Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ футболшысына Еуропа клубы қызығушылық танытып отыр

Дидар Сыдықбек

Қазақ футболшысына Польшаның «Легия» командасы қызығушылық танытып отыр.

Қазір Дидар «Астана-1964″ командасының меншігіндегі ойыншы. Бірақ «Ордабасы» командасына жалға берілген. Ол «Легия» командасының бапкерлерімен кездесіп, клуб сапында бірнеше жаттығу жиынына қатыспақ. Егер «Легия» басшылары мен жаттықтырушыларының көңілінен шықса, командамен келісім шартқа отырады. Ал «Легиямен» келісім шарт жасаспаса 20 желтоқсанда «Ордабасы» командасымен Түркияда өтетін оқу жаттығу жиынына қатысады.

Дидар Сыдықбек Бразилияда оқып келген футболшылардың бірі, деп хабарлайды alaman.kz.

0
0
454

Месси – үздік, Роналду – бағалы футболшы атанды

2012/2013 маусымдағы Испания Ла-Лигасының үздіктері анықталды. Месси – үздік, Роналду – бағалы футболшы атанды. Бұл туралы Inside Spanish Football хабарлап отыр. Каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси ең үздік шабуылшы марапатына ие болды. Аргентиналық футболшы өткен маусымда 46 гол соғып, үздік сұрмерген де болып табылған болатын. Ал «корольдік клубтың» жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду 34 гол соғып, 9 нәтижелі пас шығарған еді. Сонымен қатар Ла-Лиганың күміс жүлдесіне қол жеткізген-ді. Енді өткен маусымдағы Испания біріншілігінің қорытындысы бойынша, португалдық ойыншы ең бағалы футболшы атанды. Өзге де үздіктер: Ең үздік бапкер: Диего Симеоне («Атлетико М») Ең үздік қақпашы: Тибо Куртуа («Атлетико М») Ең үздік қорғаушы: Серхио Рамос («Реал») Ең үздік жартылай қорғаушы:…

0
0
1092

Ел футболындағы ауыс-түйістер

Назарларыңызға ел футболындағы соңғы жаңалықтарды ұсынамыз. «Атырауға» жаңа бапкер келді «Атырау» командасының бас бапкері болып беларустық маманВладимир Белявский тағайындалды. Ал Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры қызметін атқарып келген тағы да бір беларусь маманы Анатолий Юревич те батысқазақстандық команданың оқу-жаттығуына жауапты қызметкер болып сайланды. Виктор Кумыков «Шахтерда» қалады 50 жастағы қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкеріВиктор Кумыков келер маусымда да «кеншілер» ұжымын жаттықтыратын болады. Ресейлік маман осы маусымда клубтың 55 жылдық мерейтойына орай үлкен сый жасады десек болады. Команда тізгінін Виктор Кумыков ұстағалы бері екі рет ел чемпионы, ҚР Кубогы және Суперкубогы атақтарына қол жеткізді. Сонымен қатар қазақ футболының тарихында т…

0
0
303

Қанат Исламның кезекті жеңісі

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол бүгін Эквадордың Кито қаласында колумбиялық боксшы Эмилио Хулио Хулионы тізе бүктірді. 29 жастағы Қанат Исламның бұл кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңісі. Осыған дейін 13 кездесуін уақытынан бұрын жеңіп, аяқтаған болатын. Ал бұл жеңіліс 34 жастағы колумбиялық боксшының 29-шы кездесуіндегі 12-ші жеңілісі болып саналды. Қазіргі таңда Қанат Ислам WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) титулының иегері. Промоутері –«Nelsons» компаниясының менеджері Нельсон Мендес. Қазақстандық былғары қолғап шебері келесі он алтыншы кездесуін 14-ші желтоқсанда Майами (АҚШ) қаласында өткізеді. Қарсыласы әзірге бел…

0
0
300

Астанадағы «Эко такси» жобасының таныстырылымында болу

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-45/ На площади у монумента «Қазақ Елі» Глава государства ознакомился с основными аспектами проекта городского таксопарка «Эко такси». Нурсултан Назарбаев отметил, что его реализация является одним из первых шагов по подготовке инфраструктуры города к проведению международной выставки EXPO – 2017. В ходе посещения Глава государства проехал на одном из представленных автомобилей, став первым пассажиром таксопарка «Эко такси». Целью проекта является создание крупнейшего в Астане таксопарка автомобилей на экологическом топливе, а также развитие современных форм обслуживания пассажиров. Первый этап проекта, который реализуется компанией «AllurGroup» на принципах государственно-частного партнерства, начнется с эксплуатации 100 автомобилей, количество…

0
0
314

«Елбасы жолы» киноэпопеясының тұсаукесері

1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне арналған фильмнің тұсаукесері болды. Алдымен брифинг болып, артынан фильмнің көрсетілімі болды. Киноэпопеяның орыс тіліндегі нұсқасы да бар. "Елбасы жолы" киноэпопеясы Президенттің студенттік жылдары мен ел басқаруға келген кезеңдері туралы көрсетеді. Елбасының рөлінде - Нұрлан Әлімжанов. Екі жаңа фильмнің тұсаукесері. Қоюшы-режиссер Рүстем Абдраш. Президенттің шет елдегі достарының рөлін ойнаған шетелдік актерлар. Сара Алпысқызының рөлін сомдаған қыз - Мәдина. Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов журналистердің сұрағына жауап беруде. "Елбасы жолы" фильмінің тұсаукесері Астана қаласындағы Қазақстан Орталық концерт залында болды. Басталды "Елбасы жолы". Фильм өте керемет. Мақсатқа жету үшін қаншама білімнің, табандылықтың, еңбектің…

0
0
1854

Жаңа Өзен қаласында «Жүйріктен жүйрік» атты интеллектуалдық ойыны өтті

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні сағат 15.00-де «Жалын» кинотеатрының фойесінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ақтау» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жүйріктен жүйрік» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Шараның мақсаты Жастар арасында әріптестік қарым-қатынасты, ұйымдастырушылықты нығайту, біліктілігін шыңдау, волонтерлік қозғалысты дамыту болып табылады. Ойын негізі 6 кезеңнен тұрды, 1 кезең - сұрақ-жауап сайысы, 2 кезең – пантомима сайысы; 3 кезең – ойланда тап; 4 кезең – жүйріктер сайысы; 5 кезең- тапқырлар сайысы, соңғы кезең айырмашылықтарды бірге табайық, сонымен қатар ойын қазақ тілінде өткізілді. Атап айтқанда, логикалық, тарих саласындағы сұрақтар, салт-дәстүр туралы, бейне сұрақтар және т.б. сұрақтар қойылды. Шараға…

0
0
1807

Допты хоккей: «Ақжайық» өз тобында бірінші орынға шықты

«Ақжайық» допты хоккей командасы

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Кеше, 1 желтоқсан күні Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен екінші кездесуін өткізген батысқазақстандықтар бұл ойында да қарсыластарын тізе бүктірді. Есеп — 5:4. «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов осы жолы екі голдың авторы атанып, төрт кездесуден кейін доп санын сегізге жеткізді.

Бұл мачтан кейін 9 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бұл топта әлі кездесулерін өткізбеген командалар да бар. Соның бірі «Знамя-Удмуртиямен» 3-4 желтоқсанда оралдықтар сырт айдында, Воткинск қаласында күш сынасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
396

БОКС: Сергей Ковалев чемпиондық атағын қорғап қалды

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев украиналық қарсыласы Исмаил Силлахты ойсырата жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

деп хабарлайды «Р-Спорт».

Ковалев және Силлах арасындағы күрес Канаданың Квебеке қаласында өтті. Ковалев  жекпе-жекті екінші раундта жеңіспен аяқтады. Бірінші раундта  Силлахты есеңгіретсе,  екінші раундта украин боксшысын сұлатып салды.

Силлахпен жекпе-жек Ковалев үшін кәсіби бокстағы 24-ші кездесуі еді.  Ресейлік бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Ковалев 2013 жылғы тамызда британ боксшысы Натан Клеверлиді ойсырата ұтып, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

0
0
233

ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді.

ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді. Қазақстан бұл жолы үш саты жоғарылап, 132-ші орынға тұрақтады.

Ал көш басында ешқандай өзгеріс жоқ. Әлем және Еуропа чемпионы Испания өз орнын ешкімге берер емес. Одан кейінгі — сатыда Германия, Аргентина, Колумбия құрамалары, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
279