Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда келесі жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек

ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы атты инвестициялық форумда ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

 
0
0
234

Қазақстан 2050 жылға қарай қажетті электр энергиясының 40 пайызын күн, жел және биомасса есебінен өндіруді жоспарлауда

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-48/

ҚазАқпарат - Қазақстан 2050 жылға қарай қажетті электр энергиясының 40 пайызын күн, жел және биомасса есебінен өндіруді жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы атты инвестициялық форумда ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

   
0
0
321

Әскери полиция жаңа темір тұлпарларға ие болды

Астанада ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының базасында әскери полиция органдары басшылық құрамымен 2013 жылғы қызметтің қорытындысын шығару бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында әскери полиция өңірлік бөлімшелері басшыларына арнаулы киім-кешектің, арнайы құралдардың жаңа үлгілері көрсетіліп, қозғалатын объектілерді спутниктік мониторингілеу жүйесінің жұмыс істеу принциптері, құқық тәртібін есепке алудың ақпараттық жүйесі және арнаулы есепке алудың бірыңғай жүйесі таныстырылды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, олардың алдын алу, әскери полиция органдары қызметінің басым бағыты болып табылды. 
Келесі жылы олардың алдында әскер ортасында құқықтық тәртіпті қолдау, нәтижелілік пен жеделдікті арттыру, әскери тәртіптің жай-күйін сапалық жақсарту жөніндегі міндеттер тұр.

Тұңғыш Президент күні құрметіне осы күні ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Тимур Дәндібаев әскери полиция органдарының бастықтарына жаңа автомашиналардың кілттерін табыс етті. 2 «SsangYong» жолсыз жерде жүруге арналған көлігі, 5 «Газель» микроавтобусы және 16 «Нива»жеңіл автокөлігі әскери полиция органдары бөлімшелерінің қызметтік машиналар паркін толықтырды.

- Әскери полиция әрқашан заңдылық пен құқық тәртібінің, әскери қызметшілер құқықтары мен мүдделерінің қорғаны болады. Біз алдымызға қойылған кез-келген міндетті орындауға әзірміз. Әскери полиция әскери қызметшілерінің қызметі бұдан әрі де патриотизм, Отанымызға қалтқысыз қызмет ету, ант пен әскери борышқа адалдық, жеке тәртіптілік пен өзін-өзі жетілдіру сияқты ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізілетініне сенімдімін, - деп полковник Тимур Дәндібаев атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
609

Литвалық спортшы жаңа рекорд орнатты

Зидрунас Савикас

«Әлемнің ең күшті адамы» саналатын Зидрунас Савикас жалғыз өзі 12 көлікті бар болғаны 33 секундта 5 метрге сүйреді, деп хабарлады 24.kz.

Бір-біріне тіркелген техникалардың жалпы салмағы 13 тоннаны құрады. Бірақ, 38 жастағы алып күш иесі үшін бұл ең жоғарғы көрсеткіш емес. «Әлемнің ең күшті адамы» атағын жеті рет дәлелдеген литвалық, былтыр салмағы 27 тоннадан асатын 20 көлікті қозғаған болатын. Алайда, ол кезде бұл жетістік есепке алынбады. Себебі, спортшы техникаларды аяғын арнайы басқышқа тіреп тартқан. Зидрунас келешекте бұдан да зор табысқа жететінін мәлімдеді.

«Қуанышым қойныма сыймай тұр. Себебі, бұл мен үшін үлкен сын. Келесі жолы өз рекордымды жаңартып, 13 немесе 14 көлікті тартатын шығармын», — деді рекордшы.

 
0
0
404

Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

Канадада ЖХЛ командалары Calgary Hitmen мен Kootenay Ice арасындағы кездесуде дәстүрлі хоккей шоуы болып өтті.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, Calgary Hitmen жанкүйерлері өздерінің сүйікті командалары гол соққан сәтте  мұз айдынына ойыншық аюларды лақтырып, алаңды толтырып тастау керек. Шоу екінші кезеңнің үшінші минутында Calgary Hitmen шабуылшысы Павел Падакин көптен күткен шайбаны қақпаға салғанда басталды.

Мереке барысында түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады. Матчтан кейін Calgary Hitmen хоккейшілері науқас балалар жатқан ауруханаларға барып, бүлдіршіндерге ойыншық аюларды тарту етті, деп хабарлады РБК.

 
0
0
342

Сочи Олимпиадасының 12 жолдамасы қолымызда

Сочи Олимпиадасының 12 жолдамасы қолымызда

Дәл қазір қоржынымызда 12 лицензия бар, қосалқы тағы үш орыннан үміттіміз. Алайда Халықаралық конькимен жүгіру федерациясы Олимпиадаға қай елдің қанша лицензия алғандығы туралы алдын ала мәліметті 23 желтоқсанда жариялайды. Ал Олимпиадаға қатысатын спортшылардың нақты тізімін келесі жылы қаңтардың 24-інен бастап түзетін болады.

Әлем кубогының соңғы кезеңі желтоқсанның 6-сы мен 8-і аралығында Германия астанасы Берлинде өтеді. Қазақстан құрамасына Сочи Олимпиадасының қанша лицензиясы бұйыратыны сол кезде белгілі болады. Дегенмен ұлттық құрамамыздың бас бапкері Вадим Саютин ұлттық құрамаға қай спортшылардың ілігетінін желтоқсан айының соңында немесе қаңтар айының басында жариялауға уәде берді, деп хабарлады alasharena.kz.

 
0
0
444

«Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері «Динамоны» жеңді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы
Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Ресей, Мәскеу облысы, Балашиха) командасын жеңді.

Бұл ойында «Динамо» хоккейшілерінің қарқыны қатты болды. Матчтың бірінші кезеңінде олар екі минуттың ішінде үш шайба соғып, «Қазцинк-Торпедоны» айқын басымдықпен жеңе бастады. Есеп — 0:3. Екінші кезеңде есеп айырмасы өзгермеді. Алайда үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы төрт минуттың ішінде таразы басын теңестіре білді. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит сериясында Александр Волжанкиннің нәтижелі соққысы «Қазцинк-Торпедоға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп — 4:3.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Қазцинк-Торпедо» қосымша екі ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 4-ші орынға көтерілді.

АСТАНА. ҚазАқпарат -Автор: Арман Асқаров
 
0
0
356

«Сарыарқа» лига фаворитімен кездеседі

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы
Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасымен кездеседі.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Қарағанды қаласында өткен матчта «Сарыарқаның» хоккейшілері «Рубинді» тек буллит сериясында ғана жеңе алды. Сол кезде ресейлік клуб есепті бірінші болып ашқан. Содан үшінші кезеңге дейін есеп өзгермеді. «Сарыарқа» бір ойыншыға кем ойнағанына қарамастан, қақпашынының орнына қосымша хоккейшіні шығарып, матчтың соңғы секундттарында таразы басын теңестіре білді. Сосын буллит сериясында жеңіске жетті. Осы орайда айта кетер жәйт, «Рубиннің» қақпашысы Денис Франскевич өткен айдың үздік ойыншысы болып саналады. Себебі оның шайбаларды тойтару көрсетікіші 96,9 пайызды құраған. Ал екі ойынды ол шотаут, яғни бірде-бір шайбаны жібермей аяқтады. Соған қарағанда, бүгінгі ойын да «Сарыарқа» үшін оңайға түспейтін сияқты.

Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Сарыарқа» (47 ұпай) 8-ші орында келеді. Ал «Рубин» — 5-ші орында. Оның еншісінде барлығы 50 ұпай бар. Қарағанды қаласының хоккей клубы бүгінгі ойында жеңіске жетсе, бірден бесінші орынға шыға алады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
367

Брейн-ринг «Бір тұлға, one history, одна страна»

На сегодняшний день в Республике Казахстан принят закон, по которому весь казахстанский народ 1 декабря отмечает государственный праздник - День Первого Президента. Сегодня Н.А. Назарбаев - не просто Президент страны. Это лидер нового типа, лидер-государственник, лидер, олицетворяющий Республику Казахстан не только в глазах казахстанцев, но и в представлении всего мирового сообщества.

В рамках празднования Дня Первого Президента партией «Нур Отан», совместно с МК «Жас Отан»  был организован брейн-ринг  «Бір тұлға, one history, одна страна».

В мероприятие приняли участие команды: ППО «Ынтымак», ППО «Бiлiм», «Жас Улан», «Профсоюз студентов СКГУ», «Альянс студентов СКО» и команда МК «Жас Отан».  В качестве жюри на игре присутствовали секретарь городского маслихата Лаззат Жумагуловна Жолмуканова; депутат городского маслихата; член Бюро политического совета СКО Александр Васильевич Казанцев; исполнительный секретарь городского филиала МК «Жас Отан» Ильяс Байжанов  и председатель  комитета по делам молодежи гуманитарного колледжа   им.  М. Жумабаева Зарина Касымгожина.

Данное мероприятие было посвящено личность Первого Президента: его достижениям, его семье и интересным фактам из жизни нашего Елбасы.

В процессе интеллектуальной игры  напряжение витало в воздухе, каждая команда активно отвечала на поставленные вопроса, чувствовался дух соревнования - всем хотелось одержать победу.

Хотелось бы отметить, что в игре принял участие  совет ветеранов.  Команда ППО «Ынтымак»  проявила энтузиазм в интеллектуальном марафоне с молодым поколением. Их внимательность и эрудированность помогли завоевать второе место.

Третье место - "Профсоюз студентов СКГУ".

Первое место по итогам игры завоевало МК «Жас Отан».

В зале царила праздничная атмосфера, дополненная выступлениям творческих коллективов города.

Каждый участник получил заряд положительных эмоций, памятные призы и благодарственные письма!

 
0
0
799