Қазақстандық спортшы — күміс жүлдегер
Финляндияның Саариселька қаласында өткен халықаралық жарыста шаңғышылар 10 шақырымға классикалық стильмен жарысқан болатын.
Қазақстандық шаңғышы Денис Волотка айтулы турнирде күміс жүлде жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 26.20,7.
Бұл сында бас бәйгені ресейлік шаңғышы Дмитрий Япаров қанжығасына байлады. Қола жүлде тағы да бір ресейлік Александр Бессмертныхтің еншісінде, деп хабарлады alasharena.kz.

