қазақы ас әзірлеу және тамақтану әдебі сияқты сайыстарға да қатысқан. Қолөнершіле…

0
0
2111

Ерлан Ибрагимов: Виза мерзімінің 6 айға ұзаруына біз де тілектеспіз

Үрімжі. 19 қыркүйек. Baq.kz.Жақынғы жылдардан бері Қытайдан түрлі сапармен келетін қандастарымызды виза мәселесі толғандырып жүргенін еліміздегі басқа да ақпарат құралдары жазды. Атажұртқа келушілердің аяқ алысы жиілеген сайын сауалдардың да саны арта түсті. Осыған орай ҚР СІМ Үрімші қаласындағы төлқұжат-визалық қызметінің басшысы бірінші хатшысы Ерлан Ибрагимовпен сұхбаттасқан едік. – Ерлан Жеңісұлы, Атамекндеріне бір жолата көшіп және туысшылап, оқумен т.б. сапармен келушілер бар. Оларға берілетін визаның түрлері де ұқсамайтын болар? – Иә, Қазақстанға баратын қандастарымыз үшін бір қатар виза түрлері қарастырылған. Олар, тұрақты тұру визасы, жеке сапар визасы, оқу үйрену визасы, іс-сапар визасы және саяхат визасы. Біздің тарапымыздан берілетін виза үш айлық және үш мәртелік болғандықтан…

0
0
618

Қытайдағы 10 жасар қиссашы

ҚЫТАЙ. 18 қыркүйек. Baq.kz - Қытайдың «Қос тілді оқыту» саясаты ондағы рухы биік қандастарымыздың еңсесін баса қоймайтынына тағы бір рет көзіміз жетті. «Өрге салса шын жүйрік, шынымен, өршеленеді» екен. Ондағы жеткіншектеріміз қазақ балаларының қағілез, алғыр болатынын қытайларға мойындатып қана қоймай өз ұлтының асыл мұраларын жалғаушы және оны әлемге танытатын ұлт болашағы екенін де әйгілеп отыр. Тілімізге тиек болғалы отырған ұлымыз Қытайдың Санжы дүнген автономиялы облысы Ашылы ауылдық мектебінің 4-ші сынып оқушысы, қиссашы бала Қуаныш Елеуұлы. Қуаныштың «Қуаныш» аталуының өзі үлкен оқиғаға толы екенін кеш ұқтым, – дейді жас жыршының ұстазы, Ашылы ауылдық мектебі директорының орынбасары Қанатхан Әбілғалиұлы, – Қытайдың «Жоспарлы туу» саясатына томпақ келген шәкіртім ата-анасының артық…

0
0
875

Петропавлда Халықаралық ЖКО құрбандарын еске алу күні өтті

Бұл күні полицейлер «Есіңе ал және ойлан» акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ғимаратының жанында басталды. Колоннада үстінде ЖКО-да зиян шеккен автокөлік орналасқан эвакуатор мен қара және ақ түсті ленталары бар 6 автокөлік болды. Сондай-ақ, акцияға велосипедші балалар да қатысты. Олар қаланың көлік көп жүретін жолдарымен жүріп өтті. СҚО ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Сайлаубек Мусиннің айтуынша, аталған шараның басты мақсаты - жол үстінде қаза болу, жарақаттанудың және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіп-қатеріне назар аудару, апаттардың алдын-алу, жолдағы ереже бұзушылықтарға жол бермеу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, ЖКО-да қайтыс болғандарды еске алу. Жыл сайын әлемде көлік апаттарынан 1 миллионнан…

0
0
369

Думан Жақыпұлы: Үрімжі мектептері қос тілді балабақшаға зәру

ҮРІМЖІ. 18 қыркүйек. BAQ.KZ - Үрімжі қаласындағы қандастарымыздың қытай-қазақ тілінде бірдей бала тәрбиелейтін балабақшаға зәру екенін ең алғаш «Сен-Қазақ» (www.senkazakh.com) сайтынан байқаған едік. Кейіннен осы сайттың жауаптысы, қос тілді балабақша ашу жолында көп жұмыстар жасап жүрген азаматтардың бірі Ақытбек Шеризатұлымен де осы мәселе төңірегінде сөз болған-ды. Сол әңгімемізді бүгін «Шыңжаң қоғамдық ғылымдары» журналы бас редакторы, балабақша ашу бастамасының тағы бір қолдаушысы Думан Жақыпұлымен болған сұхбатымызда толықтай түспекпіз. – Үрімжі қазақтарының қос тілді балабақшаға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатымен қатысты орындарға тұрғындар талабын жеткізуді ең алғаш кім, қашан қолға алды? – Мыңға жуық қазақ қоныстанған Шыңжаң орталығы Үрімжі қаласынан қос тілді балабақша аш…

0
0
710

Қытайдың «Халық» порталындағы қазақтың қос азаматы

Бейжің. 18 қыркүйек. Baq.kz – Әңгімеміз Қытайдың алып порталы «Халық» торабында жұмыс жасайтын қазақтың қос азаматы төңірегінде болмақ. Аталмыш портал әлемдегі он үлкен газеттің бірі «Халық» басылымының сайттағы нұсқасы ретінде 1997 жылдың 1 қаңтарында ашылған. Қытайдағы аз санды 7 ұлттың тілінде және 8 шет тілінде ақпарат тарататын порталдың қазақ редакциясында Нұрғиса Құрманжанұлы және Асқар Жаңабекұлы есімді қандастарымыз отыр. – «Халық» торабының қазақша редакциясында қашаннан бері жұмыс жасап келе жатырсыздар?Нұрғиса: «Халық» торабынан қазақша ақпарат таратуды ең алғаш қазақ жазушысы, Мемлекеттік саяси кеңестің мүшесі, сіздерше депутат Әкбар Мәжитұлы мемлекеттік кеңесте «Халық» торабының қазақша нұсқасын ашуға ұсыныс жасаған. Содан 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл ұсыныс іске асты…

0
0
535

Шаханов шығармасы тұңғыш рет қытай тілінде жарық көрмек

Үрімжі.17 қыркүйек. BAQ.kz - Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» немесе «Ғасыр айырығындағы сырласу» деп аталатын кітабы жуырда қытай тіліне аударылып жатқанын Қытайдағы «Тәңіртау» ақпараттық порталы хабарлады. ҚР Халық ақыны М.Шахановтың кітаптары Қытайда толықтай басылып қана қоймай, кейбірі алты-жеті реттен жарық көрген. Соның ішіндегі Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» немесе «Ғасыр айырығындағы сырласу» кітабы Қытайдағы баспалар тарапынан ұйғыр және қырғыз тілдеріне де оқырманға жол тартқан. Аталмыш кітап Қытайдағы белді аудармашы Қайша Тәбаракқызының тәржімалауымен бір айдан кейін қытай тілінде жарық көрмекші. «Бұл кітапта Шыңғыс Айтматов екеуіміз әлемдік деңгейдегі мәселелерді көп көтергенбіз. Шын мәніндегі махаббатты т…

0
0
4452

Қытайда қисса сыныптары ашыла бастады

АСТАНА. 17 қыркүйек. BAQ.KZ - Қазақ ауыз әдебиетін жаңғырту, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Қытайдағы қазақ мектептерінде Қисса сыныптары ашыла бастады. Жуырда Шыңжаңның Тарбағатай аймағындағы № 2 орта мектепте қисса сыныбы ашылғанын сондағы аймақтық БАҚ-тардың бірі – Тарбағатай ақпараттық сайты хабарлады. Бұл сыныпты ашудан бұрын оқытушылар қисса-дастандарды жинап, көлемі жеткіншектер түсіне алатын деңгейде, шағын дегендерін іріктеп зерттеген екен. Ұстаздар қисса орындау сарынын үйрету барысында ауыз әдебиетін зерттеуші мамандар мен ауылдағы қариялардың кеңесіне жүгініпті. Қиссашылар жетекшісі Кәбира Мүсінатқызының айтуына қарағанда аталмыш мектепте «Оқушыларды жан-жақты баулу» 2007 жылдан бастап оқыту бағдарламасына енген. Ал, қисса орындауды үйрету осы оқыту бағдарламасының «Көне жаз…

0
0
559