Назар аударыңыз, КОНКУРС!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ,КОНКУРС! kaztube.kz порталы жастар арасында патриоттық сезімді арттыру мақсатында "Дала сазы" атты жаңа конкурс жариялайды.
"Дала сазы" видеоконкурсының шарттары: 1.Ұлттық аспапта ән не күй орындаңыз да, оны видеоға түсіріңіз;
2. Түсірген видеоңызды kaztube.kz порталы "Байқаулар" бөліміндегі "Дала сазы" альбомына жүктеңіз;
3. Порталымызға жүктеген видеоңызды facebook, twitter, vkontakte,mail.ru әлеуметтік желілерінде #kaztubedalasazy хэштегін көрсетіп,бөлісіңіз;
4. Интернеттен көшірілген видеолар қабылданбайды. Автор өзі түсіру керек видеоны. Ал, конкурсқа қатысушы порталымызға тіркелуі шарт;
5. Әлеуметтік желілерде көп бөлісілген, "лайкты" көп жинаған видеоматериал иесі жеңімпаз деп танылады;
Алдынғы конкурстарымыздай бұл конкурста да жеңімпаздарды өте бағалы сыйлықтар күтуде!!! Конкурс 13 желтоқсанға дейін болады. Асығыңыздар!
