Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тараз гарнизонында «Мен — Қазақстан Республикасының азаматымын!» атты әскери-партиоттық ойын өтті

Тараз гарнизонындағы 85395 әскери бөлімінің базасында әскери-партиоттық клубтардың облыстық слеті болды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шаралар өткізу орталығымен бірлесіп «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын!» атты әскери-партиоттық іс-шара өтізілді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек деп айтылған. Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық клубтардың дамуына қолдаумен осы міндетті іске асыру жөнінде белсенді жұмыс атқарып келеді.
Әскери қызметшілер әскери кәсіпті насихаттауға, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, әскери-қолданбалы спорт түрлерін кең таратуға бағытталған практикалық және оқыту-үйрету сабақтарын өткізіп, оқушы жастарға оқу-жаттығу лагерін ұйымдастырды.
Лагердегі күн тәртібі әскери өмірге ұқсас болды: 6.30-да - ұйқыдан ояну, 6.40-та - таңертеңгілік жаттығу, 7.30-да - таңғы ас, 8.00-де - сапқа тұру, осылайша «Отбой!» пәрменіне дейін жалғасты. Бұл – 16 сағат бойы үздіксіз оқып-үйрену, жаттығулар, жарыстар. Қатысушылар үшін мұның артықшылығы – балалар апта бойы компьютерлер мен смартфондардан босап, виртуалды емес нағыз өмірге араласты.
Ауысымға Жамбыл облысының Шу, Қордай, Мойынқұм, Рысқұлов аудандарынан келген 10-15 жас аралығындағы 63 қатысушы тартылды. Тараз қаласының атынан «Бизондар» әскери-тактикалық клубының, «Ұландар» әскери-спорттық клубының, «Тараз барыстары» әскери-патриоттық клубының, «Сұңқар» таулы-егерлік жасағының, «Полиция академиясының» және № 47 мектептің командалары қатысты.
Жарыс бағдарламасына пневматикалық қарудан, шағын калибрлі винтовкадан ату дағдысымен танысу, қоян-қолтық ұрыс және қаруды игеру, арнайы тактика, бүркемелеу, өмірге қауіпті қиын жағдайлардан жол табу негіздерімен танысу, жүзу, картинг жарысы енгізілген. Сондай-ақ тұңғыш рет спорттық радиобайланыс бойынша жарыс өткізілді.
Саптық даярлықты офицерлер бағалады. Өкінішке орай, курсанттар бір де бір номинация бойынша «өте жақсы» деген баға алған жоқ. Ең бастысы жасөспірім қатысушылар радиобайланыс, күзет бөлімшелерінің жұмысымен танысты, жеке қорғаныс құралдарымен жұмыс істеуді, төтенше жағдайда әрекет ету ережелерін үйренді. «Әскери сайыстар» эстафетасы мен кедергілер жолағынан өту үлкен қызығушылық туғызды.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды Тұрар Рысқұлов ауданының «Барыс» командасы жеңіп алды, екінші орынды «Тараз барыстары» және Қордай ауданының «Алхат» командалары бөлісті, жүлделі үшінші орынды Шу қаласынан келген «Сұңқар» командасы иеленді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен мақтау қағаздары табыс етілді.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша іс-шара қорытындысы бойынша жастарды әскери-партиоттық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру жөнінде кеңестер мен ұсыныстар әзірленетін болады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
536

Осы тақырып бойынша

Тараз гарнизонында «Мен — Қазақстан Республикасының азаматымын!» атты әскери-партиоттық ойын өтті - Yvision.kz