Мазмұнға өту

Жаңа

Қарулы Күштердің сержанты ерлік көрсетті

Семей қаласында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  35804 әскери бөлімінің взвод командирі 2-ші сыныпы сержант Ержан Садықов екі адамның өмірін құтқарып қалды.

Семей қаласы ТЖБ-ның хабарлауынша,  Семейдегі Береговая көшесі 72-үйдегі су өткізу камерасында жергілікті тұрғындар слесарь жұмыстарын жүргізіп жатып, оның біреуі құдыққа түсіп кеткен.

Өзінің батыл әрекетімен №35804 әскери бөлімінде взвод кормандирі болып қызмет істейтін Ержан Садықов зардап шекен азаматты өлім аузынан алып шыққан.

arnapress.kz

0
0
291

Нұрсәуле МҰРАЛ, Үрімжі қаласындағы № 101 орта мектептің оқушысы: Мен қазақ болғаныма мақтанамын

АСТАНА. 15 қыркүйек. BAQ.KZ - Өзге елді «Туған жерім» деп сыйлап, бөтен ұлттың қас-қабағына қараған қандастарымыздың ең асыл арманы Атажұртқа оралу екені даусыз. Соған дәлел, «Қос тілді оқыту» саясаты қос өкпеден қысып тұрған Қытайдағы кішкентай қандасымыздың Қазақстанға алғаш келгенде жазып қалдырған хаты. Қытайдың Үрімжі қаласындағы № 101 орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұрсәуле Мұрал Қазақстанға осы жылдың тамыз айында келіп кеткен болатын. Төменде сол хатты қазақшаға тәржімалап ұсынып отырмыз. ҚАЗАҚСТАН! Бұдан бұрын бұл мен тек қана картадан сұлбасын көрген ел, жүрегімнің төрінен өшпестей орын алған ұғым болатын. Қазірге дейін ол жайлы түсінігім тым аз еді, ол туралы барлық нәрсе бейтаныс болып келген. Бірақ, осынау қасиетті топыраққа табаным тиген сәттен бастап кеудемді мақтаныш сезім…

0
0
1660

Шарапова журналист болмақ


Белгілі теннисші Мария Шарапова

Белгілі теннисші Мария Шарапова Сочидегі Олимпиада ойындары — 2014 кезінде телетүсініктемеші  болып, американдық NBC телеарнасы үшін репортаждар дайындамақ, деп хабарлады Утро.ру

.»Мария бүгінде әлемдегі танымал жұлдыздардың біріне айналды. Ол алты жасына дейін Сочиде өсіп-өнген, онда туыстары мен достары тұрады, сондықтан да одан көрермендер оқиғаға бірегей көзқарасын күтеді», — деп «ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі NBC атқарушы продюсері Джим Беллдің сөзін келтірген.

Мария  Шарапова Forbes нұсқасы бойынша ең бай спортшылар рейтингісіне кіреді. 2012-2013 жылдардағы маусымда Шарапованың кірісі 29 миллион долларға жеткен. Ол кортта небәрі 6 млн. доллар тапқан, қалған 23 млн. доллар жарнамалық келісім-шарттардан түскен.

0
0
328

Американдық баскетболшы допты алысқа лақтырудан әлемдік рекорд орнатты

Кори Лоу

Гиннес Кітабының сарапшылары жаңа әлемдік рекордты тіркеуге алды. Harlem Globetrotters ойыншысы Кори Лоу 33,45 метрлік қашықтықтан себетке допты дәл түсіріп, оның қашықтығы бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады The Mirror.

33,45 метрлік аралықтан себетке доп лақтырған Кори Лоу осыған дейін 2011 жылы Пеппердайн университет командасының бұрынғы ойыншысы Элан Буллер орнатқан рекордты (31,9 метр) жаңартты.

0
0
424

Нұрмахан Тінәлиев әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік деп танылды


Нұрмахан Тінәлиев

FILA қыркүйекте ересектер арасында Будапештте өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатының қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, қазақстандық спортшы Нұрмахан Тінәлиев үздіктердің қатарында, деп хабарлады Sports.kz.

Әлемдік біріншіліктің 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі күміс жүлдегері Нұрмахан аталған салмақ бойынша жеңімпаз Әмір Алиабкар мен 74 келі салмақта бірінші орын алған оңтүстіккореялық Ким Хьюн Вудың қатарында қорғаныс машығы бойынша тізімде көш бастады. Сонымен бірге біздің жерлесіміз нәтижелілік бойынша бесінші орында.

0
0
394

«Барыс» хоккей клубы «Слованды» ойсырата ұтты

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Слован» (Словакия, Братислава) командасын ойсырата ұтты. Қорытынды есеп — 2:6. Бұл ойында есеп алтыншы минутта ашылды. «Барыстың» хоккейшісі Роман Старченко қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып, өз командасын алға шығарды. Бір минуттың ішінде таразы басы теңесті. Алайда бірінші кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, Найджел Доус есепті еселеді. 1:2. Екінші кезеңде есеп тағы да теңесті. Бірақ «Барыс» үшінші шайбасын соғып, қайтадан алға шықты. Үшінші кезеңде қарсыластар Виталий Еремеевтің тасқамал қорғанысын еш бұза алмады. Ал «Барыстың» хоккейшілері «Слованның» қақпасына қатарынан үш шайба соқты. Қорытынды есеп — 2:6. Айта кетейік, бұған дейінгі екі ойында «Барыс» ұтылған болатын. Ал осы жолы толық үш ұпайға қол жеткізіп, Құрлықт…

0
0
295

Шаңғымен сырғанау: Полторанин екі алтын алды

Алексей Полторанин

Муониода (Финляндия) шаңғымен сырғанаудан халықаралық жарыста қазақстандық Алексей Полторанин екі қашықтықта жеңіске жетті, деп хабарлады alaman.kz.

Ерлер арасында классикалық стильдегі 10 шақырымдық жарыста қазақстандық спортшы бірінші орын алды, екінші орында — чех Лукаш Бауэр, үшінші орында — германиялық шаңғышы Ханнес Дотцлер.

Ерлер арасындағы спринтте классикалық стильде Алексей Полторанин жеңсе, екінші орыннан Финляндия спортшысы Ари Лууса көрінді, ал үшінші болып ресейлік Анатолий Волков келді.

0
0
392

Оралда жол апаты құрбандарын еске алу шарасы өткізілді.

Оралда жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік күніне орай еске алу шарасы ұйымдастырылды. БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезовтың айтуынша, Қазақстанның аталмыш шараға қосылғанына биыл үшінші жыл. Осыған орай полицейлер көшедегі автокөліктерді тоқтатып, ақ ленталар тақты. Полицейлердің бастауымен он автокөлік шамдарын жағып, қала көшелерімен жүріп, Жеңіс алаңына тоқтады. Осы жерде жол апаты құрбандарын еске алу ретінде белгі беріліп, қара, ақ шарлар аспанға ұшырылды.   

Батыс Қазақстан облысында биыл он айда 447 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 79 адам қаза тапса, 545-і түрлі жарақат алды.

0
0
388

Қытайдағы алдыңғы қатарлы қазақ сайтының бірі — «Күлтегін» жабылып қалды

БЕЙЖІҢ. 14 қыркүйек. BAQ.KZ - Әлемде ақпараттық қорғаныс үшін интернетке цензура қойған ел Қытай мен Вьетнам ғана екенін біріміз білсек, біріміз біле бермеспіз. Әсіресе Интернет полиция жұмыс істейтін Қытайда қазақ сайттарының қанатына тас байланып отыр. Кеше ғана жұмыс істеп тұрған www.kultegin.com сайтын бүгін оқырмандары таппай қалды. Сайт өкілдерінің бірінің айтуынша Қытайдағы қазақ сайттарының басына бұндай күн жиі туады екен. «EraNet (http://www.now.cn) деп аталатын веб-сервер компаниясына кімдер тарапынан арыз түсетіні белгісіз. Қандай пиғылмен біз жайлы жағымсыз ақпарат беретіндіктерін түсінбей-ақ қойдым. Бұндай мүшкіл жағдай Қытайдағы қазақ сайттарында жиі болады. Осының себебінен біз көптеген оқырманымызды жоғалтып қана қоймай, қыруар қаржылық зиянға да ұшыраймыз. Егер арыз инте…

0
0
597

Маржан Сұлтанбай көрермендер сауалдарына жауап береді

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын 6 жасында аттап, 16 жасында оны қызылмен бітіріп шығады. Орта білім беретін оқу ордасын бітірген соң, Ақтау қаласындағы Халықаралық еңбек академиясының заң факультетіне түседі. Оны да ойдағыдай, қызыл дипломмен тәмамдайды. Анасы тігінші болған. Үй гүлдерін жақсы көретін. Маржанның да хоббиі сол. Еңбек жолы 2004 жылы Ақтау қаласындағы «Тандем» радиосынан басталады. 2007 жылы облыстық телеарнаға жұмысқа шақырылғанымен, Маржан Алматыға жол тартады. «Хабар» арнасына жұмысқа орналасады. «Русское радио Азия», «НТК», «КТК», «Ел арна» сияқты республикалық радио мен телеарналарда қызмет істеген. Қазіргі таңда «Хабар» арнасындағы «Білгенге маржан» атты әлеуметтік-танымдық ток-шоуының жүргізушісі. «Білгенге маржан» бағдарламасы…

0
0
2162