Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кеден органдарының жедел мәліметі

2013 жылдың өткен 11-17 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жедел және қызметтік жұмыстың нәтижесі бойынша:

- 7 - қылмыстық іс қозғады

-қозғалған қылмыстық іс бойынша тауарлардың құны   - 47 163 996 теңге;

- келтірілген залал сомасы- 16 706 259 теңге;

- 73 - әкімшілік іс қозғалды;

- 6 903 814 теңге  айыппұл өндірілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының  қызметкерлері жалған құжаттар пайдаланумен Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды контрабандалық жолмен әкелу фактісін анықтады.

2013 жылғы қаңтарда Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде азамат N.-ның мекен-жайына ТД (тауарларға арналған декаларация) ресімделген.

Департаментте ресімделген импортты ТД-мен Түрік кеден органдарынан алынған экспорттық  декларацияларды  салыстырған кезде мәлімделген кедендік құнда, тауардың атауы мен санында айтарлықтай алшақтықтар  белгіленді.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, декларацияланбаған тауарлардың құны18,9 млн. теңгені, ал төленбеген кедендік төлемдер мен алымдардың сомасы  7,1 млн. теңгені құрайды.

Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабының 2-тармағы бойынша (экономикалық контрабанда)  қылмыстық іс қозғады.

Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 11 қарашада валютаны заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. «Алматы – Үрімші» қатынасы мен ұшқан №6012 әуе рейсінің әуежолаушыларына кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматшасы ұсталды, кедендік тексеру кезінде кеден органдарында декларацияланбаған 62000 АҚШ доллары және 1000 қытай юаны (немесе 9 593 790 теңге) мөлшеріндегі ақша қаражаты анықталды.

Осы күні ағымдағы жылғы 11 қарашада осыған ұқсас құқық бұзушылықтар бойынша Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республиккасының азаматына қатысты  валютаны заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кедендік тексеріп қарау барысында кеден органында декларацияланбаған  мынадай мөлшердегі ақша қаражаты: 21 900 АҚШ доллары, 3 772 қытай юаны, 1 400 БАЭ дирхамы,100 гонконг доллары, 570 катар реалы, 116 бахрейн динары, 2 900 000 иран реалы, 50 сауд реалы және 70 000 теңге (немесе 3 697 012 теңге) анықталды.

Қазақстан Республикасының кеден органдары ағымдағы жылы 10 ай ішінде барлығы 133 млн.теңгеден артық сомаға валютаны алды.

 
0
0
369

Осы тақырып бойынша

Кеден органдарының жедел мәліметі - Yvision.kz