Бас қатыру
Мысал. Орыс түсірген "Географ глобусты ішіп қойды" деген фильмін алайық. Не істеп жүргенін өзі білмейтін еркек бар ойы арақ тауып ішу. Мас күйінде қиялданып, аузына келгенін оттау. Әйелі күні-түні күңкілдеп, итшілеген тіршілігіне наразы. Мектепке барып жұмысқа тұрады. Әп-әдемі мұғалиманы кездестіреді. Ол әйел де маскүнемге иіліп төсек, жайылып жастық бола қалады. Бой жетіп қалған оқушы қыз да осы арақ сасыған мұғалімге жабысып, өлердегі сөзін айтып жын қағады. Тағы бір таныс әйел де аузының суы құрып осы жындының соңынан қалмай жүр. Осы фильмнің мағынасын ойланып көрейік. Бұл жерде осы фильмді түсіріп отырған еркектің арманы, мақсаты не? Ол ел-жұртқа осы азып-тозған есуас еркекті дәріптеп, бүкіл әйел атаулыны қор қылу. Мәдениеттің, білімнің жоқтығынан айуанға айналған адамның айналасындағ…