Мазмұнға өту

Жаңа

Алмас Кішкенбаевтың 10 жылдық есеп беру концертінен видео!!!

Алмас Кішкенбаев кеше Астана қаласында 10 жылдық концертін берді. Сахнада жүргеніне 10 жыл болып қалған Алмас қазір шәкірт тәрбиелеу үстінде. Сол шәкірттерімен бірге шықты сахнаға. Шәкірттері - V-alem және Classic топтары.

Біз сіздер үшін концертке барып, тамаша видео дайындап келдік. Көріңіздер!!!

0
0
667

«Жаңа белес – 2013». Что это?

Все, кто в своей жизни удостоился чести стать студентом, хоть раз в жизни отмечал международный день студентов. Это праздник студентов, праздник всех тех, кто ищет знания, тех, кто ставит для себя цели и старается достичь их.http://el.kz/bm203231

 
0
0
433

«Тұлпар» футзалдан УЕФА Кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қарағандылық «Тұлпар»

Қарағандылық «Тұлпар» Боснияның «Танго» клубын тізе бүктіріп, өз тарихында футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды vesti.kz

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен кездесу 8:3 есебімен аяқталды. «Тұлпар» сапында Шыңғыс Чингиз Есенаманов пен Алвес Дуглас Грасиано хет-трик авторлары атанса, Александр Довгань және Фейтоса Талес бір-бірден гол соқты, қонақтардан Семир Гушо және Огнен Эрич екі мәрте қақпадан саңылау тапты.

Бүгін осы уақытта алматылық «Қайрат» беларусьтің «ВитЭн» командасын қабылдап жатыр. Ойынның басталуы Астана уақытымен 20:30-да. Кездесуді «Ел Арна» тікелей эфирден көрсетеді.

Өздерінің келесі матчын қарағандылықтар 22 қараша күні «ВитЭнмен» өткізеді.

 
0
0
428

«Қайрат» УЕФА Кубогында белорустардың «ВитЭнін» 9:0 есебімен ойсырата жеңді

«Қайрат»

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шағын футболдан УЕФА кубогының элиталық кезеңіндегі «С» тобындағы командалардың сайысын қазақстандық қос команда да сәтті бастады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кешегі алғашқы ойында Әміржан Мұқанов жаттықтыратын Қарағандының «Тұлпары» босниялықтардың «Тангосын» 8:3 есебімен ұтқан болатын.

Одан кейін ойнаған Алматының «Қайраты» да белорустардың «ВитЭнін» 9:0 есебімен ойсырата жеңді.

Бүгін «Тұлпар» мен «ВитЭн», «Қайрат» пен «Танго» өзара жұп құрамақ. Ал жексенбі күні ақтық сында қазақстандық қос клуб пен Беларусь пен Босния өзара күш сынасады. Онда үздік шыққан аяқдопшылар УЕФА кубогының келесі кезеңіне жолдама алады.

Жалпы УЕФА кубогының элиталық кезеңінде тұңғыш рет Қазақстаннан екі команда қатысып отыр. Бұған дейін бұл додада ел намысын қорғау мәртебесін тек «Қайрат» қана иеленіп келген еді. Рикардо Камаро Собралдың (Какау) бапкерлігімен биыл УЕФА кубогының жеңімпазы атанған алматылықтар өзіне жүктелген міндетті оған дейін де абыроймен сәтті қорғап келген болатын. Егер «төрттіктің кездесуінде» де бағы жанып, келесі жылы өз атағын қорғап қалатын болса, бұл бүкіл әлем үшін үлкен сенсация болмақ.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
371

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионатының өтетін орны ауысты

Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты Астанада емес, Алматыда өтетін болды.

Бұл туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мәлімдеді. 2011 жылы Парижде өткен федерация конгресінде әлемдік сынды өткізу құқығын Астана жеңіп алған. Ал 21 қараша күні IWF ресми сайты келер жылғы әлемдік дода Алматыда өтетінін мәлімдеді. Жарыс неліктен Астанадан Алматыға көшірілгені туралы нақты ақпарат жоқ, деп хабарлады alaman.kz.

 
0
0
446

Дүниежүзiнiң 35 елi «Еуразия Барысын» тамашалайды

«Eurasia Barysy»

7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы желбірейді.

Ұлттық спортымыздан өтетін командалық додаға 8 мемлекеттің спортшылары қатысады. Дүниежүзiнiң 35 елi қазақ күресi мерекесiн Ресейдiң «Боец», Түркияның «ТРТ» арналары арқылы тiкелей эфирде тамашаламақ. Сондай-ақ, бұл сайысты Украина мен Грузия телеарналары да тiкелей таратуға құлықты, деп хабарлады alasharena.kz.

   
0
0
345

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Динамо»

Құрлықтық хоккей лигасының биылғы чемпионаты аясында Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында өтетін ойындар сериясын бастайды. Оның бүгінгі қарсыласы — «Динамо» (Латвия, Рига).

Лига ашылғалы бері бұл екі команда 11 рет кездескен болатын. Соның жеті матчында «Барыстың» мерейі үстем болса, төрт ойында «Динамоның» жолы болды. Соңғы рет Рига қаласында кездескенде, Астана қаласының хоккей клубы буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылған. «Динамо» қосымша екі ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бірнеше сатыға көтерілді. Қазір оның еншісінде 55 ұпай бар. Соның арқасында команда 6-шы орында тұр. Ал «Барыс» 58 ұпаймен 4-ші орында келеді.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
351

Қостанайда зейнеткерді тонаған топ ұсталды

 Қостанай облысында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған топ мүше­лері тәулікке жетпей құ­рықталды. Тексере келгенде, оны ұйымдастырушының әйел адам екені анықталды. Бір қызығы, топтың дем берушісі тонауға ұшыраған 72 жастағы қарияның жақсы танысы екен. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қараша күні орын алған. Сол күні түнгі сағат 1 шамасында күдіктілер көлік жалдап, зейнеткер тұратын Аққұдық ауылына тартып кетеді.   «32 жастағы әйел Аққұдық ауылында зейнетақы алатын қарияның тұратынын жақсы білген. Мұның үстіне, зейнеткердің жалғызбасты екені өзіне аян болғасын, ол арнайы топ құрып, оны тонауды ұйым­дас­­­­­тыруға бекінеді. Ал топқа 1988 және 1990 жылда­­­ры туған екі жас жігітті тартады», – делінген хабарламада.
Олар көздеген үйлеріне келіп, оның есігін сындырып, ішке кіреді де, кемпірді пышақпен қорқытып, ақша беруін талап етеді. Қарақшылар қарияның ақша жоқ екенін айтып қарсыласқанына қарамастан, бөл­­­­­мелерді тінтіп жүріп, 12 мың теңге тауып алады. Олар бұған қоса кейуананың ұялы телефонын да ала кетеді.
Мұның бәрін білген бойда зейнеткердің көршісі дереу құқық қорғаушыларға хабар береді. Ол артынша жетіп келген полицейлерге тонаушыларды сырттан басқарып тұрған әйелдің түр-түсін суреттеп береді. Тәртіп сақшылары осы белгілері негізінде ұйымдасқан үшеуді тап бастырмай ұстайды.

0
0
373

Алматыда толассыз жауған қардың салдарынан ЖКО саны көбейді

 Алматыда ауа райының бұзулуына байланысты қала көшелерінде 140 жол-патрульдік полиция экипажы қызмет атқаруда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасай отырып. Таяуда Алматы қаласының жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жалпы жолдағы қауіпсіздікті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Осыған орай, экипаждар мен жол-патрульдік полиция саны көбейтіліп, жол қозғалысы қатаң бақылауға алынды, делінген ақпаратта.   «Кезекшілік кезінде өткен тәулікте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 420 полицей мен 140 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Сондай-ақ, осы уақытта ІІД-нің Жедел басқару орталығына 176 жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түсті. 30 ЖКО-да 28 адам жарақаттанып, 1 адам қаза тапты. Нақтырақ айтсақ, 48 жастағы жаяу жүргінші әйел көз жұмды»,- деді Алматы қаласы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жандос Мұраталиев

0
0
419