Қазақстанда «жасыл өсімді» ілгерілету жөніндегі жоба аяқталды
2013 ж. 3 желтоқсанда Астана қ. БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазақстан Республикасына «Жасыл өсімді» ілгерілету және Астана бастамасын іске асыру үшін аймақаралық ынтымақтастықты күшейтуге жәрдемдесу» атты бірлескен жобасының (бұдан әрі - Жоба) табысты аяқталуына ұштастырылған «жасыл экономика құру» жөнінде қорытынды конференция өткізілді.
Жобаға Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдері арасындағы экономиканың дәстүрлі моделінен «жасыл өсім» моделіне көшу жобаларын әзірлеу бойынша серіктестікті дамытуға институционалдық жәрдем көрсету арқылы саясаткерлерді «жасыл экономиканы» қолдауды іске асыруға бағыттайтын Қоршаған ортаны қорғау министрлері мен Азия және Тынық мұхит аймақтары елдерін дамыту конференциясында (Астана, 2010 ж.) және Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің «Еуропа үшін қоршаған орта» Пан-Еуропалық Конференциясында (Астана, 2011 ж.) қабылданған Декларацияларды орындау үшін бастамашылық жасалған болатын.
