Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мирослав Енчемен кездесті

ҚР БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы Бағдарламасына (СПЕКА) төрағалығы аясында 2013 жылғы 19-22 қараша аралығында Алматыда «Аймақтық ынтымақтастық негізіндегі жалпы және тұрақты даму» тақырыбында СПЕКА Экономикалық форумы және СПЕКА Жетекші Кеңесінің сессиясы өтуде. БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы Бағдарламасы 1998 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жасап шығарылған болатын. Қазіргі таңда оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан қатысуда. СПЕКА БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы мен БҰҰ Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының ұйымдастыру және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты аталған мемлекеттерге олардың өзара ынтымақтаст…

0
0
476

АТОМ жобасы Хиросима және Нагасакиде қолдау тапты

 

Ү.ж. 20 қарашада Хиросима қаласында орналасқан конференц-орталықта АТОМ жобасын таныстыру рәсімі және қазақстандық әйгілі суретші, жобаның құрметті елшісі Қаріпбек Күйіковтің суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі мен АТОМ жобасы және белгілі «Earth Identity Project» атты Үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған шараға, Хиросима қаласының мэрі, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты Халықаралық қозғалыстың президенті Казуми Мацуи, Хиросима қаласының әлем мәдениеті қорының басшысы, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты қозғалыстың бас хатшысы Ясуёши Комизо, префектура және Хиросима қаласының әкімдігі мен жергілікті БАҚтардың, сондай-ақ аймақтық антиядролық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Толық мәтін mfa.gov.kz сайтында: http://bit.ly/I1dmqS

0
0
562

ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысов ЕО және Орталық Азияның жетінші Министрлік кездесуіне қатысты

2013 жылғы 20 қарашада Брюссельде Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетінші Министрлік кездесуі болып өтті. Қазақстаннан кездесуге Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты. Отырыс барысында сыртқысаяси ведомстволардың басшылары Орталық Азиядағы Еуроодақ стратегиясы шеңберіндегі өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, тараптар сот-құқықтық жүйені реформалау, білім беру стандарттары мен сапаларын арттыру, қоршаған ортаны жақсарту, өзара сауда көлемі мен инвестиция түсімін арттыруға бағытталған ортаазиялық өңірдегі Еуроодақтың маңызды бастамаларын қарастырып, жан-жақты талқылады. Қазақстанның ЕО өңірлік стратегия шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шараларға белсенді қатысып жатқандығы атап өтілді. Атап айтқанда, заң ұлықтылығы жөніндегі еуропалық бастаманың…

0
0
413

Қ.Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол клубына сыйлық беруге уәде етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қайсар» Бірінші лигада алғашқы орынға ие болып, Премьер-лигаға өтті. Онда бәсекелестік арта түседі, — деді әкім спортшылармен кездесуінде. – Онда сенімсіздік деген болмау керек. Менің ойымша, «Қайсар» Премьер-лигада жақсы ойын көрсетеді. Біздің тарапымыздан да спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Алдағы жылы біз 3000 орынға арналған жаңа, төбесі жабық стадионның құрылысын бастаймыз. Біз спортшыларға сыйлық ретінде жаңа стадион саламыз».

0
0
1129

Промоутерлер: Уордты тек Головкин жеңе алады

головкин

Қазіргі кездегі мықты боксшы саналатын америкалық Андре Уордтың Эдвин Родригесті ойсырата жеңгені белгілі. Осы жекпе-жектен кейін баспасөзге Родригестің промоутері Лу ДиБелла сұхбат берді, деп хабарлайды isport.ua порталына сілтеме жасай отырып sports.kz.

«Уорд керемет жекпе-жек көрсетті. Ол Эдвиннен мықты болды және рингте шеберлігін көрсете білді. Менің ойымша, Уордпен тек Головкин қарсыласа алады. Қолымда болса, мен аса үлкен қуанышпен бұл жекпе-жекті ұйымдастырушы едім. Сонымен, күмәндарыңыз болмасын, алда екі мықты боксшының жекпе-жегі күтіп тұр», — деді ДиБелла.

0
0
346

Блаттер Роналдуды құттықтады

Халықаралық футбол федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер португалдық футболшы Криштиану Роналдуды кеше көрсеткен тамаша ойынымен және Әлем чемпионатына барар жолдамамен құттықтады. «Португалияны құттықтаймын! Олар 29-шы команда болып Әлем чемпионатына жолдама алды. Криштиану өте керемет ойын өрнегін көрсете білді және командасын Әлем чемпионатына алып шыға алды», – деді Блаттер туиттердегі парақшасында. Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше Португалия ұлттық құрамасы қос кездесу қорытындысы бойынша Швецияны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Бразилияға жолдама алған болатын. Ал Роналду мен Блаттер арасындағы кикілжіңнен кейін, португалдық футболшының өкпесі әлі тарқай қойған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роналду «Алтын доптың» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға…

0
0
339

«Астана арландары» Ресей құрамасымен айқасады


всб логосы

WSB додасының төртінші маусымындағы екінші жекпе-жегін ертең, 22 қараша күні «Астана арландары» Ресейдің Russian Boxing Team командасымен өткізеді, деп хабарлады alasharena.kz.

«Арлан­дардың» намысын бір легионер, төрт қазақ қорғайды. Оның үшеуі — дебютант.

Ал Ресей құрамасының сапында кілең осы додада ысылған боксшылар. Тек аса ауыр салмақтағы Сергей Кузьмин ғана бірінші рет WSВ додасының айқасына қатысқалы тұр.

Ресей құрамасы — «Астана арландары»

52 келі: Миша Алоян — Олжас Сәттібаев

60 келі: Адлан Абдурашидов — Самат Бәшенов

69 келі: Александр Иванов — Мейірім Нұрсұлтанов

81 келі: Дмитрий Бивол — Данабек Сужанов

91+келі: Сергей Кузьмин — Филип Хргович (Хорватия).

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
310