Мәңгілікке жасай бер, өркендей бер, гүлдене бер ҚазҰУ-ым!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ - әлем елдері мойындаған, көшбасшы, сапалы білімнің қайнар көзі, білікті кадрларды даярлайтын терең білім мен өнегелі тәрбие ордасы. Иә, бүгінде түлеп ұшқан әрбір түлектің кеудесіне үміт отын сеуіп, жүрегіне жылу ұялатқан ҚазҰУ - не 80 жыл толды. Осынау сеңгірлі сексеннің шыңына шығып, талай биікті бағындырған білім ордасында болашақтың іргетасын берік қалайтын білікті де білімді, жан-жақты мамандар даярланып келеді. Іргетасы 1934 жылы қаланған Әл Фараби атындағы ҚазҰУ баршаның көзайымына айналып үлгерді. Оған дәлел – көз тартар әсем табиғатымен, жанға жайлы жатақханасымен, жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жасақтандырылған оқу корпустарымен, демалыс саябақтарымен айрықша көзге түсетін – ҚазҰУ қалашығы. Расымен де, осындай жан-жақты ресурстармен қамтамасыз еті…