Мазмұнға өту

Жаңа

Көп білетіндерге арналған Excel: 4 пайдалы тәсіл

Microsoft Excel ең үздік кеңсе бағдарламаларының бірі саналады. Ол  -экономиканың тұтас салаларын «ұстап тұрған»  тетік. Әсіресе, өз ісін дөңгелете алатын  кәсіпкерлер үшін бұл тапсырмас құрал. 

Бұл бағдарламаның Сіз  жатқа базалық жұмыс әдіс-тәсілдерімен қоса, көп адамдар біле бермейтін, яғни, «көп білетіндер де» біле қоймайтын тәсілдер бар.  Міне осы тәсілдерді біле жүрсеңіз, жұртшылықты да тәнті етесіз,  бәсекелестеріңізден де озасыз. Excel-дің Сіз білмейтін 4 тәсілі мыналар!

0
0
570

Қазақстанда келесі жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек

ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы атты инвестициялық форумда ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

0
0
212

Қазақстан 2050 жылға қарай қажетті электр энергиясының 40 пайызын күн, жел және биомасса есебінен өндіруді жоспарлауда

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-48/

ҚазАқпарат - Қазақстан 2050 жылға қарай қажетті электр энергиясының 40 пайызын күн, жел және биомасса есебінен өндіруді жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы атты инвестициялық форумда ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

0
0
295

Әскери полиция жаңа темір тұлпарларға ие болды

Астанада ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының базасында әскери полиция органдары басшылық құрамымен 2013 жылғы қызметтің қорытындысын шығару бойынша жиын өткізілді. Жиын барысында әскери полиция өңірлік бөлімшелері басшыларына арнаулы киім-кешектің, арнайы құралдардың жаңа үлгілері көрсетіліп, қозғалатын объектілерді спутниктік мониторингілеу жүйесінің жұмыс істеу принциптері, құқық тәртібін есепке алудың ақпараттық жүйесі және арнаулы есепке алудың бірыңғай жүйесі таныстырылды. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, олардың алдын алу, әскери полиция органдары қызметінің басым бағыты болып табылды. Келесі жылы олардың алдында әскер ортасында құқықтық тәртіпті қолдау, нәтижелілік пен жеделдікті арттыру, әскери тәртіптің жай-күйін сапалық жақсарту жөніндегі міндеттер тұ…

0
0
579

Литвалық спортшы жаңа рекорд орнатты

Зидрунас Савикас

«Әлемнің ең күшті адамы» саналатын Зидрунас Савикас жалғыз өзі 12 көлікті бар болғаны 33 секундта 5 метрге сүйреді, деп хабарлады 24.kz.

Бір-біріне тіркелген техникалардың жалпы салмағы 13 тоннаны құрады. Бірақ, 38 жастағы алып күш иесі үшін бұл ең жоғарғы көрсеткіш емес. «Әлемнің ең күшті адамы» атағын жеті рет дәлелдеген литвалық, былтыр салмағы 27 тоннадан асатын 20 көлікті қозғаған болатын. Алайда, ол кезде бұл жетістік есепке алынбады. Себебі, спортшы техникаларды аяғын арнайы басқышқа тіреп тартқан. Зидрунас келешекте бұдан да зор табысқа жететінін мәлімдеді.

«Қуанышым қойныма сыймай тұр. Себебі, бұл мен үшін үлкен сын. Келесі жолы өз рекордымды жаңартып, 13 немесе 14 көлікті тартатын шығармын», — деді рекордшы.

0
0
379

Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

Канадада ЖХЛ командалары Calgary Hitmen мен Kootenay Ice арасындағы кездесуде дәстүрлі хоккей шоуы болып өтті.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, Calgary Hitmen жанкүйерлері өздерінің сүйікті командалары гол соққан сәтте  мұз айдынына ойыншық аюларды лақтырып, алаңды толтырып тастау керек. Шоу екінші кезеңнің үшінші минутында Calgary Hitmen шабуылшысы Павел Падакин көптен күткен шайбаны қақпаға салғанда басталды.

Мереке барысында түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады. Матчтан кейін Calgary Hitmen хоккейшілері науқас балалар жатқан ауруханаларға барып, бүлдіршіндерге ойыншық аюларды тарту етті, деп хабарлады РБК.

0
0
316

Сочи Олимпиадасының 12 жолдамасы қолымызда

Сочи Олимпиадасының 12 жолдамасы қолымызда

Дәл қазір қоржынымызда 12 лицензия бар, қосалқы тағы үш орыннан үміттіміз. Алайда Халықаралық конькимен жүгіру федерациясы Олимпиадаға қай елдің қанша лицензия алғандығы туралы алдын ала мәліметті 23 желтоқсанда жариялайды. Ал Олимпиадаға қатысатын спортшылардың нақты тізімін келесі жылы қаңтардың 24-інен бастап түзетін болады.

Әлем кубогының соңғы кезеңі желтоқсанның 6-сы мен 8-і аралығында Германия астанасы Берлинде өтеді. Қазақстан құрамасына Сочи Олимпиадасының қанша лицензиясы бұйыратыны сол кезде белгілі болады. Дегенмен ұлттық құрамамыздың бас бапкері Вадим Саютин ұлттық құрамаға қай спортшылардың ілігетінін желтоқсан айының соңында немесе қаңтар айының басында жариялауға уәде берді, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
414

«Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері «Динамоны» жеңді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Ресей, Мәскеу облысы, Балашиха) командасын жеңді. Бұл ойында «Динамо» хоккейшілерінің қарқыны қатты болды. Матчтың бірінші кезеңінде олар екі минуттың ішінде үш шайба соғып, «Қазцинк-Торпедоны» айқын басымдықпен жеңе бастады. Есеп — 0:3. Екінші кезеңде есеп айырмасы өзгермеді. Алайда үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы төрт минуттың ішінде таразы басын теңестіре білді. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит сериясында Александр Волжанкиннің нәтижелі соққысы «Қазцинк-Торпедоға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп — 4:3. Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Қазцинк-Торпедо» қосымша екі ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 4-ші орынға көтерілді. АСТАНА. ҚазАқпарат -Автор: Арма…

0
0
334

«Сарыарқа» лига фаворитімен кездеседі

Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасымен кездеседі. Айта кеткен жөн, бұған дейін Қарағанды қаласында өткен матчта «Сарыарқаның» хоккейшілері «Рубинді» тек буллит сериясында ғана жеңе алды. Сол кезде ресейлік клуб есепті бірінші болып ашқан. Содан үшінші кезеңге дейін есеп өзгермеді. «Сарыарқа» бір ойыншыға кем ойнағанына қарамастан, қақпашынының орнына қосымша хоккейшіні шығарып, матчтың соңғы секундттарында таразы басын теңестіре білді. Сосын буллит сериясында жеңіске жетті. Осы орайда айта кетер жәйт, «Рубиннің» қақпашысы Денис Франскевич өткен айдың үздік ойыншысы болып саналады. Себебі оның шайбаларды тойтару көрсетікіші 96,9 пайызды құраған. Ал екі ойынды ол шотаут, яғни бірде-бір шайбаны жібермей аяқтады. Соған қарағанда, бүг…

0
0
335