Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы бірқатар заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді

«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында кеденшілер Қытайдан әкелінген тауарлардың нақты саны мен құрамы және декларацияда көрсетілген мәліметтердің арасында үлкен айырмашылықтар анықтап отыр.

Бұл туралы бүгін Алматы облысында журналистермен болған кездесуде Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дина Мамашева мәлім етті.

«Бекет» шарасын өткізудегі басты мақсат – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарада жүзеге асырылатын экспорттық-импорттық операциялар кезінде кедендік бақылауды барынша күшейту, экономикалық контрабандаға қарсы жедел шараларды жүзеге асыру, бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсу көлемін көбейту болып табылады.

Шара басталғаннан кейінгі он күннің ішінде кеденшілер Қытай жағынан жүк ағымы мен декларация көлемі күрт төмендегенін хабарласа, ал бүгін 2,5 аптадан кейін көрсеткіштердің біршама өскен.

Бірінші аптада «Қалжат» кедендік бекеті арқылы Қазақстанға күн сайын халық тұтынатын тауарлар тиелген 30 шақты машина өтсе, соңғы тәуліктердің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 70 машинаны құраған.

«Жасыл» дәлізге құқығы бар және кедендік алым көрсеткіштері жоғары көлік құралдарының да саны көбеюде. Атап айтқанда, шара басталғанға дейін кеден бекеттерінде күніне 3-5 осындай оператор рәсімделсе, бүгінде бұл көрсеткіш бес есеге өсіп, тәулігіне 17-20 машинаны құрап отыр.

«Бекет» - қысқамерзімдік операция емес. Ол қылмыстық схемалардың барлығы анықталмағанша, жалғаса беретін болады. Барлық жүктер тексеріліп, контрабандашылар анықталады, заң бұзушылардың ешқайсысына аяушылық болмақ емес.

 
0
0
475

Осы тақырып бойынша

«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы бірқатар заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді - Yvision.kz